Комсомол ауылы (қазырғы Лесхоз) Өскеменнің іргесіндегі қалалық қоқыс төгетін орынның жанында орналасқан. Бұрын ол жерде Красин поселкесіне дейін созылып жатқан Высоковольтная деген жалғыз ұзын көше болған. Ауылдың атауы белгісіз, жергілікті тұрғындар Высоковольтная 57|57 деп атаған. Сол жерге орман егу-суару станциясының тұңғыш директоры Денисенко Иван Данилович деген адам қоныстанып, бекініс іспеттес кардон салады. Маңайына тағы басқалар келіп қоныстана бастайды. 1968 жылы Ленин комсомолының 50 жылдық мерейтойына орай ауылға «Комсомол» деген ат берілген көрінеді.
Сол ауылдың өсіп, өркендеуіне үлкен үлес қосқан И. Д. Денисенко туралы бірер сөз. И. Денисенко - Ұлы Отан соғысының ардагері, бірнеше орден-медалдардың иегері. Еңбек жолын Катонқарағай орман шаруашылығынан бастаған. Берел орман шаруашылығының, одан Верх-Уба орман шаруашылығын басқарған. Кейін Октябрь орман суару-егу станциясының директоры болған. Соңғы қызмет орны Комсомол ауылымен тығыз байланысты. 1981 жылы зейнеткерлікке шыққан.
(мәлімет сол жердің көне тұрғыны Файна Ивановадан телефон арқылы алынды.
21.02.2017 жыл)