kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

ИСАҚАНОВ БӨКЕЙ

(10.01.1915- 23.01.1984)

Isakanov bokeyҚазақ елі тәуелсіздік алғаннан кейін тарих қойнауындағы «ақтаңдақ» болып келген кезеңдер біртіндеп ашыла бастады. Әсіресе халық зердесінде қызыл қанмен жазылған саяси репрессия, ашаршылық және Фин, Ұлы Отан, Жапон соғыстары. Соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезеңі тарихында еңбек армиясы қатарына шақырылып, көрген азапты өмірі осы уақытқа дейін ашылмаған, мылтықсыз майданда болған азаматтар туралы зерттеп және зерделеп «ақтаңдақ» жылдар құрбандары қатарына жатқызатын уақыт жетті.

Қазақстаннан қаншама жазықсыз жандар Орталық Ресей, Сібір, Орал аймақтарына қара жұмысқа жіберіліп, жан түршігерлік ауыр жағдайда еңбек етті. Тарихи мәліметтер бойынша 20 мың қазақ азаматтары Оралдың өнеркәсіп орындарына жіберілген. Олардың қатарында Шығыс Қазақстандық Исақанов Бөкей бес жыл еңбек армиясы қатарында қара жұмыста еңбек еткен. Катанқарайғай әскери комиссариаты соғысқа жарамды ер азаматтарды жинап Өскемен қаласына жеткізген. Осы жерден бір тобы майданға, екінші тобы еңбек армиясына жасақталған. Еңбек армиясы қатарына алынған азаматтардың денсаулығы, тұрмыс жағдайына мүлде қарамаған, оларды баратын өнеркәсіп орындарына бөлу және қадағалау жұмыстарын қаһарлы НКВД жүргізген, бақылауында ұстаған.

Шыңғыстайлық Исақанов Бөкей, Қайсин Қабілмәлік, Охин Бурахан бір жерде Оралдағы ірі өнеркәсіп орталығы СвердловскBokey anasymen(қазіргі Екатеринбург) құрылысындағы Белка руднигінде еңбек армиясының қара жұмысын атқарды.

Жұмысты он-он екі сағаттық кезеңмен істеді. Қазатындары «Огнеупорный глина» деп аталатын ақ топырақ, экскаватор қазған тоң топырақты қолмен тиеу және ну орман ағаштарын кесу жұмыстарын жасады. «Кеппеген жас ағаштан жасалған шпал мен иығыңды езіп жіберер темір жолды көтеріп, үңірейген карьерге қарай мықшыңдайсың. Сенің артыңнан тырмыса вагон итеріп басқалар ереді... Арпалысқан адамдар, жанталасқан қимыл, жан тапсыра қимылдаған жұмысшылар. Таусылып бітпес қозғалыстан әбден қажыған, салдары суға кете итырықтағандар орман арасында құмырсқаша құжынайды. Бәрі де майдан үшін! Бәрі де жеңіс үшін! Әттең, сол кездегі «трудармияны» киноға түсіріп алса ғой, өкінішке орай, газеттенбіз деген бірде-бір журналистің төбесін көрген емеспіз», деп еске алатын.

Еңбек армияшылары ағаштан қиып салынған, қыста даладан сәл ғана жылы болатын тоң барақта ағаш нарды төсек етті. Жамылатын көрпе де, жастық та сабан болды. Барақтың іші қаншалықты суық болғанымен, соншалықты қапырық, шуаш пен тер иісі тұншықтырып, түнімен қандала талайтын. Киер киімге де жарымады.

Bokey akesimenТамақ та нашар болды. Бір уақ ыстық тамақ берген болады, ол қышыма мен саңырауқұлақ қосылған қара көже. Үсіген картоппен тамақтанғандар үсік шалғандай ісініп ауырып қалатын. Ешуақытта тоя тамақ ішпеді, діңкелеткен ауыр қол жұмысынан әбден әлсіреген адамдар қыстың бораны мен үскірік аязына шыдай алмай қырылды. Жігіттердің көпшілігі ауру жұқтырды және денсаулықтары нашарлады. Майдан өтінде жүрген жауынгерлерге қарағанда еңбек армиясындағы еңбек жауынгерлерінің хал-жағдайлары төмен болды. Соғыстағыларға поек тамақ уақытылы берілді, ал еңбек армиясындағы жауынгерлердің тамағы өлместің күнін көру еді. Сол кезде өлгендер саны көп болды. Өліктерді қар астына көміп, жаз шыққанда ғана кездескендерінің бетін топырақпен жапты. Ит пен құсқа жем болғандары қаншама?! Соған қарамастан аянбай еңбек етіп, соғыс қару-жарақтарын жасауға өз үлестерін қосты. Көпшілігі соғыссыз-ақ үйлеріне оралмады.

Еңбек армиясы қатарында ауыр жұмыста шыңдала түсіп, басқа ұлт өкілдерімен достасып, қимас достар да тапты. Ұлтына және дініне қарамастан тірі қалу жолында бір-бірлеріне сүйеу бола білді. Атам өзінің досы Иванжайлы «саяси сауатты, қайратты жігіт еді, ауылдастардан да жақын бауыр басып қалдым, бірақ жолымыз екі айырылды», – деп еске алатын.

Қара жұмыста ас-жалаңаш жүріп қайтпас қайсарлықтың, кісіліктің және адалдықтың үлгісін көрсетіп, қиындыққа төтеп бере білген еңбек жауынгерін Орал руднигінде коммунистік партия қатарына қабылдады. Қайсар рухты халықтың өкілі екендігін дәлелдеп берді. Соғыс аяқталған соң еңбек армиясындағыларды елге қайтармады, еңбек майданын ары қарай жалғастырды. Атам Бөкей: «Ал, Мені 1946 жылдың жазында асқазан ауруым асқына берген соң, еңбек әскері қатарынан біржола босатты», – деп отыратын.

Еңбек армиясы Бөкей әулетін екі жақты қыспаққа алды. Елдегі қалған жары Күлия Әтембекқызы, жас үш қызы және туыстары он адамнан тұратын үлкен жанұя да «еңбек армиясының семьясы» деген тізімде болды. Соғыс уақытында ауылда тылдағы еңбекке жұмылдырылды және бұл семья «әскери салық» төледі. Әскери салыққа Бөкейдің күмістелген ер тоқымын, семьяны асырап отырған жалғыз сиырды және ақшалай салық алған, тіпті баспаналарын беруді талап еткен. Сол кездегі атқамінерлер апамды колхоздың ең ауыр жұмыстарына жұмсаған. «Сенің жарың соғыста майдан даласында жаумен шайқасып жүрген жоқ, еңбек армиясында сол себепті ең ауыр жұмыстарға барасың», деп ауыр жұмыстарға жұмсап отырды. Кетпен ұстап жер қазу, пішен шабу, наубайханада нан пісіру, пима басу жұмыстарының бәрін атқарып семьясын асыраған.

Еңбек армиясы қыспағынан құтқарған жан ұшыра екі жақты атқарған адал еңбек болды. Бөкей әулетінің Алла тілеуін берді, сұрапыл соғысқа әкесі аттанған кезде ана құрсағында қалған нәресте өмірге келді. Үш қыздан соң ұрпақ жалғастырар ұлды болып, атын Оралдан Бөкей оралып аман-есен келсін деп ырымдап Оралхан қойды.

Қандай ауыр тұрмыс та, соғыс пен тартыс, қайшылық та адам баласына бақытты өмірдің бар екенін ешқашан ұмыттыра алмайды. Бөкей мен Күлияның жалғыз ұлдары ел таныған азамат болып ер жетті. Алты алашты аузына қаратқан жазушы болып, әкесі мен шешесінің басынан өткен өмір жолдарын ақ қағаз бетіне түсіріп 1982 жылы «Бәрі де майдан» повесін жазып шықты.

Жазушы Оралхан Бөкей: «Мен бұл шығарманы жазу үстінде зәредей де өтірік қоспауға тырыстым. Қазіргі заман әдебиетіндегі озық үлгілерді біле тұрсам да, ой айтудағы ондай тәсілдерді пайдаланғым келмеді. Философиялық тереңдік пен психологиялық иірімдерге құрмай, естіген оқиғаны қаз-қалпында баяндағаным, қиялдан алынған образды сылап-сипап, әдемілеуден қашқаным шығар. Таланды тағдыр мен қия-қалтарыстары мол өмірді сол күйінде қағазға түсіруіме себепкер болған – қара жерде қарбанып жүрген қарапайым ауылдастарымның болмыс тіршілігін, қайғы-қасірет, жақсы-жаманын шыншылдықпен оқушыма әңгімелеп беруге ұмтылғаным еді», деп аяқтайды.

Бұл шығармадағы Ақан – әкесі Бөкей Исақановтың, Алма – шешесі Күлия Әтембекқызының прототиптері.

Өмірдің қилы бояуларына толы қиындықтарды жеңе алған қайсар рухты халықтың өткеніне деген кұрмет ретінде жазылған тарихи шығарма мемлекет тарапынан бағаланып Оралхан Бөкей «Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты» атанды. Адал еңбек пен асқақ рухты адал азаматтарға арналған мәңгілік ескерткіш деген осы болар.

PS.: Атам мен апамның суреттерін жеке жібермей бірге жіберіп отырмын. Адам басына түсетін бар ауыртпалықты бірге жеңіп, елге танымал ұл-қыз тәрбиелеп бірге бақыты ғұмыр кешті.

Құрметпен, Ғалия Бөкейқызы

Қазақ Ұлттық өнер университеті Ақпараттық-кітапхана   қызметінің басшысы,

«Kitap patshalygy.qz» журналының бас редакторы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений