kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

Maraldy 1Қазан төңкерісіне дейін «Николай», «Основательный», «Покровский», «Қыстау Күршім» кеніштерінде алтын жыртқыштықпен өндіріліп, орыс мемлекетіне ғана емес, Қытайға да жасырын түрде шығарылды. Алтын өндірісінде жұмыс істейтіндердің көпшілігі қазақтар болғанымен орыс қашқындары да көптеп кездесті. Жұмысшылар тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеп, еңбекақы ретінде 15 тиын және екі фунт қара бидай нанын алған. Қалжыратқан ауыр еңбек, қайыршылық жұмысшыларды әлеуметтік құқықтары үшін күреске итермеледі. Бастапқыда тап күресі қашудан, жұмысқа шықпай қоюдан басталды. Бірте-бірте ол ұйымшылдық сипат алды. 1887 жылы Зайсан уезіндегі Степанов қазбасында басталған толқулар Күршім өңіріне жетіп, 1888 жылы Москвин қазбаларында жұмысшылар стачкасы бұрқ ете түсті. Жұмысшылар еңбекақыны арттыруды, тамақты жақсартуды, айыптар көлемін азайтуды, Штейгер, Поливанов сынды қанаушы өкілдерін әкетуді талап етті. Стачка әскери команданың келуінен кейін ғана басылды. 1891-1908 жылдары «Владимировск», «Удалый» қазбаларында болған ереуілді Қалба және Себін болысының басшылығы араласқаннан кейін ғана басу мүмкін болды. Күршім болысының жұмысшы қазақтары жолдастығының өкілі Рафиковтың айтуы бойынша толқуларды басу үшін әкімшілік жұмысшылар талаптарына көнуге мәжбүр болды. Еңбекақы 2,5 тиыннан 5 тиынға дейін артты. Жұмысшы қозғалысын ұйымдастырушылар есімдері тарихта қалды. Олар: Қали Әміренов, Қасен Жантаев, Егізбай Жағалтаев, Қалижан Байжумин, Уқабай Жалқызин, Тоқыбай Игембаев т.б.

Өңірде кеңес үкіметін орнатуда, алтын кенішінің жұмысын жлға қоюда бұрыңғы бай-құлақтың жалшысы Бекпай Күзембаевтың айта қаларлық үлесі болды.

Аздаған орысша сауаты бар Б.Күзембаев 20-шы жылдардың басында 18 адамнан құралған партизан отрядын басқарған. 1928-36 жылдар аралығында Маралды өңірінде партия ұясын басқарған. Ол кезде партия ұяларының мүшелері түгел қарулы болып, милицияға тән жұмыстар да атқарған. Кейіннен Б.Күзембаев «Большевик» алтын қазушылар артелінің партия ұйымының хатшысы болған.

Maraldy vkoМаралды округінің тұрғыны, ардагер Анапиев Құмарбек естеліктеріне сәйкес, Ресей патшалығы кезінде Романовтар патшалық құрғанына 300 жылдық мерейтойына сыйлық ретінде алтын өндірумен айналысатын кәсіпкер Меньшиков (қазақтар Тентекбай деп атап кеткен) патшаға ат басындай алтынды тарту етіп осы өңірден «Степановск» учаскесін, Алтай ауылының жанындағы «Покровский» участкесін түгелімен кестіріп, өз атына алыпты. Алтын өндіруші Москвин, Каронскийлер, Қаражал учаскесін, Күршім өзені бойын түгелімен алып, алтын байлығына ие болыпты.

Кеңес үкіметі орнағаннан кейін мемлекеттік кеніштер ашылып, жер байлығы өкіметтің иелігіне қарайды. Ауданымыздың экономикасына осы қазба байлықтар көп әсер етті. «Алтай Золото» тресі «құрылды. Орталығы Семейде кейін Ақжалға ауысты. 1930 жылдан бастап үлкен шахталар ашылды. Ол кезде қазба жұмыстары техника жоқ тек қана қолмен жүргізілді.

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталып азаматтар түгелімен соғысқа аттанды. Тыл еңбегіне қажетті біраз азаматтарға ғана бронь берілді. Шахта тоқтаған жоқ. Майданға аттанған азаматтардың орнын балалары, әйелдері басты. Шахта жұмысы күндіз түні бір тоқтамады. «Әрбір өндірілген бір грамм қалайы жауға атылған оқ» деген ұран күн тәртібіндегі бірден бір маңызды мәселеге айналды. Маралиханың руднигінің филиалы Горный руднигі, Қыстау-Күршім, Тоқбура, Жекебұлақ, Солтан учаскелері. Ауыр жұмыс, арнаулы киім жоқ, жұмыскерге 600 грамм нан, отбасына 200 грамм нан карточкамен берілді. Алтын өндірісі соғыс жылдарында қалжыраған халықтың әлеуметтік жағдайын көтерді.

1958 жылы барлық кеніштер жабылып, жұмыскерлер негізінен алғанда ауыл шаруашылығы құрылымдарына келді.

Рудникпен қатар аудан экономикасына субелі үлес қосқан ұжымшарлар: Алтай, Қызыл Жұлдыз, Пугачево, Ленин, Қойтас, Мысықтас құрамындағы колхозшылар аянбай еңбек етті. Жерді атпен, өгізбен, сиырмен жыртып өндірілген өнімін өкіметке жөнелтіп отырды

1958 жылы Маралды өңірінде барлық ұжымшарлар таратылып, «Высокогор» кеңшарының құрамына кірді.            Осы жылдың аяғында «Высокогор» кеңшарының Пугачев, Алтай, Қыстаукүршім және Қойтас бөлімшелері негізінде «Маралиха» кеңшары құрылып, оның алғашқы директоры болып Ю.В Середин тағайындалды.          Кейінгі жылдары кеңшарды: С.Т Тоқаев, Б.Ж Жақиянов, К.А Ахмеджанов, Б.М Слямов, Қ.А Аманов, С.Р Рамазанов, Б.Н Нұрғазин басқарды.

Кеңшарлар тарағаннан кейін шаруалар кооперативтерге, 1997 жылдан шаруа қожалықтарына бөлінді. Маралды өңірінде құрылған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді, өндірістік кооперативтерді К.С Букпаев, Д.Құсайынов, К.Ұлықбековтар басқарып, ауылдық округ экономикасының дамуына үлес қосты.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений