Мен, 1937 жылы Әзірбайжанда Шамхар ауданы Аннино ауылында дүниеге келдім.
Менің әкем - Цееб Герман Альбертович (1913 ж. т.)
- анам Цееб Анита Яковлевна (1915 ж.т.)
- әжем Цееб Альвина Иогановна(1880 ж. т.)
- апайым Цееб Милина Германовнамен бірге тұрдық.
1941 жылдың тамыз айында КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының немістерді көшіру туралы Жарлығы шықты. Барлық неміс халқына фашизмге көмектеседі деп саяси сенімсіздік көрсетті. 1941 жыл біздің тағдырымызды - кеңестік немістердің тағдырын түбегейлі өзгертті.
Бізді, Аннино ауылының барлық тұрғындарын, мәжбүрлеп айдауылмен Қазақстанға алып кетті.
Шамхардың орталығынан Астраханға дейін бізді өзен пароходымен алып кетті, содан кейін теңіз кемесіне ауыстырып, Каспий теңізі арқылы Гурьевке жіберді. Одан кейін вагондарға отырғызды. Вагондарда дәретханалар болған жоқ, сондықтан кейде вагондар тоқтаған кезде, барлығы таза өріске секіретін, жолай қайтыс болғандарды бірден түсіріп кететін. 1941 жылдың қараша айында жол азабын тарта отырып, отбасымызбен Таврия ауданының Степное ауылына алып келді. Ал 1942 жылы менің ата-анам еңбек армиясына жұмылдырылды.
Анамды Сызран қаласына 1943 жылға дейін жіберді, содан кейін ол 1945 жылға дейін Ставрополь мұнай кәсіпшілігінде болды, ол жерден дәрігерлік комиссияның сәйкестігіне байланысты тұрғылықты жері бойынша, Степное ауылына демобилизацияланды, Таврия РОМВД-да есепте болды.
Әкем Бийск қаласына еңбек армиясына жұмылдырылып, орман алқабында ағаш кесіп жұмыс істеді. 1942 жылы орманға 15000 неміс келді, бір жылдан кейін 3 мың адам қалды, қалғандары аштықтан, суықтан, жұқпалы аурулардан және ауыр еңбектен қайтыс болды. 1944 жылы әкем ауыр жұмысқа қабілетсіз деп танылып, 2-ші топтағы мүгедек болып, Таврия ауылының аудандық әскери комиссариатына жіберілді. Тек 1955 жылы ата-анам әкімшілік қадағалаудан босатылды.
Ата–анамызды еңбек армиясына алып кеткенде әпкем екеуміз бейтаныс ауылда жалғыз қалдық. Бізді жергілікті тұрғындардың отбасыларына орналастырды. Бұл өте қиын кез еді, біз орыс тілінде бір сөз білмедік. Содан кейін, бізді Таврия ауданының Азовое ауылында қадағалауда тұратын әжеміз алып кетті. Аштық, киім мен аяқ киімнің жоқтығынан мектепке бармадық. Бізді, 16 жасқа толғанда, РОМВД-да қозғалу құқығынсыз арнайы есепке алды.
Әкем мен анам еңбек армиясынан мүгедек болып оралды, олар өте кедей өмір сүрді. Әкем ауылда жүріп зекет сұрады. Мен әпкем екеуміз мектепке кеш 9 және 11 жаста бардық. Бала кезімізден бастап ересектермен бірге ауыр жұмыс жұмыс істедік, сиыр саудық, қой бақтық.
Өкінішке орай, қуғын-сүргінге ұшырағандардың, еңбек армиясында болғандардардың қиын да азапты өмір жолы туралы деректер жоқтың қасы. Осындай ұмыт бола бастаған тарихты қозғап, ел басына күн туған кезде еңбек көрігін қыздырған жазықсыз жандардың адал еңбегіне лайықты баға беруге ұмтылған кітапхана қызметкерлеріне алғысым шексіз!