Қорық 1998 жылдың 21 сәуірінде Алматы және Шығыс Қазақстан облысы (Үржар ауданы) аумағында ұйымдастырылды және 20,0 мың.га. жер көлемін алып жатыр. Қорық Жоңғар Алатауы мен Алакөл көлінің - Үлкен, Орта, Тасты - аралдарынан бастау алатын Тентек өзенін сақтау мақсатында құрылған.
Осы аумаққа ұя салған ескек аяқтылар, сұқсыр үйрек, шағала тәрізді көптеген құстардың сулы-батпақты кешені қорғауға алынған. Әсіресе, бұйра бірқазан, қызғылт бірқазан , өгізбас шағала, жалбағай, сұңқылдақ аққу, ақбас үйрек, ақбас тырна, аққұйрық субүркіт тәрізді Қазақстанның Қызыл Кітабына енгізілген құстардың ұяларына ерекше назар аударылады.
Алакөл көлінің құндылығы сонда, оның аралдарына Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына енген құстың сирек түрі қарамойнақ шағаланың ұялары орналастырылған.
Көлде құстар қайтатын және азықтанатын мерзімде 5 млн. дейін құс жиналады, оларды қорғауда қорықтың атқаратын қызметінің маңызы зор.