kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

AraiБағдарлап қарап отырсақ биыл ауданымызда атап өтілер мерейтойлар көп. Солардың бірі алдағы тамыз айында болатын аудандық «Арай»-«Луч газеттерінің 90 жылдығы. Ол Катонқарағай аудандық атқару комитетінің 1933 жылдың 10 тамызындағы президум отырысының шешімімен мақұлданып «Большевик Алтая» деген атаумен орыс тілінде шығарыла бастаған. Бұл жөніндегі құжаттар Зырян қазіргі Алтай қаласындағы мемлекеттік мұрағатта сақталған. Ал, енді қазақ газетінің тарихына келетін болсақ, орыс тіліндегі «Большевик Алтая» газетімен қатар 1935 жылдан бастап Катонқарағайда «Екпінді Алтай» атты қазақ газеті шығып тұрған. Әуелгіде ол латын әрпімен, 1940 жылдың соңынан бастап орыс қарпімен басыла бастаған. 1937 жылы газет 920 дана таралыммен, айына он рет екі бет болып шыққан.

Тарихы осындай тереңде жатқан, шын мәнінде халықтың үні, ауданымыздың айнасы болған аудандық газетте 51 жыл табан аудармай еңбек етіп келе жатқаныма жұмыр басты пендемін ғой қуанамын әрі мақтанамын.

Қолына қалам ұстаған көптеген замандастарым сияқты менің де журналистикаға деген тартылысым мектептің қабырға газетіне үш- төрт шумақтық балғын өлеңдер мен мектеп, сынып өмірінен хабарлар беруден басталды. Сегізінші сыныпқа келгенімде сынып жетекшіміз, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі марқұм Гүлжиһан Масалимованың таңдауымен қабырға газетінің редколлегия мүшесі болдым. « Мектеп айнасының» ай сайын уақытылы, мазмұнды етіп шығарылуына басшылық жасайтын Гүлжиһан апайымыз редколлегия мүшелеріне тақырып табуға, недей мәселелерге көңіл бөліп, нені көтеру керектігі жөнінде ақыл-кеңестерін беріп, тіл байлығымызға да баса назар аударатын. Неге екендігін әлікүнге білмеймін ұстазымыз көбінде маған сықақ өлеңдер жазуға тапсырма беруші еді. Қай сыныптарда оқитындары есімде жоқ бір күні ол кісі маған С. дейтін ағайынды оқушылардың бірінің сабақ үстінде тыныш отырмайтындығын, үйден әкелген нанын жеп,   жанындағы баланы түрткілеп мазасын алатындығын, ал екіншісінің қыз балаларға тиісіп, аяқтарынан пималарын шешіп алып қыста тоңдыратындығын айтып сықақ өлең жазуға тапсырма берді. Сөйтіп «Мектеп айнасының» келесі санында олардың карикатура суреттерінің астында менің    

С. нан жейсің сен сабақта,

Келудегі мақсатың сол тамақ па?

Басыңда жел, ыржың-ыржың етесің,

Сыныпта емес, отырғандай қонақта,-деп бүркеншек атпен екі-үш шумақтан тұратын өлеңдерім басылды. Осы сынымнан кейін кейіпкерлерімнің қысымына да төздім , дегенмен олардың тәртіптерінде оңды өзгерістер де болды.Бұдан кейін анда-санда аудандық «Еңбек туы» газетіне туған жер, табиғат тақырыптарына жазылған өлеңдерімді Г. Масалимованың түзетулерімен жіберетін болдым. Келешекте бүгінгі жолымды таңдауыма, шығармашылық адамы болып қалыптасуыма дер кезімде ықпалын тигізген ұстазым Гүлжиһан Масалимованың аруағының алдында мен өзімді борышты санаймын.

Әскер қатарында жүрген кезімде де сүйікті газетім «Еңбек туынан» байланысымды үзгенім жоқ. Ол кезде қазіргі сияқты біріктірілген екі ауданның орталығы Большенарым ауылы болатын, газет редакциясы да сонда еді. «Знамя труда», «Еңбек туы» деген аттармен шығатын газеттерге Прохор Александрович Самойлов редакторлық етті. Әкірамхан Мәлғажин қазақ бөлімі бойынша орынбасар болып «Еңбек туына» жауап берді. Оның қарамағында екі аудармашы- Орынбай Тілеуов пен Кәмизә Шағиманова еңбек етті. Солтүстік Теңіз Флотының Филляндиямен шектесетін ең қиыр шетіндегі Гремиха деген шағын аралдан «Еңбек туына» жолдаған өлеңдерім тиісті мекен-жайды адаспай тауып, кейде газеттің күнделікті сандарында, енді бірде   «Әдебиет бетінде» жарияланатын. Өлеңдерім жарияланған газет қиындыларын отбасымдағылар хатпен маған салып тұрды. Сол кездегі кеңестік жүйедегі әділдік мені әлікүнге дейін таң қалдырады. Газетте шыққан өлеңдерім үшін аудандық редакциямен қойылған қаламақыларым (ондай үлкен де емес, небәрі 1,5- 10 сом) темір немесе автомобиль жолдары жоқ қиыр шеттегі шағын аралға келіп қалатын. Атағы менікі болғанымен көбінде қаламақыларымның « қызығын» қарулас достарым, жерлестерім Асылбек Жақпаев, Айдарбек Сарымсақов, Қасымхан Желменовтер көретін.1970 жылдың жаз айларының бірінде әдеттегіден бөлек конвертпен, арнайы тапсырыспен жазылған хат алдым. Ішінен «Еңбек туы» газетінің кезекті бір саны шықты. Оның үшінші бетіне «Жеңешеме» деген көлемді өлеңім басылыпты да оған Орынбай Тілеуов шолу жасап, «Келешекте Жәнібектен үлкен ақын шығады» деп жатып кеп мақтапты да, Ә. Мәлғажин азаматтық борышымды өтегеннен кейін редакцияға қызметке шақырыпты. Адамды арқаландыратын да, өлтіретін де бір ауыз сөз емес пе?. О. Тілеуовтың жақсы бағасы, адандық газет редакторының білдей бір орынбасарының қызметке шақыруы қиялыма қанат бітіріп, арманыма жол ашқандай болды. Сол күннен бастап өзімді журналистік жолға дайындай бастадым. Армия қатарындағы азаматтық борышымды өтеп елге оралсам Катонқарағай жеке аудан болып Большенарымнан бөлініп шығыпты.   Аудандық газеттің редакциясы да қазіргі « Луч»- «Арай» деген атпен ашылған екен.   Екі жыл жырақта жүріп сағынған елім мен жерімді енді қайдан тастап кетейін. Большенарымның редакциясы өз жайына қалды. Жарты ай мөлшерінде демімді алып, сағынышымды басқан соң қызмет сұрап қазіргі Абай, бұрынғы Ленин көшесінің бойындағы (екі қабатты ағаш үйге орналасқан, сексенінші жылдардың аяғында бұзылып кеткен) аудандық редакцияның табалдырығын имене аттадым.

Газет редакторы дөңгелек жүзді, толықша келген, жас мөлшері елудің ішіндегі Қамар Қалиева деген әйел адам екен.Жылы қабылдап, өзім жайында мағлұмат алып, келген шаруамды білгеннен кейін:

   -Бізге әдеби қызметкер керек екені рас.Онда да өлең емес, мақала жазатын адам болса.Жас жігіт екенсің. Меселеңді бірден қайтармайын. Тапсырма беріп, сынап көрейік,-деді дағы қазақ бөліміндегі орынбасары Кенжебек Нұрмұханбетовты шақырып , екеуара келісіп маған еңбек адамы жайлы суреттеме, репортаж және ел өмірінен хабарлар жазып әкелуге тапсырма берді. Сол жерде отырғанда Кенжекең газет жанрлары жайлы қысқаша түсіндіріп, олардың жазылу жолдарын айтты. Араға бір жұма уақыт салып, берген тапсырмаларын өзімше орындап, қолжазбаларыммен редакторға кірдім.К. Нұрмұханбетов екеуі әкелген дүниелерімді оқып шыққан соң Кенжекең тұрып:

– «Тел өскен досым, менің» деген шығармаңды жақсы жазыпсың, суреттеме емес очеркке татиды екен.Репортажда көзіңмен көргендеріңді, қой қырқудағы адамдардың еңбегін, жұмыс жағдайларын жақсы баяндаған екенсің, жарайсың,-деді. Ал, Қамар Қалиқызы болса шығармаларым жайлы ешқандай да ой айтпай:

–Ауылшаруашылығы бөліміне әдеби қызметкер болып қабылдандың. Қазір өтінішіңді жазып, ертең таңертең жұмысқа шық,-деп өз шешімін бірақ қайырды.

Сөйтіп 1972 жылдың 16 маусымы аудандық «Арай» газетіне қызметке келген,   менің өмірімдегі ең бір есте сақталатын тарихи күн болып қалды. Ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі Виктор Петрович Денисов сыртқа сырын онша аша бермейтін, өз пікірі өз ішіндегі адам екен. Көмекшісінің орыстілді болмағанына іштей келіспеседе редактордан асып қайда барсын, қолымды қысып құтттықтаған болды. Ал, редактордың орыс бөліміндегі бәкене бойлы,толық келген егде жастағы орынбасары Дмитрии Васильевич Вагайцев болса оған мінез жағынан қарама-қарсы болып көрінді. Қамар Қалиқызы мені әкеліп таныстырғанда төрде отырған орынын ұшып тұрып, қос қолын ұсынып, балаша елпілдеді де қалды. Ол екеуімен бір кабинетте отырған әдеміше келген жас келіншек, Душанбе қаласының Мемлекеттік университетінің филология факультетін орыс тілінде бітірген Гүлбану Құсманова газеттің хаттар бөлімінің меңгерушісі екен. Берел ауылының тумасы ол екі тілде жақсы сөйлегенмен мақалаларды тек орысша жазатын болып шықты.

   Өзімнің қалауыммен мен газеттің қазақ тіліндегі аударма бөлімінен орын алдым. Бір кабинетте Кенжекең , Орынбай және Кәмизә Шағиманова апаймен төртеуіміз отырамыз. Катонқарағай қайта аудан болып ашылғанда соңғы екеуі Большенарым редакциясындағы аудармашы жұмыстарын тастап, «Арайға» ауысып келіпті. 1962 жылы екі аудан біріктірілгенде шығармашылық жұмысынан босаса да Катонқарағайдан табан көтермеген К. Нұрмұханбетов ағамыз тоғыз жыл совхоздарда әртүрлі партиялық қызметтерде болып, қайта қайтарылған ауданды тосып алған екен. «Жылқы кісінескенше, ер сөйлескенше» демей ме?. Өлеңдеріме шолу жасап, журналистік жолға түсуіме бір қадам болсын жақындатқан , замандасым Орынбаймен тез арада жақсы дос, сырлас болып кеттім. Алғашқы кезде жазған мақалаларым мен өлеңдерімді ең алдымен оған көрсетіп түзеттіріп, одан кейін ғана К.Нұрмұханбетовке не болмаса Қамар Қалиеваға апарып беріп жүрдім. Ана тіліне өте бай Орекеңнің қолына қалам алып суреттеме не очерк жазып отырғанын көрмеппін. Машинка басатын Кеңесжан Чайзадинаның жанына отырып алып, аударма жасап отырғандай шығармаларын жатқа айтып жаздыратын. Орекең көп жағдайда жауапты хатшының да жұмысын істеді. Мерекелік немесе байқауға жіберілетін газет номерлерінің макеттерін (орысша, қазақша) редакторымыз текқана О. Тілеуовке жасаттыратын. Д. Вагайцев пен В. Денисовтың еңбекқорлығы, тақырып табу мен оперативтіліктері мені қызықтыратын. Катонқарағайға дейін республиканың әр түкпіріндегі аудандық, қалалық газеттерде қызмет еткен Дмитрий Васильевич бірде редактордың орынбасары, енді бірде хаттар бөлімінің меңгерушісі болып зейнет жасына шыққанша жұмыс жасады.Анда -санда тәртіп бұзып, сонысы үшін жазаланатыны болмаса ол таптырмайтын маман- журналист еді. Дмитрии Васильевич әсіресе фельетон жанрында «қамшы салдырмайтын» жүйрік, ел мен жер тарихына терең бойлауға өте шебер болатын. Зырян мен Өскемен қалаларындағы мұражайларда таныстары көп ол Катонқарағайдың тарихы, оның топырағынан шыққан танымал тұлғалар жайында көп мақалалар беретін. Әсіресе ол Мәскеу қаласында тұратын, Чернова ауылының тумасы, генерал-мойор Иван Василивич Копыловпен , Зырянның мұрағатының қызметкерлері Шуваевпен жақсы қарым- қатынаста болды. Дмитрии Васильевичтің бір басына жететін қулығы да бар еді. «Босап» кеткен кездерінде жұмыста отырғандығының белгісі етіп столына көзәйтегін, киім ілгішке куртешесі мен шляпасын әдейілеп қалдырып кететін. Мұнысын көп уақытқа дейін Қ. Қалиева білмей келді.

Катонқарағайда редакция ашылысымен жұмысқа келген Виктор Петрович Денисовты біз редакцияның «қара нары» көретінбіз. Іссапарға шығып келгені болмаса ол күнібойы жазу столынан тұрмай, корреспонденцияларды төпеп жаза беретін. Сексенінші жылдары ол аудандық партия комитетінің ұйғарымымен аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушілігіне ауысты.Оның орнына Алматы қаласындағы Қазақ Мемлекеттің университетінің журналистика факультетін бітіріп, оқу орнының жолдамасымен келген Людмила Скрипченко екі жыл жақсы қызмет істеді. Үнемі көңілді жүретін, жастық жалынмен, шығармашылықпен еңбек еткен ол газетке көп өзгерістерді ала келді. Людмиланың ұсынысымен газет жанырлары мен стилі жиі өзгертіліп, тақырыптық беттер жиі шығарылды.

Одан кейін аудандық газетке ауылшаруашылығы бөлімінің меңгерушісі құтаймады. Облыстың әрбір жерінен: Самардан, Зыряннан, Тавриядан келген В. Нечаев, А. Атмахов, А. Казанцев т.б. «тентек суға» әуес болғандықтан қызметте тұрақтай алмады. Сондай кездерде ауылшаруашылығы бөлімінің жұмыстарын әдеби қызметкер болып отырған мен уақытша жүргіздім. Өйткені, «Луч» жетекші газет болғандықтан оның бөлімдерін орыс тілінде жазатын журналистер басқаруы керек болды. 1989 жылы «Арай» жетекші газет дәрежесіне ие болғаннан кейін ғана бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, редактордың орынбасары орындары маған, ұзақ уақыттан бері аудармашы болып келген Жігер Рахымжанов бауырымызға хаттар бөлімінің меңгерушілігі міндеті бұйырды.

       Аудандық газетте табан аудармай қызмет істеп кележатқан жылдарымда жоғарыда есімдері аталған әріптестерімнен басқа да көптеген азаматтармен, азаматшалармен қызметтес, жақсы дос та болдым. Солардың ішінде жазушы-журналист Қайырды Назырбаев, марқұм Мұратбек Қабимолдин мен фототілші Дәулетхан Тоқсанбаевты ерекше атап өтер едім. Қ. Назырбаевпен менің достығым өзім газетке келген 1972 жылдан басталады. Бұл кезде ол аудандық радиода бас редактор болып қызмет істейтін. Радиоға материялдарымды апара жүріп, балдызы Орынбаймен бірге пәтер үйіне бара жүріп бірден аралас -құралас болып, жақсы дос болып кеттім. 1980 жылы ол басқа жаққа қоныс аударған К. Нұрмұханбетовтың орнына редактордың орынбасары болып «Арайға» келді де 1990 жылы редактордың орынтағына отырып екі аудан екінші рет қосылғанға дейін осы міндетті атқарды.

Марқұм Мұратбек Қабимолдин журналистикаға мұғалімдіктен келді.. Мұратбек өте тез, әрі өткір жазатын қаламгер еді. Сол кезде оның қаламынан туған «Катон занята», «Қайда көштің, Қаратай?» сияқты мақалалары әлікүнге катонқарағайлық оқырмандардың есінде.

Тоқсаныншы жылдардың орта тұсында ол Большенарымға қоныс аударып мұнда да газетте тілші, одан кейін редактор болды.

Зейнеткерлікке шыққан Қамар Қалиева мен Қайырды Назырбаевтың аралығындағы жеті жылда төрт редактор- Жәнсап Жанғозин, Рахметолда Өскенбаев, Әділбек Құмарғажин, Гүлбану Құсманова редакцияны басқарды. Төртеуінің мінез-құлықтары, қарым-қабілеттері, ұжымды басқару тәсілдері әртүрлі болатын. Ж. Жанғозин тынымсыз, ұшқалақ, айтқанын тез ұмытып кететін, ешкімге онша сене бермейтін басшы болса, Р. Өскенбаев өте салмақты да сабырлы еді. Бұрын газетте істеп көрмеген, редакцияға аудандық партия комитетінен келген оның номерге қойылған материялдарды оқып, газетке қол қоюдан басқада жұмысы болған жоқ.   Көп жыл газетте фототілші болып істеген, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Михаилович Биньковский сәл нәрсеге өкпелеп бұртиып қалатын бала мінезді адам еді. Денесінің ауырлығына, денсаулығының нашарлығына қарамай іссапарларға жиі-жиі шығып жүре беретін. Сол кезде ол кісінің табанының ізі түспеген елдімекен Жоғарыкатон мен «Рахман қайнары» шипажайының аралығында қалған жоқ. «Арай»-«Луч» газеттерінің уақытында, сапалы шығып тұруына біраз жыл әдеби қызметкер болып істеген Мергүл Қайдарова, корректорлар Амангелді Қаныбекова, Бағлан Қабдрғалиева, Сағира Можановалар да зор үлестерін қосты. Түннің бір шамасында, кейде таңғы алтыларда газетті басуға қол қойылып жүрсе де түске дейін демдерін алып түстен кейін өз жұмыс орындарында отыратын. Мұндай жауапкершілік бүкіл ұжымда да болды. Және соның арқасында ғана газеттер аптасына үш реттен, уақытынан кешіктірілмей шығып отырды.

Аудандық баспахананың директоры Социал Ысқақұлы осы Катонқарағай өңірінің тумасы еді. Еңбек жолын аудандық баспаханада моторист, баспашы болып бастаған ол жігерін жанып, тәжірибесін ұштай жүре баспахананың директорына дейінгі жолдан жүріп өтіп, бұл қызметті табан аудармай ширек ғасырдан астам уақыт мінсіз атқарды. Төс қалтасында автолқаламмен бірге бұрауыш (отвертка) жүретін ол басшымын деп шіренбейтін. Әріп теретін, газет басатын машиналар бұзылып тұрып қалса білегін сыбанып тастап өзі жөндеуге кірісіп кететін.Баспашы болмай қалған кезде газетті де басып, линотипке қажетті металды да өзі балқытып, қажетті формаға құйып шығаратын. Ақаулары күрделі, немесе қосымша бөлшектері табылмаған жағдайда ғана облыстағы полиграфия бірлестігіне телефон шалып шеберлерді шақыртатын. Бүкіл ғұмырын аудандық баспа ісіне арнаған Социал Ысқақұлы Күмпейсовтың есімі аудандық газеттің шежіресінде үлкен әріппен жазылып қалды. Ол Уәшкен Маусымбаева, Зейнеп Мұқатаева, Нұрғайни Дүсіпова, Бақты Бекенева сияқты тәжірибелі полиграфистермен ұзақ жыл бірге еңбек етті. Сондай-ақ жергілікті жерден Кәмшат Аманғұлова, Гаухар Бөленханова, Бағизат Оқапова, Бәзирә Бөгістанова, Бекен Емілбаев, Бекен Уәлиев сияқты жастарды да жұмысқа тартып білікті маман етіп шығарды.Міне, осындай басшылардың іскерлігі, журналистердің шығармашылықпен еңбек етуінің арқасында «Арай»-«Луч» газеттері аудандық және қалалық газеттердің арасында өткізілген М.И. Ульянова атындағы Бүкілодақтық байқауда екі рет жеңімпаз атанып КСРО Журналистері Одағының   сыйлықтарын иеленді.  

Биылғы қыркүйек айында күллі алаш жұртының мақтанына айналған сөз зергері, жерлесіміз Оралхан Бөкейдің туғанына да сексен жыл толады. Меніңше осы қос мерекенің сәйкес келуі де кездейсоқ емес. Оралхан публицистикадағы алғашқы қадамын да,үлкен әдебиетке барар дайындығын да осы аудандық газеттен бастады. Ауданымыздың баспасөзінің шежіресінде үлкен орыны бар,бүгінде марқұм болып кеткен ағамыз Сейтзада Ластаев:

–Оралханды аудандық газетке мен әкеліп баулып едім. Большенарымда үйімде тұрып «Еңбек туында» ең алдымен корректор, одан кейін әдеби қызметкер болды. Алғашқы көркем шығармасы-бір атақты шопан жайында жазған шағын суреттемесі еді. Оны мен басынан аяғына дейін түзетіп қайта қолына ұстатқанмын. Содан бастап ол көп оқыды, көп ізденді. Бәлкім, оның суреткер болуына да осыным ықпал еткен шығар-,дейтін.

     О. Бөкейдің Зәкеңді қандай жағдайда болсын бек құрметтеп, өмірінің соңына дейін онымен арақатынасын үзбегенін мен де сырттай көріп жүрдім. Алматыдан ауылға демалуға келгенде ең алдымен Задаш ағамызға барып сәлем беріп, одан кейін «Арай» газетінің редакциясындағы журналистермен кездесетін. Сол кездерде аудандық газет жайында аса бір ыстық сезіммен әңгімелеп, оның жұмысының аса қиындығы, сол қиындыққа қайыспай төзіп жүрген жергілікті қаламгерлер еңбегі қандай сый-құрметке де лайық екендігін айтып көңілімізді бір көтеріп тастайтын.

«Асыл пышақ қап түбінде жатпайды». Атаның қанымен, ананың ақ сүтімен бойына дарыған туа бітті талантымен Орекең бәрібір бір жерден «жарып шығар» еді. Әйтседе оған шығармашылыққа келуіне аудандық газеттің үлкен ықпалы, көмегі болғаны анық. Жалпы алғанда Катонқарағайдың аудандық газеті өзінің тоқсан жылдық тарихында бір ғана Оралханға ғана емес оннан астам қаламгерге көркем әдебиетке жолдама берді. Олардың ішінде Дидахмет Әшімханов, Смағұл Елубаев сынды есімдері алты алашқа кеңінен танымал болған жазушылар бар. Бұл екеуі әр жылдарда «Арайда» қызмет істесе Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының иегері Әлібек Асқаров сонау Алматыда жүріп алғашқы әңгімелерін осы газетте жариялап, қаламын ұштап, оқырмандарына танылды.

Журналистиканы өзіне өмірлік азық етіп, облыстық республикалық газеттер мен телевидениелерде тер төккен Әділбек Құмарғажин,Мира Алипина, Ақеділ Тойшанұлы, Қарлығаш Исина, Роза Құмарғажина, марқұм болып кеткен Анатолий Серебрянников тағы басқалар   шығармашылықтарын осы аудандық газетте жас тілшіліктен бастап,кейіннен әр жылдарда әдеби қызметкер, бөлім меңгерушілері болып қызмет те істеген болатын. Әсіресе өзіндік жазу стилімен, қоғамдағы ең көкейкесті мәселелерді өзгелерден бұрын көріп, уақытында көтере білген Әділбек Құмарғажин, Анатолий Серебрянников пен Мира Алипинова қалың оқырмандардың құрметіне ерте бөленіп,қызметтерінде де тез жоғарлады. Міне, осының өзі «Арай»- «Луч» газеттерінің ауданға, облысқа, республикаға,танымал болып жүрген катонқарағайлық қаламгерлердің қалыптасу,шыңдалу, толысу мектебі болғандығын айғақтайды.

Соңғы жиырма бес жылда аудандық газеттің өмірінде көп өзгерістер, қиын жағдайлар болды. Дегенмен газет өзі қиналса да оқырмандарын рухани жағынан жүдеткен де, ашықтырған да емес. Ол үнемі қарапайым халықпен бірге біте қайнап өзінің міндетін адал атқарып келді, бұдан былайғы уақытта да атқара бермек.

Жәнібек Қызыр, Жазушылар және

Журналистер одақтарының мүшесі

Өлкетанушы.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений