РОЩИН ЛЕВ МИХАЙЛОВИЧ
1922-1958
Өскемен қаласында қызметкер отбасында дүниеге келген. Соғыс Лев Михайлович әскери ұшқыштар мектебінде нұсқаушы болып жүргенінде басталды. Ұшқыш, кейінірек командир болған ол түрлі майданда жауды батыл түрде жеңіп отырған.
Соғыс жылдарында Лев Михайлович Рощин 600-ге жуық жауынгерлік ұшуды жоғары шеберлік, тамаша жауынгерлік дағды, батылдық әрі тапқырлықпен атқарды. Міне, аға лейтенант Рощиннің жеке жауынгерлік парағынан: «1941 жылдың 15 желтоқсанынан 1944 жылдың 15 қыркүйегіне дейін ол жаудың 31 танкі мен 137 көлігін, 59 дала арторудиясын жойып, зақымдады, 43 зениттік нүктеге оқ жаудырды, 29 дзотты қиратты, 3 паровоз бен 37 теміржол вагонын өртеп жіберді, жер бетінде мыңнан астам сарбаздар мен офицерлерді жойды, әуе шайқастарында 13 ұшақтың көзін жойған». КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 26 қазандағы Жарлығымен Л.М. Рощинге Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Соғыстан кейін Лев Михайлович өзінің білімі мен тәжірибесін жас авиаторларға берді. 1958 жылы ақпанда полковник Л. М. Рощин қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапты.
1965 жылы 3-ші Набережная көшесі Рощин атындағы көше болып өзгертілді.
____________________________________________
Мұрағат мәліметтері
Решение облисполкома о переименовании улиц г.Усть-Каменогорска (ф.176, оп.3, д.2178, л.53)
Документы (наградные листы, воспоминания, статьи, фотографии) на Героя Советского Союза Л.М.Рощина (ф.809, по.1, д.192; ф.753, оп.1, д.42; ф.2866-п, оп.1, д.395)
«Бесстрашные», Алма-Ата, 1964. Брошюра о Героях Советского Союза – восточноказахстанцах. (ф.50, оп.1, д.1)