ВОЛКОВ АЛЕКСАНДР МЕЛЕНТЬЕВИЧ
1891-1977
Александр Мелентьевич Волков 1891 жылы Өскемен қаласында дүниеге келген. Отставкадағы унтер-офицердің ұлы болған оған білімге деген жол қиын болды, бірақ он тоғыз жасында Александр Мелентьевич туған қаласында мұғалім болады. Ол орыс тілі мен әдебиеті, математика, тарих, география, физика, химия, шет тілдерінен сабақ береді. Сонымен қатар уездік мұғалімдер газетін шығаруды жолға қойды, Шаруа университетінде дәріс оқиды, үгіт дәрістерін жазады.
А. М. Волков оқытушы, содан кейін Мәскеу түсті металдар және алтын институтының жоғары математика кафедрасының доценті болады. Отызыншы жылдардың соңында доцент-математик А. М. Волков үлкен әдебиетке келеді. Ол «Орлиный клюв», «Клуб шутников» комедияларының, «Чудесный шар» тарихи романының, «И кровью обагрилась Лена», «Урфин Джюс и его деревянные солдаты», «Семь подземных королей», «Желтый туман», исторической повести «След за кормой» («Удивительные приключения Рори Эйлифсона» повестерінің авторы. Оның «Волшебник изумрудного города» ертегісі балалар мен ересектердің ықыласына бірден бөленді. Әлемнің көптеген тілдерінде жарық көрген А.М. Волковтың шығармаларының жалпы таралымы жиырма бес миллион данадан асты.
1986 жылы Ертістің Сол жағалауындағы жаңадан салынған көшеге А.М. Волковтың есімі берілді.
_______________________________
Мұрағат мәліметтері
Өскемен қаласының көшелерін қайта атау туралы облыстық атқару комитетінің шешімі (ф.176, оп.3, д.2178, л.53)
А.М.Волковтың жеке қоры (ф.456)
А.М.Волковтың өмірі мен шығармашылығы бойынша құжаттар (өмірбаян, жеке іс, мақалалар, фотосуреттер) (ф.50, оп.1, д.601; ф.273, оп.1, д.28)