Шығыс Қазақстанда омарта шаруашылығының негізін салушы Өскемен қамалының коменданты, бригадир Николай Федорович Аршеневский деп есептеледі. 1783 жылы ол өзінің апайы Киев помещигіне арнаған хатында Өскемен маңындағы өсімдіктер дүниесі,
берекелі өлкесі, өзінің ара өсіру ниеті барлығы жайлы жазады. Н. Ф. Аршеневский екі дюжна ара қалыптарын қызмет орнына жеткізуге қолғабыс жасауын, сонымен бірге араларды күту ережелері бар бірнеше дана кітап құрастыруды және бастыруды сұрайды. 1786 жылы Аршеневский ата қонысынан екі дюжна ара қалыптары мен ара ұясы және ара өсіру жайлы нұсқаулықтар бар керуен Өскеменге келіп жетті. Араларды бағып қағумен ата қоныстан келген князь аспазшысы, сарай шаруасы болған Эристова Памфила айналысты. Бұл жазда әрбір қалыптағы ара ұясы жеті рой берді. Генерал Аршеневский өз адамдарына ара ройларын сатуға және әр парынан 25 сом қағаз ақшамен алуға бұйрық берді. Араны көбейту жайлы нұсқаулықты тегін таратты. Аршеневскийдің бастамасын шаруалар қабылдап алды. Ара шаруашылығы тез арада дами бастады. Өскемен қаласында аймақтың омарта шаруашылығы байлығын паш ететін белгі қойылған. Кейіннен Өскемен қаласы Алтайдың рамалы ара шаруашылығының Отанына айналды. Ара шаруашылығының дамуына елеулі үлестерін А. Н. Федоров, Е. П. Михаэлис, А. С. Хахлов, Д. Г. Панкратьев, Т. Д. Копырин, Б. И. Герасимов және тағы басқалар қосты. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан республикадағы басты бал өндіруші өңір болып табылады (жылына барлық мөлшерден 1800-2500 тонна немесе 72% ). Облыста 2010-2015 жылдарға арналған салалық ара шаруашылығын дамыту жобасы қабылданған. Бұл ара шаруашылығын дамытуға, инвестиция тартуға, алтай балының брендін қайта дамыту үшін жағдай туғызады.
Әдебиет:
Асқарұлы, Еркінбек. Атағы алысқа кеткен Алтай балының даңқы [Мәтін] / Е. Асқарұлы // Дидар. - 2009. - 2 шілде.- Б.3.
Алтай балының даңқын қайта оралтар кез келді [Мәтін] // Дидар. - 2009. - 29 қыркүйек.- Б.1,2.
Құрмантайұлы М. Алтай балына - алтын медаль [Мәтін] : [Астанада 20-23 наурыз аралығында қазақстан азық - түлік өндірушілер қоғамының ұйымдастыруымен халықаралық көрме болып өтті. Осы көрмеде Өскемендегі "Айтас омарта орталығы" бал өнімдері "Сладкая сказкка" номинациясы бойынша екі алтын медальді еншілеп шықты] / Құрмантайұлы М. // Дидар. - 2002. - 30 наурыз.- Б.1
Селиханов, Дүйсембай. Бал мен марал Алтай бренді [Мәтін] : сұхбат / Д. Селиханов ; әңгімелеск. О. Елубай // Егемен қазақстан. - 2011. - 30 желтоқсан.- Б.10.
Сарыбаев М. Омарташылық - түркілердің көне кәсібі [Мәтін] / Сарыбаев М. // қазақстан - ZAMAN . - 2008. - 19 маусым (№ 28). - 7