ӘУЕЗОВ МҰХТАР ОМАРХАНҰЛЫ
1897-1961
Мұхтар Омарханұлы Әуезов – көрнекті жазушы, ғалым және қоғам қайраткері, Ленин және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты.
Мұхтар Әуезов Семей облысында, қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дүниеге келген.
М. О. Әуезов – көпұлтты мәдениеттің мақтанышы, оның шығармашылығы ауқымы бір республика көлемінен асып түседі, ол бүкіл адамзаттың игілігіне айналды. Жазушы ірі прозалық шығармалар, ондаған повестер, әңгімелер, отызға жуық пьесалар жазды. М. Әуезов көптеген әдеби монографиялардың, әдебиет оқулықтарының авторы. Ол ел оқырмандарын қазақ халқының сан алуандығымен таныстырды. Оның «Абай жолы» романы - халықтың өмірін, тұрмысын, тұрмыс-тіршілігін терең танытады.
КСРО Жазушылар одағы басқармасы президиумының, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі кеңес комитетінің мүшесі, Мәскеу мемлекеттік университетінің профессоры М. Әуезов халықаралық форумдарда елімізді таныта білді.
1997 жылы Краснооктябрьская көшесі Әуезов даңғылы деп атала бастады, Өскемен қаласының № 17 орта мектебіне көрнекті қазақ жазушысы және ағартушысының 100 жылдығына байланысты оның есімі берілді.
___________________________________________
Мұрағат мәліметтері
Өскемен қаласының көшелерін қайта атау туралы Өскемен қаласы әкімінің шешімі (ф.296, оп.1, д.267, л.78)
М.О.Әуезовтің туғанына 90 жыл толуына арналған мақалалар (ф. 50, оп.1, д. 597)