kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ел өскен Қызылсу – Шар арасында,

Кім айтар тапшы екен деп суға, сірә.

Егіні шалқып өсер, шөбі шалғын,

Табиғат елге берген бағы ерекше.

Қалба тауының шығыс өребиіктері – Сынтас, Балажал, Толағай, Байбура, Даубай қойнауындағы мыңдаған бастау, бұлақ, өзеншелерден құралып, Кеңтарлау (Николаевка) елді мекенінен өткен соң бір білеу болыпShur su ағып, Шар өзені аталып, Ертіске қосылып, Солтүстік мұзды мұхитқа құйып келгелі қаншама ғасыр, қаншама ұрпақ өзен жағалап өзегі талмай өмір өткізді. Жер біздің ең сүйікті анамыз, киелі тіршіліктің де анасы болса, оның өн бойына нәр беретін қан тамыры су екені аян. Бүгінде суға деген сұраныс, су төңірегіндегі дау, талас-тартыстың ауыл-ауыл, тіпті, мемлекеттер арасында ушығып отырғаны алаңдатуда.

Қазақ жерін өз отарына айландырған патша өкіметі қазақ халқын өзен бойынан отыз-қырық шақырым сусыз далаға көшіріп, өзен бойына келімсектерді қо­ныстандырды. Жарма ауданына қарас­ты Шар өзені бойында Марияновка (Был­қылдақ), Николаевка (Кеңтарлау), Те­рен­тевка (Қаратөбе), Вазнасеновка, Тройцк (Үкілі), Таубиік (Ұзынжал) атты орыс поселкелері пайда болып, егін егіп, өзеннен балық аулады. Ресей патшасы XIX ғасырдың өзінде қара топырақты бұл өлкеден қалауынша мол пайда көру үшін бүгінге дейін ізі сақталған «Царский канал» деп аталып кеткен Шардан канал қаздырып, бұрынғы «Рассвет» колхозы аумағымен Арасан көлінің шығысынан өткізіп, Ақдала атанған жазыққа Шар суын пайдаланған. Тың игеруді ұран етіп, қазақ даласын мейлінше жыртып бүлдір­ген кеңестік билік, КПСС-тің 24 сьезі 9-бесжылдықтағы жоспарына сәйкес, Семей облысы Жарма ауданында егін мен шөптен мал азық молшылығын жасау үшін Шар су қоймасын салуды бастады. Бұл үшін тау жынысының мықты қабаты «Исабек» бекеті аталған Қармұрын жартасты биігі мен қарсы беті Кесікбай қыстағына өтетін тасты қырат ортасындағы тар қысаңнан ағып өтетін жерден Шар өзенін бөгеді. 80 млн текше метр су сақтайтын жасанды су қоры ел игілігіне айналды. Бұл жерде тау жыныстарының геологиялық мықтылығы барланып, жете зерттелді. Тәжірибелі құрылыс инженерлері мен құрылысшылар арасында Іле өзенінде Қапшағай ГЭС-ін салуға қатысқандар болды. Өзен арна­сын орман-тоғайдан тазарту, 58-ден ар­тық ұзақ жыл болған қабірс­тандарды бетон­дау мен таяу жылдарда жерленген зират­тардағы мүрделерді көшіріп жер­леу, өзен алқа­бындағы ұзындығы 10 шақырымға созылған ГЭС электр желісін сыртқа, яғни арнадан шығару жұмыстары істелді.

Өзен қимасының ұзындығы 800 метр­ден артық, биіктігі 51 метр болып, платинаның су ағар астыңғы аузы терең­нен мықты арматуралармен бетондалып, тоқ күшімен жоғары-төмен көтеріліп, су жіберіп тұрады. Көк­тем­де су деңгейі көтерілгенде ағып шығатын жартасты канал арнасы жасалды. Құрылысты сапалы жүргізіп, болашақта аман сақталуы үшін, платина үстінде күзетші үйімен 10 отбасылық тұрғын үй салынды. Төрт жылға созылған құрылыс үшін 50 орындық асхана, жылы вагон үйлер пайдаланылды, монша салынды. Құрылыстың шыдамдылығы үшін жоғары сапалы цемент қоспалары жұмсалды. Үш бетондау цемент зауыты жұмыс істеп, өзен тағанындағы жұмыс­тар үшін машина-техника жолдары салынды. Қыстың қаталдығына қарамай жұмыс тоқтаусыз жүрді. Алып крандар мен қуатты техникалар жұмыс істеді.

Біздің Ортабұлақ орталау мектебінің оқушылары өз өлкесіндегі ірі құрылысты қызықтап кездесулер өткізіп отырды.

15 млн текше метр жер бетондалып, 3 млн сом жұмсалды. Платинаның қауіпсіздігі мен беріктігіне кепілдік бе­ріліп, мемлекеттік құрылыс комиссиясы өткізіп алып, сол кездегі екі ау­дан – Жарма мен Шардың игілігі үшін пайдалануға берілді. Мол сулы су қоймасы – Шар Қазақстан картасы­нан орын алды. Кіші теңіз пайда болды. Аққу, қаз құстар мекеніне айналды. Жағажай қалыптасып, Алматы-Шығыс авто жолы бойында дәмханалар жұмыс істеп, жолаушыларға туристік көтеріңкі демалыс көңіл күй сыйлады. Шар су қоймасынан «Семипалатинск водострой» тресінің құрылысшылары «Ақтоған каналының 22 шақырым ұзындықтағы бетондалған ағысы жылдам 30 мың гектардан астам шабындық пен егісті суландырып, өнім түсімін екі есе арттыруға көмектесіп, еңбек ұжымы 2 млн 300 мың сом қаржыны игеріп, 9 мың блокты 12 мың текше метр бетонды канал қабырғасы мен тағанына төседі.

Мұнымен қоса Шар су қоймасының мол суынан екі аудан егіс-шабындық үшін, колхоздар мен совхоздарға №71 механикаландырған жылжымалы ко­лон­на­ның ұжымы канал құрылысына қатысып, секундына кедергісіз 16 текше метр су беріп, 14 мың гектар суармалы жерге нәр берді және 11 мың гектар жерді көлдетіп суарды. Құрамында 18 адамы бар бұл №71 механикаландырылған жылжымалы колонна коллективі ең қиын учаскеде 160-пикеттен 171-ші пикет аралығында жұмыс істеді.

Шар су қоймасынан ағып шыққан мол су «Орымбай» елді мекені тұсындағы каналдар арқылы бөлініп, бірі бұрынғы Рассвет колхозының егіс аумағы Ақдала мен аудан орталығы Қалбатау маңындағы суармалы жерлерді қамтамасыз етсе, енді бірі Бұрлыағаш елді мекенінің қасынан салынған Ақтоған каналы деп аталатын су арнасы мен бұрынғы Люговой және Шар сов­хозы және Көшектің шөп, егін алқабынан мол өнім алуға кепілдік беретін-ді.

Ал қазір ауданның құнарлы егін-көк­өніс шабындық алқабы жекешелер мен шаруа қожалықтарының қолы­на өткен. Жермен жұмыс істеу бол­ма­ғандықтан, игерілмеген жер, пайдаланыл­маған су еңіреген жетімдей мұң шағады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мәселе жерге ие болуда емес, оны ұқсата, игере білуде екенін атап көрсетті. Жерді игерушілерге беру керек екенін, оны кешіктіруге болмайтынын да қадап айтты. Жер мен су – тіршіліктің анасы, ел байлығының қайнары. Су мен жерге деген сұраныс мемлекеттің өзекті күн тәртібіне айналып отырғанда, байғамдық, керенаулық жайбарақаттылыққа салы­нуға орын болмас.

«Шар су қоймасы апатты жағдайда», деген желеумен су қоймасы ағытылып, жөндеу жұмысы сылбыр қимылмен, ұзаққа – төрт жылға созылды. 80 млн текше метр көгілдір айдын, көп жылдан бері өскен балық, құс базары мен халық демалатын көрікті жағажай әсем көрінісінен айрылды. Иә, әлі де су қоймасы суға толар-ау, бірақ бардың қадірін біліп, сол суды дайын арық, каналдар арқылы егіске пайдаланып, аудан халқының көкөніске деген сұранысы мен егін-шөп мал азығына деген игілігіне пайдаланатын молшылық күндер болса екен дейміз. Кезінде Рассвет ұжым­шарының төрағасы Н.Н.Гончарев суармалы алқапқа картоп, сәбіз сияқты көкөніс өсіріп, аудан халқы мен Семей қаласының мектеп-интернатын, әскери бөлімдерді жыл бойы қамтамасыз етіп келгенін жұрт біледі. Өткеннің жақсы істері жалғасын тапса, халықтың азық-түлікке деген мұқтаждығы шешіліп, базар нарқы арзан болмақ. Мәселе жерге иелік етуде емес, оны ел игілігіне пайдаланып, өнім ала білуде іскерлік пен ұйымдастырушылыққа тіреліп отыр. Еліміздің көп жері таза ауыз су, егін мен малға зар болып, апатқа кез болып отырғанда, бардың қадірін бағалап, ел игілігі мен дәулеті үшін пайдалану қажет-ақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа Жолдауында алда 80-нен артық су қоймасын салу керектігін атап айтты. Ал дайын су қоймасының халық игілігіне пайдаға аспай отырғаны жармалықтардың жанын ауыртады.

Мұхаметқазы МҰХАМЕДИҰЛЫ,

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений