ПАХОМОВ ХРИСАНФ МЕРКУРЬЕВИЧ
1884-1932
Пахомов Хрисанф Меркурьевич – Шығыс Қазақстан облысында Кеңес өкіметін орнатуға және белобандиттерге қарсы күреске белсенді қатысушы. Смоленск губерниясында шаруа отбасында дүниеге келген. 1918 жылы Пахомовтар отбасы Қазақстанға қоныс аударады. 20-шы жылдардың соңында Х.М. Пахомов Чернова ауылында жерді бірлесіп өңдеу бойынша серіктестік – «Красный партизан» ТОЗ, содан кейін колхоз ұйымдастырып, оның төрағасы болады. Ұжымдастыру қатал күреспен өтті. 1932 жылдың қыркүйегінде өз тобымен бірге кулак бандасын қуып, өте қатты жараланады.
1986 жылы Банный тұйық көшесі Х.М. Пахомов атындағы тұйық көше болып өзгертілді.
__________________________________
Мұрағат мәліметтері
Өскемен қаласының көшелерін қайта атау туралы облыстық атқару комитетінің шешімі (ф.1, оп.3, д.2152, л.25; ф.176, оп.3, д.2178, л.53)