Өлкетану жұмысы жайлы қысқаша мағұлмат. 1961-1963 жылдар
Тополев-Мыс ауылы Зайсан көлінің жағасына орналасқан. Нақты уақыты белгісіз, бірақ байырғы тұрғындардың әңгімесіне сүйенсек ,ауылдың іргесін 1880 жылы Сібір казактары қалаған.
Жоңғарлар көлді көріп «Жайсаң»-Зайсан деп атаған.
Ашыққан жоңғар тайпасы балық аулап жеп, өлімнен аман қалды. Тағы да Хут-хуту-нор атауы бар. Орыс тіліне аударғанда «Сылдырлаған қоңыраулы көл» деген мағынаны білдіреді. Зайсан көлінің желді күні шулап тұруына байланысты осылай атаған. Осылайша алғашқы тұрғындары жоңғарлар болды. Байырғы тұрғындардың әңгімесі бойынша : Тополев –Мыс ,-деп аталу себебі, көлдің ортасында аралда 3,35 шақырым жерде көп теректер өсіп тұрған. Табиғаты тамаша жерге үйлер тұрғызды. Аралды ұнатып, теректерін шауып пайдаланды.
Көлдің байлығы –балық адамдарды қызықтырды. Ауыл біртіндеп үлкейе бастады. Бұл жер жүк тасығанға ыңғайлы болғандықтан, ауыл арнайы базаға айналды. 1903 жылдың өзінде мұнда жүк таситын кемелер келе бастайды.Осы базадан Омбы, Томск, Нижний Новгород, Түмен қалаларына,Ертіс өзені арқылы Қытайға жүктер жіберіле бастайды. Осы жерде үш айлақ пайда болады. «Торговый дом Плотниковых» айлағының «Виктория», «Алтай» атты бірқабатты жолаушылар тасымалдайтын кемелері ,Қытайға жүрген « Почетный», «Арсенин», « Пороход Монгол» атты жүк және жолаушылар тасымалдайтын кемелері болған.
Екінші айлақ-Оңтүстік Сібір серіктестігі. Бұл серіктестікте «Су хотин», «Соколовский» кемелері болған. Олар
1908 жылға дейін қатынаған,ал 1912 жылдан бастап «Китай», «Русь», «Феликита Корнилова» кекмлері жүзе бастаған, серіктестіктің иесі Корнилов болды.
2) Оның «Прохор Андреев», «петр Березницкий», сүйреуші «Алкабек» кемесі- алғаш құрастырылған екі қазандықты, қосқұбырлы «Святой ключ», «Нарымец», «Гражданка» т.б. кемелер жүк тасыған.
Үшінші айлақ жеке саудагерлерді тасумен айналысты, ол «Общество Волга» деп аталды. Тополев –мыс арқылы қытайдың Чугу –Чак қаласымен сауда жүрді. Олар жүн, мақта сататын саудагерлердіңтауарларын тасыды. Ал қарапайым халық балық аулаумен айналысты.
Айлақта жергілікті жүк тиеушілер болмады. Кеме тобы өздері жүкті көтеріп тиеді.
1911 жылы үлкен тас үй /цементтелген/ салынды- ол жол қатынас минстірлігі болды. Үйде мүліктер,жүктер жиналып тұрды. Айлақта агенттік штат болды, ол Зайсан қаласында тұрды және ол тапсырыскерлермен есеп айырысып отырды. Айлақ бастығы Тополев-мыс ауылында тұрды. Екі қабылдаушы болды, Павлов келушілерді, Наумов –кетушілерді қабылдап тұрды. Сарқытбаев күзетші болды.
Су жолы жабылғанда, иесі бүкіл қыс бойы 100 пайыз еңбек ақы төлеп отырды, керісінше жазда демалмай жұмыс істеді. Ауылда жағдай жақсы өз дүкендері болды. Олар Федоров, Иткенов, Дәулеткендиев, Подойников И.Д., Фатуллин Сейфуллар болды. Халық сауатсыз болды,сондықтан байлар оларды алдады.Саудагерлер Рамазан Шанышев, Ниғметжанов, Құсайынов халықтан балықты төмен бағамен алып, қымбатқа өткізіп отырды. Кейбір ауқатты адамдарда диірмен болды. Матвеевте өзінің меншік дирмені болды, ол Ақжар ауылынан 3-5 шақырым жерде болды. Ұн елейтін үйде шіркеу мектебі орналасты. Бұл үш жылдық мектеп еді. Балаларды сауат ашуға емес, дұғалар жаттауға үйретті. Ал Струнин Михаил, Саблина Нина, Балкашин, Ушмаровалар балаларды Отанды, адамдарды, табиғатты сүюге баулыды. Мектепте 30-ға тарта оқушы оқыды.
3) 1917 жыл келді. Революция. Байлар мен ауқаттылар шаруашылықтарынан айырылғыс келмегендіктен шекера асты.
1918жылы 10 ақпанда Зайсан қаласы мен 3-Сібір қазақ әскери полкі мен жергілікті жердің жаяу әскері тартылды. Кеңес өкіметі орнағаннан ауыл кеңесін байлар мен кулактар билеп алды.
1919 жылы елді ақ патшаның әскері жаулап алған еді. Ауылда олар өз штабын ашып, күзет қойды. Бірақ болшевиктер ауыл тұрғындарымен жұмыс жүргізді. Большевиктер наумов, Казанцев, Смоляниндер Қызыл Армия бөлімшелерімен бірікті.
Ақ патшаның әскері ауылда ұзақ бола алмады.
1920 жылы 1-қаңтарда ауылға командир Глухенко бастаған партизандар келді. Жаулар арасында қатыгез ұрыстар орын алды. Ақтар партизандарға төтеп бере алмай , Зайсан қаласына қарай шегінді. 10-қаңтарда ауылға командир Трофимов бастаған әскерилер келді.Ақтарды Зайсан қаласына қарай қуып тастады. «Қарабұлақ»ауылында «Освобождение» колхазына ақтар қоныс тепті. Тіпті көшеде қызылдар мен ақтар бетпе-бет келіп, жекпе –жекке шықты. Қызылдардың көптігінен ақтардың әскері шегіне бастады. Қызыл әскерлер «Қарабұлақ» пен Зайсанды азат етті.
Ақтардың әскері талқандалғаннан кейін Тополев –Мыс ауылында шекералық кеден бекеті орналасты. Кеден
1920 жылдан-1953 жылға дейін жұмыс істеді.
Кеңес өкіметі орнағанан кейін « Охота -рыба» деген одақ құрылды. Азаров Г. М. Басқарып, 1920 жылы балық комбинаты және Гослов деп аталды. Балықты балықшылардың ескекті қайығымен аулады, 1934 жылы балық заводына бір катер беріліп, балықшылардың еңбегі жеңілдеді. Балық заводы балық комбинаты болып өзгеріп, балық аулауға қажетті техникамен қамтамасыз етілді.
4) 1920-1930 жылдары елімізде ұжымдастыру саясаты жүргізіліп, колхоз, артель, кооперациялар құрылды. 1930 жылы балықшылар артелі құрылып, артелге кіргендер өз шаруашылықтарын біріктірді. Кейінен артель колхоз «Объединенный труд» деп аталды, Казанцев К.А. басқарды. Тұйық ауылындағы колхоз «Ударник» деп аталды. Жүк тасу базасы бұрынғыша айлақта болды.
1924 жылдан бастап 4-жылдық мектеп ашылып, Струнин М.И. басқарды. Истомин М.Н., Ягодкин Параса, Вагнер Зоя т.б. мұғалімдер оқытты. Мектепте 85 оқушы болды. 1-қыркүйек 1935 жыҚазақ бастауыш мектебі 1925 жылы ашылды, Сәрсенов мұғалім болды, ол кейіннен Зайсан орта мектебінде істеді. Алғашқы пионер –колхоз жұмысшысы Әміренов,ол кейінен Комсомол ұйымының 1-хатшысы болды.лы 7 жылдық мектеп болды, директоры Истомин М.Н.
1956 жылға дейін істеді. 1 –қаңтар 1956 жылы қазақ және орыс мектебі болды. Мектепте Плешканова, Верзина Ф.Е., Дручинин, Худяков П.Ф., Бендюкова Л. М., Бапанова М.Б., Пащенко, Петрачков,Комендатов Н.А., Шилова, Харламова, Руденко, Тимофеев, Григорьева деген ұстаздар болды.Кускова, Шестаковалар тәлімгер болды.
1955 жылы ескі Тополев-Мыс ауылынан 1 км. жерде Астық дайнындау пункті салына бастады.
Алғашқы келушілер Федин, Разин С.П., Шаткий, Лещенколар. Осы жылы қоймалар салына бастады.
1955 жылы астық сақтайтын 2 қойма , автотаразы және бір тұрғын үй салынды. Жыл сайын құрылыс көбейді. Үш тұрғын үй, кеңсе, машина бөлімшесі салынды. 1956 жылы жаңа қойманы оқушылар салысты.Еремеев Г. Казанцев В., Павлов С., Ящина, Дінмұхамбетова, Байгереев, Қожахметов және т.б. оқушылар жақсы жұмыс істеді.
5) 1960 жылы дирмен салуды бастап, 1961 жылы аяқтады, барлығы механикаландырылған 1961 жылы клуб салынды. Халық саны өсе бастады.
1959 жылы СМУ мен айлақ құрлыстарын «Гидроспецстрой» мекемесі сала бастады. СМУ салатын құрлысшылар Новостройкаға 1960 жылдың наурыз айында келді. Олар: Кәрімов –басқарма бастығы, жұмысшы Қасайынов. Астық дайындау пунктінде жалдамалы пәтерде тұрды, сәуір айының аяғында палаткалы қалашық қойылып, құрлысшылар сонда тұрды. Сонан кейін Балық комбинатының жұмысшыларына арналған 8 үйінің құрлысы басталды. Біреуі –мектеп, келесісі-дүкен , үшіншісі-балалар бағы, қалған үйлерге жұмысшыларды орналастырды. 25 қазан 1961 жылы әрқайсысы 54 орындық 2 жатахна пайдаланылуга беріліп, оған мектеп бітірушілер орналастырылды. 1961 жылы 7-қарашада асхана пайдаланылуға берілді. Осы жылы су мұнарасының құрлысы бітіп ,ауылға су тартылды.Механикалық цехтары бар электростанциясы, гастроном, 11 жылдық мектеп салынып пайдаланылуға 1962 жылы пайдалануға берілді. Балық комбинатына үйлер салына бастады,54 орындық жатахана мен дамбының құрлысын «Гидроспецстрой» мекемесі салды. Мұнайбазасының жұмысшыларына арналған үйлер салынды. Нан заводын салуда жастар белсенділік танытты. Көшелерге 1200 тал егіліп, ауыл көгалдандырылды. Құрылыста Остодоров, Плотников, Митрухиндердің бригадалары айырықша көзге түсті.
Яводкинаның кірпіш қалаушы жастар бригадасында ФЗО түлектері жұмыс істеді. Балық комбинатына тоңазытқыш салынды. 111 орындық балалар бағы, құрлысшылар клубы салынды. Жаңа Тополев-Мыс ауылының құрлысы жалғасуда. Болашақта ұзындығы 17 шақырымға созылатын халықаралық айлақтық қала салынбақшы. Ауылдың тарихын жинауда сегіз қатысушы ат салысты. Шешіре- альбом құрастырылды.
6) 1961-1963жылдар.
Өлкетану үйірмесінің жетекшісі: А.А. Савчуков.
Аударған: Зейнеткер кітапханашы Жаманова Алмира Құрманбекқызы.
Астық дайындау пункті.
1958 жылы жаңа ауылдың қазығы қадалғанан кейін, Ескі Тұғылдан ең 1-ші көшірілген мекеме –осы астық дайындау пункті. Ең бірінші бастығы –Лященко. Қазақ ауылы (кейінен Мир көшесі) қазіргі Шағанов көшесі- алғашқы көше. Дамбының құрлысын «Гидроспецстрой» мекемесі 1960 жылы салды. Екінші көше –Стройтельная (Қазіргі Шүленов Қабдрасул атындағы)салынды. Строительная көшесінде палаткада шешендер, орыстар тұрып « Гидроспецстрой» мекемесі Школьная көшесіндегі (қазіргі Ы.Алтынсарин атындағы) үйлерді салды. Складттарды таудан тас әкеп салды. Складтың төменгі жағын 3 метр қазып нижняя галерея салынды. Диірмен ,астық тазалайтын бұйымдар болды. Байгереев, М. Кәкішов Қожахмет, Әріновтар, Жанасбаев Н., Бадаштар, Құрман, Кәжентай, Мәдиев Мұқаш т.б. еңбек етті. 1960 жылы қалып құйып (таңғы бестен кешкі тоғызға )кеңсе, үйлер салынды. Қиялбаева Гүлжамал, Тілебалғанова Қатира, Нұрмұханбетова Ермек, Рахышева Нұркамалдар каникул уақытында жұмыс істеп, кейін оқуларын жалғастырды. Маштнадағы астықты қолмен түсіріп, жайып,кептіріп складқа кіргізді. Жұмыс өте ауыр, барлығы қолмен істелінді. Орыстар көп болды. Байшалов Құрмантай деген бастық болды. Бүкіл екі ауданның астығын кептіріп, Өскеменге, Семейге элеваторларға жіберілді. Мукомольный комбинат, Защитадағы комбинаттар ұн тартты. Жоғары ,бірінші,екінші сұрыптағы және обойный ұн ботқалар (мәни т.б.)шығарды.
7.)1960-1965 жылдары жұмыс істеді. 1962 жылы Автобаза іске қосылды. Кушнарев деген бастық болды. Диірмен 1962-63 жылдары салынды Зырянана үш ай оқып келіп, сменный мастер болдым. Алматыдан лобаранттың оқуын оқып келіп, лабораторияда лаборант болып істедім. Жолдас Жанаев (Шымкент мукоиольный институтын бітірген) зам директор болды. Маршалкина Валентина Семеновна –зав.лаборатория-ұнның, бидайдың сапасын, кликавинасын, күлін зерттейтін, сменада ұнның сапасын жақсы болу үшін. Кенбаев Кәукен, Чернов Валералар шофер болды. Крупчатник, Қожатаев Қанатбек (Мәскеуде оқып келген) облыста мукомольный управленияда бастық болып , жақсы қызмет істеді.. Астық дайындау мекемесінде жұмыс істеген кезде, Обкомсоюздың 7 жыл мүшесі болдым. (ШҚО бойынша 7 адам) Көптаген марапаттарым бар. Тұғыл ауылынңы байырғы тұрғыны, жұмысшыдан бухгалтер, мекеме басшысына дейін өскен Жиеналина Ермек апайдың естелігінен .
Жазып алған Жаманова Алмира Құрманбекқызы