kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

немесе, тамұқта тұтанған лирика

Nurbaev a... Төр Алтайдың төрінде, жалама беті шап-шағыр көксауыр мұз жамылып, кепештігі көктің кіндігін түртіп тұрған Мұзтау деген алапат қатерлі, шапшыма шың бар. Оның қызығы да, шыжығы да, тіпті бар абыройы мен ожданы да сонда, Мұзтаудың күн ғана сүйген кепештігіне екі аяқты ажалды пенделердің шыққаны некен саяқ. Саусақпен санарлық. Осы қартамыш Алтайдың аты аңызға айналған, адамды қойып жыртқыш аңдардың өздері безіп кеткен мекенінің қамшылар жақ бүйірінде, драма мен трагедияға толы ХХ ғасырдың бірінші жартысында Көккөл атты кеніш болған көрінеді. Кеніштің Төменгі лагері мен Жоғарғы лагері арасындағы үлкен қолатта, жол жиегіндегі үйдей жартастың бетіне қашап жазылған бір шумақ өлең бар болатын дейді білетіндер. Оны жазған – шабыты шамырқанғанда нойыс бұлттарды бір-біріне соғып жай ойнататын, Қаратайдың мақтанына айналған үкілеген ақыны Ақтан Нұрбаев екен. Ол жасөспірім шағында сол кеніштің ұстасы болыпты. Қой, бәрін де басынан бастайын.

Бала кезімізде, ой-өрісіміз шала кезімізде үлкендердің аузынан Көккөл жайлы үзіп-жұлып, басы да, аяғы да шолақ шала-пұла әңгіме еститінбіз. «Соғыстың алдында ашылыпты. Совет халқының көсемі Сталиннің тікелей жарлығы болыпты дейді. Еңбек армиясына алынған, кәмелетке міне-міне толған жастар мен кәрі-құртаңдарды сонда апарып тоғытыпты. Қатыгез табиғат, қатал тірліктен пенделер шегірткеше қырылыпты. Көккөл-тамұқтан аман-есен шыққан бірен-саран жанкештілер қалған шолақ ғұмырларын булыққан күрк-күрк жөтелмен тауысыпты. Ол - жаңағы тамұқ-кеніштің сарқыты силикоз деген пәлекет көрінеді. Ойбай, айтпаңыз, тамұқты кім көріпті, әйтеуір онда болғандардың айтуларына қарағанда Көккөліңіз – фәнидің азабы мен тозағы дейді. Дейді...дейді...»

Міне, пенденің санасы мен болмыс қапшығын осындай үреймен, қорқыныш қоқсығымен толтырған Көккөл хақындағы боқсық әңгімелер, жантүршігерлік естеліктер Төр Алтайдың кіндігі саналар Катонқарағайда желдей есетін. Жөні де бар: жағырапиялық жағынан да, геосаяси түсінік бойынша да Көккөл таза Қаратай елінің меншігі саналатыны рас...

Әнеу бір – өткен ғасырдың соңғы онжылдығында, дүние асты-үстіне келіп, Жетпіс жыл үстемдік құрған кеңестік жүйе жалп етіп құлап, ел ішін жоқшылық атты сүмелек кезген топалаң кезеңде Өрел кеңшары аумағында басшылық жасаған Ауғанбаев Сайфолла көкеміз ауылдардағы пләк, торсық, сабалардың барлығын жинатып, жаңағы Көккөлге үлкен салт атты керуен аттандырыпты. Атты керуен болатын себебі жалқы: Мұзтаудың бүйіріндегі тажал-кенішке басқалай көлік түрі жетуі мүлдем мүмкін емес. Көккөлдің Жоғарғы лагерінде ту сонау 1950 жылдардан қалған цистерналарда солярка қоры бар екен. Әлгі керуен артынып-тартынып, Көккөлдің сарқыты сынды солярканы көтерем шаруашылыққа жеткізген көрінеді. Бұл да өткен шақтың оты өшкен, күйелеш-күйелеш қоламтасы сынды әңгіме де. Ал, біздер ақын Ақтан тақырыбына қайтара оралайық.

Мағзұмәді Нұрбаев айтады, (ақын Ақтанның үлкен ұлы):

«- Қазіргілер Ұлы Отан соғысы деп атап жүрген орыс-герман соғысы лапылдап тұрған кезеңде жергілікті жердегі жасы кәмелетке жаңа толған жасөспірімдерді де еңбек армиясы деген желеумен қара жұмысқа жеккен көрінеді. Сол тізімге менің әкем Ақтан Нұрбаев та ілініпті. Оларды алғашында сол төңіректегі кеніштердің орталығы саналатын Шындығатайға әкеледі. Көккөл сондағы кеңсеге бағынған екен. Әкемнің қолы өте месекерлі болатын. Оған есейгенде өзімнің де көзім сан мәрте жеткен. Тіпті бала кезінің өзінде атасы Нұрбайға еліктеп темірден түйін түйіп, ағаштан неқилы таңғажайып дүниелер жасап шығаратынын, Берелдің кешегіден қалған есті жұрты күні бүгінге дейін әңгімелеп отырады. Жә, сонымен олар Шындығатай кенішіне келген кезде, сол жердегі ұста қатты ауырып, шаруаға жарамай, басшылар не істерлерін білмей дағдарысып тұрған екен. Әрине, кеншілердің қолдарындағы басты еңбек құралы – темір қайла, болат бұрғы. Олардың өткір, берік болуы - еңбек өнімділігінің кепілі. Құралдарды жасайтын да, қайрайтын да ұста.

«Іздегенге – сұраған», әкемнің ұсталыққа бейімі, қабілеті барын білген басшылар, оны қоярда-қоймай ұсталыққа жегеді. Міне, 17 жасар жасөспірімнің кеніштегі тірлігі осылай басталған екен. Мен ойлаймын, оның силикоздан аман-есен қалуына ықпал еткен де осы ұсталығы болар деп. Қалай дегенмен жердің бетінде, вольфрам шаңынан алыстау жүреді ғой. Онан соң Ақтан ұстаны Көккөлге ауыстырады. Міне, сол тамұқ кеніште мен туыппын. Менің кіндігім кешегі күні ажалды пенденің фәнилік тозағы болған, Алтайдың бүгінде әдірем қалған сол бір көртам биігінде қиылған...»

Катонқарағайға тиесілі Төр Алтайды жіліктеп, көркем метафорамен әдіптейтін болсақ, Мұзтау – Алтайдың тәжі, Көккөл – көксауыр саптамасы, Шындығатай – көгілдір көйлегі, Шабанбай – ақшәйі көрпесі. Қаратайдың тым-тым сыршыл, көбелек қанатының суылын, тасының жұпар иісін, жапырағының жүрек жырын, балдырғанының бал тілін қалт еткізбей ұғатын үкілеген ақыны Ақтан Нұрбаев міне, сонда, жаңағы Көккөлде желбіркөкірек жастық шағын қалдырыпты.

Көккөл – XX ғасыр трагедиясы. Соғыс алдында (1938 жылы) вольфрам, молибден шығарған. КСРО-ның қорғаныс саласына қызмет көрсетіпті. Вольфрамды болатпен араластырып, танкілердің сыртқы бронын қаптаған. Сонда оның беріктігі артып, тіпті дәлдеп тиген снарядтың өзіне төтеп беретін көрінеді. Асыл текті руда оңай алғызбайды. Ауыл үйдің ауласында, не жол үстінде жатар болса, онда қандай қадір болмақшы. Сондықтан да вольфрам Алтайдың тағылар жортар қиянындағы құлазыған мекеннен тұрақ сайлаған. Сонау сұп-сұр шағылды шыңдардан Көккөлдің дәл өзіндей қатыгездік пен қасірет, таусылмас мұң мен шер, Көккөлдің дәл өзіндей тырдай жалаңаш үскірік үреді. Тым-тым үрейлі. Көккөлдің кешегі шындығы – бүгінгі ұрпақ үшін аңыз. Аңыз болғанда да, жантүршігерлік оқиғалардың аса бір әщады, іріктелген түрі. Бүгінгі тоқкүлкі: ішкен – мәз, жеген – тоқ жастардың сене қоюы неғайбыл екендігін ішім сезеді. Неғайбыл – жетпей айтылған сөз. Басыңды шабамын десең де сенбейді. Көккөл - осыдан 80-90 жылдар бұрынғы социализмнің трагикомедия сахнасы. XX ғасырдың төрт мың метр биіктікте қайырлап қалған «Титанигі»... Десек те Ақтан ағамыздың Көккөлде қалған жылдарынан сауға сұрап, майдан қылшық суырып көруге тырыстық.

Қайырды Әлқанов көкеміз айтады, (Ақтан Нұрбаевтың замандасы):

«- Көккөл кеніші 1938 жылдан 1955 жылға дейін жұмыс істеді. Онда тек қана вольфрам емес, молибден, уран сынды аса құнды металдар өндірілгені рас. Бұл жерде тіпті алтын да өндірілгенге ұқсайды. Бертін, 1965 жылдары Көккөлге барғанда таудың Ресей жақ бауырында алтын сүзетін қалбырлардың қаңқасына да жолыққанбыз. Ақтан еңбек армиясы қатарында Шындығатайда да, Көккөлде де болды. Ол не көрмеді? Ондай жаны сірі жан арамызда сирек. Кеніштің ұстасы болу деген – аранын ашқан қауіп пен қатердің аузында болумен парапар деп отырушы еді кеншілер. Неге десеңіз, «Бәрі де Отан үшін, бәрі де майдан үшін!» деген айқұлақ ұранның құтырынып тұрған кезі. Кеншілер қайла, бұрғы, тағы да басқа құралдарының жетімсіздігінен жұмысын тоқтатар болса, ұстаның басы кететіні шындық. Кейіндері Ақтанның өзі: «Маған Алла Көккөлден тірі қайтуды, сегіз ұрпақ сүюді, шыр етіп дүниеге келгенде бойыма дарытқан ақындық дарыныммен аздап та болсын шұғылдануды, шығармашылық ләззатын татуды маңдайыма жазғанына, мың да бір алғысымды әманда алқалап отырамын. Көккөлдегі ит тірлік тіпті бертінге дейін түсіме еніп, шошып оянып жүрдім.

Вольфрам деген зілмауырдай қапа-қара тас. Бір дорбасының өзін әлеуетті деген жігіттердің өздері мықшиып әрең көтеретін. Кеніште азаматтармен бірге қатын-қалаш, бала-шаға да еңбек етті. «Мынау нәзік әйел екен-ау, мынау бұғанасы қатпаған бала екен ғой» деп мүсіркеу, аяу сезімі әдірем қалғаны сондай, олар шойырылып, мертігіп жатса да ешкім селт етпейтін. Тіпті қарауға, қамқорлық жасауға шаштың орнына басты алатын басшылар мұрша бермеді. Әлгі зілдей тас толтырылған қаптар Жоғарғы лагерден Төменгі лагерге дейін салт атқа өңгеріліп жеткізіледі де, ары қарай Өрелге дейін пар ат жеккен арбамен тасылады. Ол екі арадағы 110 шақырымдық жолда – шайтан аяғын сындырғандай. Қорымтаспен өрілген ешкіаяқ соқпақ. Мұқым кеншілер жанұямызбен даңғарадай үлкен әрі жыртық-тесігінен жел азынаған барақта бірге жатамыз. Шілденің өзінде тізеден қар жауып, сақылдаған аяз ұруы – Көккөл үшін қалыпты жағдай. Көккөлдің өз басында отындық ағашты қойып, тіс шұқитын ши де жоқ. Отын Төменгі лагерден атқа теңделіп әкелінеді. Сондықтан, бастықтар барақтағы сырты мәңгі сыз тартып тұратын пештерге отынды шақтап, шөркелеп, санап қана береді. Онда адамша тұрмыс құру, адамша тірлік ету мүлдем мүмкін емес болатын. Ол кезде Адам факторы деген әлеуметтік құқық жайлы әңгіме айту – қылмыс. Адамдардың жанын да, болмысын да Қорқыныш, Үрей атты шырмауықпен шырмап тастаған.

Адамды қойып атанды қалтырататын, қан түкіртер аязда қатын-қалаш, бала-шаға вольфрамды лотокпен сүзеді. Шайқайды-ай келіп. Вольфрам ауыр болғандықтан лотокта қалады да, қиыршық тастар шайылып кетеді. Адамның ит жандылығын мен алғаш рет сонда көрдім. Көккөлде жарқыраған ашық күн болғанын көргенім де жоқ, естіген де емеспін. Үнемі ақырет жамылған аппақ дүние, ақикөз боран... Қалың қарда барақты таба алмай, ақ кебін арасында қатып қалғандар да болды, көшкі астында сіреу қарға қақалып жан тапсырғандар, аштықтан өлгендер қаншама! Көшкі демекші... Кеніштің руда алатын жері қайқайма қия бет. Таудың кепештігінен туралап түскен қар көшкіні біреу-екеу емес, топтасып бара жатқан кеншілерді тұтастай жұтып, етектегі көлдің алқымына апарып бірақ тыққан кездер де болған. Көкпеңбек мұз болып сіресіп қалған мәйіттерді алып шығудың өзі қиямет еді-ау... Қайтыс болғандарды Төменгі лагерге апарып жерлейтінбіз. Мен бертінге дейін кейде жыл сайын, кейде жыл аралатып болсын, сүйектері сол Көккөлде қалған аруақтардың басына барып, бір аят құранымды оқып жүрдім. Тірілердің қолынан басқа не келеді?!

... Қайсыбірін айтайын. Анда-санда берілетін демалыс сағаттарында қойын қалтамдағы бір тұтам қаламымды алып, өлең жазатынмын. Ең басты қызық сонда, осындай жантүршігерлік азаптың бел ортасында жүрген менің қаламымнан ылғи бір жанға жайлы табиғат, өмірге деген шексіз сүйіспеншілік, төңірегімде жүрген адамдарға деген пенделік махаббат жайлы өлеңдер туатын. Біз - ертеңгі күндеріміз ертегідей жақсы болады, мына қиыншылықтар тек уақытша ғана дегендей есірік сезімге, есуас сөзге өлердей сенген ұрпақтар болдық. Құдайға шүкір, суішкілігім шығар, Көккөл тозағынан да аман-есен өткеніме үнемі тәубемді айтып отырамын» деуші еді жарықтық. Оның Көкккөлде жазған өлеңдері кейінірек «Сырымды айтам» деген жинағында басылды да. Оны жинақтаған – үлкен қызы Гүлнар. Кенже ұлы Ержанның қаржылық демеуімен Ақтанның жырлары кейін екі том болып та басылды. Әкесінің рухани мұрасының қайтара жаңғыруына, оның жақсы жырларының ұрпақтар қолына толықтай тиюіне осы балаларының еңбегі ерекше сіңді. Мен ойлаймын, адам өмірін мәңгіліктейтін – ұрпақ! Міне, Ақтан Нұрбаев сынды ақын артына тек қана әдемі өлеңдер ғана емес, осындай саналары мен болмыстары биік ұрпақ та қалдырды. Ақтанның бақыты да сонда!».

ххххххххххххххххххххххх

...Торқалы жасыл мақпал майса кілем,

Көркіне тең келер ме жайса кілем.

Құлпырған өз өлкемнің осы өңірін,

Соңғы демім шыққанша айта жүрем..!

Бұл – Ақтан ақынның жүрекжардысы! Бұл – Көккөл атты тозақтан аман есен оралып, туып-өскен Алтайын жыр шәйісіне ораған, сонан соң ба, сонан соң оны лирикалық өлең бесігінде тербеген, көкірегінен пыр етіп ұшқан шыбындай жаны жастық шағының үлкен бір кесегі қалған Мұзтау биігіне барып мәңгілікке қонақтаған Ақынның өршіл дауысы! Ақынның Алтайына деген мәңгі өшпейтін махаббат лирикасы!

Тәубе, Көккөл атты тамұқтан Ақтан тірі қайтпаса қайтушы едік?!

Әлібек Қаңтарбаев,

жазушы, публицист.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений