Ерте кезде қазақта Аблай атты өзі сараң, өзі залым хан өмір сүріпті.
Ағып жатқан өзенге қарап: «Осы өзен суын қайда апарады, кімге береді? Оған бөгеу салып тастайын, сонда өзеннің мол суын өзім ғана пайдаланып, малымды суарам. Таза су ішемін» - деп ойлайды.
Қол астындағы әскерлеріне үлкен-үлкен тастармен өзенді бөгеуге бұйырады. Өзен қарсылысып бақты; тасыды, арнасынан асты, тулады, тастарды Ертіс өзеніне әкетті.
Дегенмен адамдар жеңді, бөгеу салынды. Хан бөгетке келіп, «Көрдің бе, мен қандай күштімін! Енді сен маған бағыныштысың! Қажет етсем, сенің суыңды жалғыз ішем»- деп айғайлады.
Мұндай қорлыққа өзен шыдамады. Бар күшін жинап бөгетті бұзып үлкен тастармен қоса сараң ханды Ертіске ала кетті. Жағада тұрған халық «Аблай кетті!» деп айғайласты. Содан бастап өзен Аблакетка атауын алған екен.