kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

SerikkazyБіздің Төр Алтай табиғат байлығымен ғана емес, талантты адамдарымен де алты алашқа танымал. Небір талантты шығыстың мақтанышы боларлық ел азаматтары баршылық.

Қазақ тарихында өз қаржысымен Отанға ұшақ сыйлаған адам Қажымұқан Мұңайтпасов екенін әркім біледі. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдар атақты палуан Қажымұқан Мұңайтпасов мемлекеттік қорғаныс комитетіне жазған хатында өз өнерін көрсетіп одан түскен 100 000 сом (ол кезде қыруар ақша) қаржыға ұшақ жасау туралы өтініш білдірген екен. Ұшақ 1944 жылы күзде дайын болып, соғыс барысында 100 000-нан аса әскери тапсырма орындаған. 1945 жылы 24 маусымда Мәскеу қаласында өткен Жеңіс шеруіне қатысып, Қажымұқан ұшағы да әуеге көтеріліпті. Ұшақ жасауға қаржы бергені үшін Қажымұқан Сталиннен алғыс хат алған. Ал екінші ұшақты сыйлаған қытайдағы қазақтан шыққан жомарт жан – Басбай Шолақұлы. Ол Шыңжан өлкесі Тарбағатай аймағының тұңғыш уәлиі болған адам. Басбай Шолақұлы Америкаға қарсы тұрып, Кореяда тұтанған соғысқа дəл осылай əуе кемесін тарту еткен екен. Шыңжан газетінің 1-51 жылы 9 айдың 18 күнгі санында «Тарбағатай аймағының уәлиі Басбай Шолақұлы Америкаға қарсы тұрып Чаушянға көмек беру науқаны кезінде 10 000 бас қой, бір соғыс ұшағын берді.» - деп жазады.

Міне осы мәрттік 50 жыл өткенде қазақ даласында қайта жаңғырды. 2001 жылы Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай екі бірдей ұшақ сыйлаған Бәсбай Шолақұлының ұрпағы Серікқазы Қайырлыұлы туралы не білеміз?

Серікқазы Қайырлыұлы Құрманғали 1965 жылы Тарбағатай ауданы Тұғыл кентінде туған. 1982 жылы Тұғыл кентіндегі А.С. Макаренко атындағы орта мектепті бітіріп, Өскеменге барады. Алдымен ДОСААФ-та (əскерге шақырылатындарды дайындайтын қоғамдық ұйым) староста болды. Сосын Украина (стратегиялық мақсаттағы ракеталық əскер) жерінде Кеңес əскері қатарын толықтырып, өмірдің жаңа бір белесін бағындырады.

1985-87 жылдарды әскери борышын өтеп, Өскеменге оралды. Екі қолға бір жұмыс, жиырма беске толмаған жігерлі жас жігіт қандай жұмыс болса да әзір еді. Əр ұйымның 

Samolet11есігін қағып жүріп "КЭМОНТ" мекемесіне тоқталды. Тапсырманы тап-тұйнақтай етіп орындайтын тұғылдық азамат Ресей мен Қытай шаһарларын аралап, Шығыс топырағына тұңғыш электр жабдықтарын тасымалдай жүріп, талай қауіпті сапарларды бастан өткізді. 90- жылдардың талай қатерлі жолдарын артқа тастап, інісі Болатхан Қайырлыұлы екеуі тапқан таянғанын ұшақ жасауға жұмсапты. Одақтың тараған кезі, қаржы мәселесі өте қиын еді. Бірақ ойға алған арманы жүзеге асыру үшін Серікқазы көп еңбек етті. ДОСААФ өкілдерімен бірлесе отырып, «ұшақ жасау» идеясын талқылады. Ұшаққа «Тойота Калдина» жеңіл көлігінің моторын салып, басқа детальдарын автокөлік пен бланиктен алды. Ал ұшақты патенттеу оңайға соққан жоқ. О баста рұқсат берген институт өкілдері алғашқы ұшақты «өте жақсы» деп бағалады. Екінші ұшаққа қарағанда тұңғыш әуе кемесі үздік деп бағаланды. Артына екі балка қойылғандықта таулы аймақта қонуға ыңғайлы әрі төзімді. Ал екінші ұшаққа жұмсалған қаржы көбірек, әрі ұшақтың салмағы ауыр болып шықты. Дегенмен екеуінің де салмағы 500 кг аспайтын. Бір қызығы Серікқазы да, Болатхан да және екі құрастырушысымен бірлесе бастаманы аяқтағанмен өздері ұшаққа отырып көрмепті. Идея авторлары бекітілген заңға сәйкес, өздерінің ұщаққа отырып, көкке көтерілуіне немесе оталдырып көрулеріне болмайды екен. Тек інісі екеуі «Қарлығаш» деп ат қойған ұшаққа кезектесіп отырып суретке түсіпті. (суретте) 2000 жылы ұшақ дайын болған кезде сынақтан өткізетін аэродром табылмай, қиналған кездер де болды. Биліктегілерден қолдау таппай, дайын ұшақты ұшыра алмай көп әуреге түсіп, ақыры жер бедерін грейдермен тегістеп, сынақтан өткізеді.

Samolet56Ағайындылар ұшақ жеңіл де қолайлы болу үшін қажетті материалдарды Мәскеу мен Томск қалаларынан тасыған. Новосібір қаласындағы СИБНИИА авиация серитфикат беру орнымен 3 жыл жұмыс жасады.Серікқазы інісі Болатхан екеуі өз қалталарынан қаражат шығара отырып, ұшақты құрастырып шығарды, Әрина басқа азаматтардың да көмегі болды. Ұшақты сынау барысында ұшқыш – сынақшы А.А. Нетунаев,  Новосібірден келген екі инженер маневрға қатысып, «өте жақсы ұшақ» деген баға беріпті. Сөйтіп Өскеменнің аспанында алғаш рет қазақ құрастырған «Қарлығаш» атты ұшақ әуеге көтерілді. Мұндай жеңіл ұшақ Қазақстанға өте қажет, жастарды оқыту, тәрбиелеу, әскерге дайындау және спорт, ауыл шаруашылығына тағы басқа салаларға пайдалануға тиімді болар еді. Тәуелсіз Қазақстанның әуеге көтерілген тұңғыш ұшағы «Қарлығаш» жаңа ғасырда ТМД елдерін елең еткізер жаңалық болғаны рас.

Бұл ұшақпен Өскеменнен Тарбағатайдың аудан орталығына бір жарым сағатта жетуге болатын. Өкінішке орай СерікқазыныңNagrada.jpg бастамасы қолдау таппады. Бүгінде қорада сақталып тұрған ұшақты қайта қалыпқа келтіріп, діттеген жеріне жеткізу үшін қомақты қаржы (кемі бес миллион теңге) қажет. Жанарынан жалыны қайтпаған, алайда қолдау таппаған өнертапқыш жігіт бүгінде Өскемен қаласында тұрады. Қолдау танытып, мүмкіндік берсе ТМД көлемінде баламасы жоқ мұнаралы крандарды да құрастыра алады. Серікқазы Қайырлыұлының айтуынша, тым құрығанда осы жағынан демеу болса облыс, республика көлемінде талай жұмыс орны ашылған болар еді! Бұл қара бастың ғана қамы емес, тәуелсіз елдің еркін ұрпағының да қамы! Тәуелсіз Қазақстанның елім, жерім деп еңіреген талантты ұлдары туралы сіздер де біле жүріңіздер!

29 мамыр 2024 жылы Мемлекет басшысы Қ-Ж. Кемелұлы Тоқаевтың "Адал адам - адал еңбек - адал табыс" атты бағдарламалық мақаласын қоғамға кеңінен насихаттау мақсатында Астана қаласында өткен "Әділетті Қазақстанның тірегі - адал азаматтар" атты республикалық форумында Серікқазы мырза "Алтын жұлдыз" төсбелгісімен марапатталды.

Құрастырған: Слямова Зиза Мұхқтарханқызы, Мәдениет саласының үздігі

Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 

Есімханов Ә. Көкке көтерілген қазақтың «Қарлығашы». Тарбағатайлық Серікқазы, Болатхан Қайырлыұлдарыел тәуелсіздігіне екі ұшақ сыйлағар азаматтар. - Менің өлкем.- 2022. 20 қаңтар.- Б. 7.

Интернет:

Ел тәуелсіздігіне екі ұшақ сыйлаған қазақ кім. . . https://www.6alash.kz/kz/article/el-tauelsizdigine-eki-ushaq-siylagan-qazaq-kim-.html

 serikkazy nagrada 8 nagrady

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений