Сонымен қатар жер атаулары этимологиясы сол өлкеде мекендеп, оқыс жағдайдан қайтыс болған адамдарға байланысты да атаулармен аталып кеткен. Оған дәлел, Қазақ елінің шығысында дәлірек айтсақ Шыбарағаш өңіріне алғашқы орыс переселендерінің бірі Фадей дейтін орыс биік қоршау (саты) бекітіп, марал бағып оған жалшы ретінде шөпші, малшы ұстағап шағын ауыл салыпты. Сол Фадейді жаз шыға мүйіз кесу үстінде марал тарпып өлтірген соң оған қарасты шаруашылықты (имениесі) әйеліне қалып, көптеген жылдар соның басқаруында болыпты, былайғы жұрт оның атын ұмыт қалдырып Фадейха ауылын кейде орысшалап имениясы деп атаған. Жылдар өте жергілікті қазақтар көшіп келіп толыққан соң, өздерінің тілдеріне ыңғайлы етіп қазақшылап олар Падике деген ауылдың ірге тасын қалады.
Тоқтар Мағзұмов,
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі,
Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының иегері