kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

                                                         Қайткенде адам қалады адам болып?..

                                                                                                             Шыңғыс Айтматов

Didahmet ashimhanovЖазушы Дидахмет Әшімханұлының қаламынан туған әр туынды – адам түгілі Алланың өзі бас иетін асқақ адамгершілік жүгін арқалап тұрады. Бұл – хас жазушының ісі. «Халықтың көзі, құлағы һәм тілі», тіпті жүрегі боп та саналатын дара қаламгер көркем сөздің нөсерін құр боратпай, ізгіліктен нұр таратуы шарт. Туындыгер жасаған кейіпкердің өн бойында оның ең алдымен өзінің «бауырым» деген болмысы, «жарығым» деген жаны өмір сүруі керек. Дидахмет прозасында осының екеуі де бар.

«Өз жүрегімдегі тұңғиық түпсіз мәңгілік» деп, Төлеген Айбергенов айтқандай, жазушының өз жанынан табылмаған жақсылық халқын да жарылқамайды.

Адамгершілік баяғыдан бүгінге, бүгіннен ертеңге көшіп отыратын қасиет. Оның заманына қарай тоқырап, ұрпақтан ұрпаққа жете алмай, азып кетуі де әбден мүмкін. Әрине, дер кезінде көркем шығармалар арқылы, өнер туындылары арқылы аңдатып отырмаса. Жазушының «Жер аңсаған Сарыатан», «Аққабаның толқыны», «Сары самауырын» шығармалары – ұлттық рухтың алтын буына қақталып, оқырман жанын оқыған сайын байыта түсетін адамшылықтың асқақ әуені іспетті.

«Шартабақ күн төбеде. Шалқыған ыстық жер-көкте.Табанын тасқа тілдіріп,жанарын жасқа жудырып,маңдайын жел күңсітіп, таңдайын шөл қаңсытып, сар желіп келеді Сарыатан.Таусылмайды сары дала, жеткізбейді сары бел.Сары белдің ар жағында – бота күнгі мекені.Бота күнгі мекенін боздап іздеп келеді, жүректегі бар шерін қозғап іздеп келеді.» Осы күнде туған жерге деген түгесілмес сағыныштың баламасына айналған « Жер аңсаған Сарыатан». Ол қазақ санасында атақты «Бозінген» күйімен, Төлегеннің «Аруана бауыр дүниесімен» қоса қабат сіңіп кеткендей. Бұл туып-өскен атамекенді аһ ұрып аңсау жыры. Ақша мен атақтың буына мас болып, қайткенде де шетелде қалу емес, «кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан болу» мәселесі.

Көненің көзі, ескінің еске тұтар есті әңгімесі болашақ өсіп келе жатқан көгөрім жасты адастырмас шырақ екені жазушы әңгімелерінен тайға таңба басқандай көрініп тұрады. «Сары самаурындағы» кішкентай Айжанның өз әке-шешесін жатсынып, туғаннан бауырына салып баулыған әжесін ғана сағынуы – мына жалғандағы ең ғажайып қасиет адамның, иә адамның ғана ыстық ықыласы, шапағат мейірі екенін дәлелдеп тұрған жоқ па? Мүйіз тарақта да тұрған ештеңе жоқ. Алайда ол – Айжанның ең қымбат адамының көзі еді. Ол үшін әжесі жоқ өмір – өгей, жат. Сол үшін де ол мүйіз тарақтан бір елі айырылғысы келмейді Г. Х. Андерсеннің ертегісіндегі аязды түнде жетім қалған кішкентай қыздың ең соңғы шырпы шиінен айырылғысы келмейтіні сияқты. Өйткені, соңғы ши жанып біткенде, ол да үсіп өлуші еді. Ал шырпы шиі жанып тұрса, бұрынғы бақытты балалығын елестете алатын еді. Айжанның ендігі өмірінде қан тамырға дендеп сіңген әжесінің жүрек жылуы, тазалыққа толы тәрбиесі жалғасатынына сенесің.

Ал самауыр ше, самауыр Айжанның туған шешесі Гүлсанның немқұрайлылығынан майып болады. Дидахмет Әшімханұлының жазушылық дара шеберлігінің бірі – ой мен орамды деталь арқылы беру екені осы әңгімеде ерекше байқалады. «Ол самауыр қайнай-қайнай суы әбден сарқылып тұрғанын Гүлсан білген жоқ еді, үйге кіріп-шығып жүріп, кеңірдегін қызыл шоқпен кептей берген.Сосын бір әредікте неше күннен бері күтім көрмеген беті есіне түскен де, ауыз үйге ұрлана кіріп, алақандай айнасына қараған. Көп қараған. Қарап отырып,көз аумағына көк бояу жағып,кірпігін түзеген, қасын жұлған. сол екі арада... Сыртта аттан салған Күлзипаның ащы даусын естіген.» Міне, Айжанның әжесі, өзінің енесі қайтыс боп жатқанда, жоқтау айтып жылап отыратын келіннің қылығы. Қасиет қайда?! – дейді байқампаз жазушы. «Ойбай, сары самауырдан айырылып қалдық!» деген Күлзипаның сөзінде ауыр салмақ жатыр. Ол күндердің күнінде самауыр басындағы береке- бірлігімізден айрылуымыздың басы ғана екен.

«Аққабаның толқынында» жанында сүйіп қосылған жары бола тұра, рухани жалғыздықтан зар шеккен Алтынайдың мұң-қайғысы, кейіпкердің тығырықтан шығудағы тапқан жолы әдемі өрнектеледі. Жас шағында кеудесінде арман мен махаббат қана салтанат құрып тұратын Нұрлыбек неге өзгерді? Оны өзгерткен – ақша. Құлпырған қымбат аң терілерін сатып, қомақты ақшаның дәмін татқан Нұрлыбек Алтынайдың көз алдында бірте-бірте мүлдем басқа адамға айналады. Аң терілеріне керексіз заттай қарайтын Алтынайға Нұрлыбек: «Қой, Айнаш, бұл ақша емес пе? Қып-қызыл ақша ғой. Осы меңіреу мекенге не үшін келдік? Әрине ақша табу үшін, ақша үшін, ақша...»

Екі жастың алғаш қосылғандағы Нұрлыбек шалған күйлер қандай еді! «Аққабаның толқынын» сыңсытқан сыбызғы үнімен Аққаба толқындары қосыла әндететін. Екеуінің бағында шек жоқ еді. Енді соның бәрі ақша деген жалмауыздың аяусыз шеңгеліне іліккендей. Ақша буына еліткен Нұрлыбектің ауылға көшкісі жоқ. Жарын жар басындағы жалғыз үйге қамап, өзі зорығып, адам кейпінен кеткенше саяқ жүріп аң аулай бермекші, аулай бермекші... Оның жан дүниесі жүдей түскен. Әлмисақтан ата-бабасынан келе жатқан күйінен де айрылған, тіпті іш пысқанда ермек ретінде де күй шалуға құлқы жоқ. Ақша би болған қазіргі заман проблемасы ұйтқып тұрған жоқ па, кейіпкер қылығында. Шынында да, хас талант төніп келе жатқан қауіп-қатерді ерте сезетіні рас-ау!

Сонымен қатар, Алтайдың тылсым табиғаты қанша сұлу болғанмен, адамсыз қалған қалың жыныстың құшағы қараң екендігі осы шығармада айқын көрініс тапқан. Алтынайдың ылғи да елді аңсауы, берекелі ауылға көшкісі келетіні – жазушының өмір ақиқатынан туындайтын пәлсапасы. Ұнатып, сүйіп қосылған жарының дегеніне көніп, жанында мәңгі қалуы керек пе, әлде ажырасып тына ма? Алтынайды көп қинайтын осы ой болатын. Басқа жеңіл-желпінің адамы болса, баяғыда-ақ жоғалар еді. Алтынай болса, осы қиындықтың бәріне жылдар бойы шыдап келеді. Адамшылықпен төзеді. Болашақтан үміт, қараша үйден жылу күтеді.

Алайда ашық күнде жай отындай жарқ еткен мына оқиғадан кейін, пайда дегенде кең ашылып кететін ашкөзді ешбір жүрек жылуымен жібіте алмайтыны Алтынай жүрегін солқ еткізеді. Нұрлыбек кезекті «олжасын» ортаға тастағанда, ол шошып кетеді. «Алтынай енді ғана таныды.Таныды да еңкейген күйі қатты да қалды. Еліктің лағы... Тамағын кездік орып түсіпті...Ұйыған қан ішінен аппақ жұлыны көрінеді... Қылдырықтай мойны тұтас қан... Жұдырықтай басы да, саусақтай сирақтары да қан... Қан ішінен жаудыраған көздері Алтынайға бейкүнә қарайды». Жазушының өмір шындығын суреттеуге келгенде табиғилықтан сынық сүйем алыстамайтыны қадам бассаңыз көрініп тұрады. Өлім құшқан елік баласының жаудыраған көздерін Алтынайдың өрімдей жас шағында түскен өз суретімен салыстыруы – сөз жоқ, шебер ұтқырлық. Мектеп бітірер кезде түскен сол суретінде мұның боталаған жанары дәл мына елік лағының көздеріндей жаудырап тұр. «Құдды ертеңгі күні бұны осындай өмір күтіп тұрғанын сезгендей білгірлік танытыпты-ау сол жанарлары...», – дейді сұңғыла жазушы. Оның өз ұясынан талақ тастап қашуына себеп болған оқиғаның соңғы нүктесі мынау еді: «Боталаған көздерімен Алтынай енді Нұрлыбекке бұрылып еді, күлімсіреп отыр екен. Жүрегі тас төбесіне шықты. Мұндай жиіркенішті түрін еш уақытта көрмеген.Қасқырдай тісі ақсиып бұған ыршығалы тұрғандай. Алтынай шошына шегіншектеп барып,төсегіне етпеттей құлады...».

Ақырында Алтынай кетіп тынады. Шындығында, жалғыздық жайлаған меңіреу өлке, жаны қу шүберектей боп дүние шаңына тозған жарынан қашады. Бұл – «Етімді шал сипаған құрт жесін» деп ескіліктен қашқан Қамар сұлудың өмірден безуі емес, бұл зорлықпен жат құшағында кеткен Ақбілектің жаңа өмірге талпынуы да емес. Алтынай адамсыз қадірі жоқ сұлу өлкеден, ешқашан да «өзгермейтін» Аққаба толқындарынан, сүйіп қосылып, сүйкімсізге айналған жарынан безінеді.

Бұл орайда жазушының мына ой-түйінін ұйып тыңдамасқа болмайды: «Арлы адам – ең күшті адам.Өйткені ол өткінші бақыттың, өткінші қайғының ырқына мойын ұсынбайды. Сондықтан оның тағдыры қиын болуы, ауыр болуы мүмкін – өкінішті болуы мүмкін емес».

Дидахмет Әшімханұлының адамшылықтың аласапыран жолында қайырымдылық пен қатыгездік ашық тайталасқа түсетін тағы бір шығармасы «Зауал» деп аталады. Бас кейіпкер Кемел түз тағысын өкшелей қуалап жүріп, арандап қалады. Қия шыңнан төмен домалаған Кемелді құз аузындағы қос самырсын құтқарып қалады. Екі ағаштың арасына кептеліп қалған аңшы самырсындарды беліндегі балтамен шауып құтылады. Қатты жараланып қалғанына қарамастан, ол өршелене түседі, арқарды қайта қуады. Сөйтіп жүріп, баяғы құздан тағы ұшады. «Бірақ бұл жолы құздың аузында қол созатын қос самырсын жоқ еді» деп аяқтайды суреткер әңгімені. Кемел жанталасып жүргенде оның құлағына Кәрімнің: «Жалғанда жолың болмас сенің!..» - деген ащы да ызалы сөзі келеді. Ерте ме кеш пе пенде баласы өзі жасаған күнә мен қылмысқа бір жауап берері хақ. Яғни, зауал келеді. Ненің зауалы?

«Суырлар әлі бір-біріне жабысып, шырылдап тұр. Өлтіргенше үндері өшпейді енді бұлардың. Алдыңғы табандары дәл бесіктегі сәбидің алақандары сияқты. Алдыңғы аяқтарымен бірін-бірі құшақтап, безек қағады. Құшақтасып тұрып көздерінен жас парлатады, өлетіндерін біліп, көрісіп-қоштасып жатқандай». Бұл Кемелдің суырларды аулауға оқ шығындамай, олардың інін қазып, үйірімен жалаңаштап алып шығып, сосын күрекпен тұмсықтан ұрып өлтіру сәтінен аянышты көрініс. Пенде санасының қалтарысында бұғып жататын қатыгездіктің бір күйі осылай аза бойыңды қаза қылатыны өкінішті. Осы сұмдыққа куә болған Кәрім Кемелдің аяғына жығылып, суырларды өлтірмеуді сұрайды. Бірақ оның сөзіне құлақ асқанды қойып, «Тышқан мұрнын қаната алмас қатын!»-деп сөгеді. Керім – барлық замандарда өмір сүре беретін кейіпкер. Жүрегі елжіреп, айналаға жылу сыйлағысы келгендерді жуас, қолынан түк келмейтін ынжық деп санайды. Сонда адамдардың бәрі түгел қасқыр болып кетуі керек пе? Қанағатсыздық пен қиянаттың, ақылсыз мақтанның құрбаны алдымен Кемелдің өзі болды. Бұл әңгімесі арқылы жазушы түннен кейін қайтсе де күн келетінін мегзейді.

Жақсылық, адамгершілік жасаймын деп, айналасындағыларға күлкі болғандардың бірі – «Тон» әңгімесіндегі Жоламан. «Райкомда» тәп-тәуір нұсқаушы боп істейтін Жоламан жолда түсіп қалған қойшының тонын 25 шақырым кері жүріп, иесіне табыстайды. Бар болғаны осы. Осыдан бастап Жоламанның жолы кесіліп, өспейді. Тап осы тон оқиғасын тілге тиек етіп, Есағаң оны жоғарыдағыларға жамандап үлгереді. Тіпті, оны есінің кемістігі бар, әйтпесе, қайдағы бір қойшы үшін, түн ішінде машина айдап, тонды тасып жүре ме? – деп иландырады. Бастысы Жоламанның өспей, бір орында он сегіз жыл қалып қоюында ғана емес, оның бас хатшылардың баяндамасын жазып беруден аспай, өз-өзінен үндемеске, өшкен жанға айналып, рухын жоғалтуында екенін аңдатады суреткер. Бюрократтық, тоталитарлық жүйе мыңдаған адамдарды өз пікірін айта алмайтын, өзі бастап бір іс істей алмайтын биороботқа айналдырғаны өткен тарихымыздан белгілі емес пе? Аянышты...

Жазушы Жоламанның бұрынғы басшысы, мемлекет машинасына «жаншылып қалғандардың тағы бірі», қартайған шағында бір адамға шапағатын тигізе алмағанына өртене өкінетін – Сапар ағайдың аузына мынадай сөз салады : «Есіңде болсын, адамға деген қиянат, қиястықты тек азуы алты қарыс жуандар ғана жасамайды,өз күні, өз қара басы үшін, бетегеден биік, жусаннан аласа боп жүре беретін көзі бар да көрері жоқ, аузы бар да сөйлері жоқ мен секілді можантопайлардың да қолынан талай жаманшылық келеді».

Міне, хас талант иесінің қоғам мен адамның жұрт аңғара бермейтін не бір қалтарыс-бұлтарыстарын дәл танып, дөп суреттеуі деген осындай болса керек. Дидахмет Әшімханұлының прозасын зерттеуші Құлбек Ергөбеков былай дейді: «Оның шығармаларына тән ортақ сарын – адамзат бойынан адамгершіліктің қашып, қоғамның қатыгезденіп бара жатқанын мінездер, тағдырлар арқылы ашына толғау. Іздері – ізгілік кісілік». Расында, жазушы өз шығармаларындағы өмірдің өзінен ойып алынған кейіпкерлер әрекеті сіз бен бізді рухани тоқыраудан, ар ұялатын істен кірпік қақпай сақтандырады. Ізгілік пен жақсылық дариясынан ұзақ сусындатады.

Райысова Бақытжан,

ақын, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Білім үздігі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений