Ертіс атауының шығуы туралы мынадай аңыз бар.
Ерте заманда ноғай халықтарының көсемі қайтыс болып артында мұрагерлікке екі ұлы ие болып қалады. Үлкен ұлы күші басым болып бар билікті қолына алып, кішісін принц шад етіп тағайындады.
Кіші ұл ағасын көре алмай, оның өміріне қастандық жасауға бел байлайды. Қастандық дұрыс жүзеге аспай қалып, кіші ұл қашып кетуге мәжбүр болады. Өзімен бірге күң әйелді ала кетеді. Кең даланы ұзақ аралаған олар бір күні арнасынан асқан дарияға тап болады. Өзенде балықтың түр түрі, жағасындағы орманда аң мен құс өте көп екен. Кіші ұл осы жерге қоныстанып, аңшылықты кәсіп ете бастайды.
Шад өз билігі өзінде ерікті адам еді. Көп ұзамай жолы болғыш аңшы туралы хабар ел арасына тарап, алыстағы ноғай еліне де жетеді. Емі, Имек, Татар, Баяндер, Қыпшақ, Ланиказ, Аджлад есімді жеті адам ғұн қожайынның малын бағатын. Олардың малы өте көп болғандықтан жайылымдық жетіспей Шад өмір сүріп жатқан өзеннің екінші жағалауына ауыз сала бастайды. Әлгі жетеу Шадтың үйіне жақындаған кезде, үйден әйел шығып, «Ер, түс!» депті. Ол «жақсы оймен келсеңдер тоқтаңдар!» дегенді білдірген екен. Содан бастап өзен «Ертіс» атауын иемденген екен. Ол орысша «Иртыш» болып кете берген.