kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

                                                                   Есхатова Назерке,

Тарбағатай - киелі мекенім

Біздің ауданда ойлаған көсемдер, шешендер, әділ билер, жауға қол бастап шыққан батырлар, күйшілер, күміс көмей әншілер, ақындар, көріпкел әулиелігімен аты аңызға айналған емшілер, жауырыны жерге тимеген палуандар өмір сүрген.

Ежелден табиғатына бай «Барқытбел» атанған қарт Тарбағатай ерте замандардың көнекөз куәсі. Бұл өңірде біздің жыл санауымызға дейінгі бірнеше мыңжылдықта ерте көшпенділер мекендеген. Бұған дәлел тау төскейіндегі далалардағы үйінді обалар. Шыбынды елді-мекені маңындағы обадан табылған барыс мүсіні орнатылған қос шырағдан, Кіндікті өңірінен түркі қағанаты дәуіріндегі тас мүсіндер табылған.

Жермен елдің тұтастығын сақтап қалған ұрпаққа ұран, халқына мақтан болған Қаракерей Қабанбай, Би Боранбай, Дәулетбай бабаларымыздың Тарбағатай өңірінің тумасы екендігін, ұлы ерлігіне лайық дарабоз, батыр атануы ұрпақтар үшін зор мақтаныш.

Ел қорғаудағы ұлы ерліктер Тарбағатай өңірінде өткені белгілі. Аудан жеріндегі Қалмаққырған, Долаңқара, Кергентас, Баспан, Майлышат, Құбас кезеңі, Шорға, Мауқыбай, Шаманна тағы басқа тарихи жерлер осы оқиғаға байланысты аталған.

Осы өңірдегі 1826 жылы орыс патшалығына бодан болмаймыз деп алғаш рет анықтап, ашық қарсы шығып ақыры сол үшін құрбан болған Қожагелді батыр, Сатының ұраны болған Бұтабай, Маңырақ айқасында аты шыққан Байотар, ел бірлігін көксеген Сасан, Шәкі билер, Сатының биі қажы, бүкіл исі қазаққа әйгілі Тана мырза мен Кенжелі шешен, Найман елінен алғаш рет қажыға барған Шал қажы, Құрбан қажы, Әулие емші Ырғызбай, Оразбай дуана, қарадан шығып аға сұлтан болған Қисық сұлтандар Тарбағатай жерін мекендеген.

Тарбағатай ғажайыптары

Тарбағатайдың сан-қырлы кереметтері бар. Мысалы: Баспан тауының Әулие шатқалындағы Әзбай қызылы деген биікте орналасқан үңгір, Боранбай шатысы,т.б. Бірақ ең ғажабы - Жәнтікей мен Кіндікті ауылдарының арасындағы жазықта орналасқан құпиялы, тылсым жартас Бөрітастаған.

Көктен түскен тас

Шығысқазақстандық математик Тоқтар Нұркенов «Бөрітостаған» аспаннан түскен қатты дене деген болжам айтыпты. Ол бұл тас «метеориттік қопарылыс кезінде ұясынан жылжып кеткен пергаменттік дене болуы мүмкін» деген. Тіпті ол осы тас маңынан салмағы 1,5 грамм болатын темір сынықтарын тауып алыпты. Олар таза никель мен темірдің қоспасы көрінеді.

Ұршықтан ұшқан тас

Өзі төртбұрышты әрі биік жартас «Бөрітастағанның» аты да, заты да жұмбақ. Қилы болжамдар жетіп артылады. Басы аңыздан басталып, соңы тіпті ғылыми болжамдармен аяқталады. Қайсысы рас, қайсысы жалған екені Бөрітастағанның өзіне ғана аян.

«Ертеде Тарбағатай тауларының бірінде ірі денелі алып кемпір өмір сүріпті. Бір күні алып апа отарлы қойын жазыққа жайып қойып, терең ойға батып, ұршығын иіріп отырғанда, қарайған қасқырды көреді. Отарына да, өзіне де тыным бермеген көк бөрілерге әбден зығырданы қайнаған алып кемпір иіріп отырған ұршығының тасын лақтырып, қасқырларды үркітіп жіберіпті-міс. Өзі алып болса, кемпірдің ұршығы, ұршығының тасы қандай боларын елестете беріңіз... Осы Бөрітастаған сол алып кемпірдің ұршығының тасы екен». Бұл – Тарбағатайдың әр тумасы білетін ең алғашқы болжам, ел жадындағы аңыз.

Тарбағатайдың кең даласына орын тепкен Бөрітастағанның сыры

Аймаққа келген агеологтардың болжамы бойынша «бұл тас мол су көзін басып жатыр» дейді. Жергілікті халықтың білуінше, бұл сөздің жаны бар, өйткені Бөрітостаған тастарының арасы үнемі ылғалданып жатады екен.

Аудан тұрғындарының айтуынша, Бөрітостағанның ұзын тұрқы 250 метрден асса, ені 10 метрден асады екен. Ал биіктігі төрт қабатты ғимаратпен тең деседі. Терістік батысы жадағайлау болғандықтан, тас төбесіне адамдар көбінесе сол жағынан шығады. Құз тастары күндіз жылтырап жатса, жауын-шашынды күндері тайғанақ. Халықтың да, ғалымдардың да соңғы бір болжамы мынандай: Балқаш, Алакөл, Зайсан арасы бағзы заманда тұтасып жатқан көл болуы ықтимал, уақыт өте келе су тартылып, оның орнында осы құздар қалуы да мүмкін ғой.

Қорытынды. Киелі мекен, талай талантты, біртуар дарындарды, елге үлгілі тұлғаларды қанатынан қақтырған Тарбағатай ғажайып мекен. Тарбағатайда орын тепкен таңғажайып жартас Бөрітастаған Қазақстанның жеті кереметіне лайық керемет жаратылыс.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений