ЧЕРНЫХ СТАНИСЛАВ ЕВГЕНЬЕВИЧ
1934-1991
Станислав Евгеньевич Черных, мұрағат ісінің үздігі, еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, жазушы-өлкетанушы, КСРО Жазушылар одағының мүшесі.
Станислав Евгеньевич 1934 жылы 31 қазанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1957 жылы Мәскеу тарихи-мұрағат институтын үздік бітіреді. С.Черных өлкетану, тарих, әдебиет, есімдері ұмыт болған тұлғалардың тағдырын зерттеген. Станислав Евгеньевич Шығыс Қазақстан облысының мұрағат ісінің дамуына үлкен үлес қосты, туған өлкесі, Кенді Алтайдың адамдары туралы бай әдеби мұра қалдырды. Оның есімі өзі өмір сүрген, жасаған және өзі өте жақсы көретін Өскемен қаласында мәңгі сақталған.
1994 жылдың қазан айында Өскемен мәслихаты-жиналысы мен қала әкімшілігі Металлург кентіндегі көшеге оның есімін беру туралы шешім қабылдады, ал 2004 жылы С.Е. Черных тұрған үйге мемориалдық тақта орнату туралы шешім қабылданды.
_______________________________________________
Мұрағат материалдары
Өскемен Әкімшілігі басшысының Металлург кентіндегі көшелер мен тұйық көшелерге атау беру туралы өкімі (ф.296, оп.1, д.118, лл.28-29)
С.Е.Черныхтың жеке қоры (ф.50)