kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Nazyrbaev kКатонқарағай ауданындағы Садық Тукебаев атындағы Еңбек (Таңба) орта мектебі осындағы қарт мектептердің бірінен саналады. Бұл оқу орны 1922 жылы Садық Тукебаевтың (1898-1971 ж.) басшылығымен ашылған. Мектеп әуелде Садықтың туысы Қанапия Қойшыбаевтың қос бөлмелі ағаш үйінде орналасқан. Ал 1928 жылы Қызыл қаратайдан бастауыш сыныпқа лайықталған мектеп үйі салынған. Мектептің алғашқы ұйымдастырушысы да, меңгерушісі де Садықтың өзі болған. Ол кезде Садық Шыңғыстай болысының басқарушысы Әбдікерім Ережеповтың ұлы Қақанмен бірге Уфадағы «Ғалия» медрессесін, Семейдегі оқу-ағарту семинариясын бітіріп келген кезі екен. 1928 жылы Петропавл қаласындағы инспекторлардың өлкелік курсын бітіріп келген соң Семей губерниясы Шыңғыстай аудандық оқу бөлімінің инспекторы болып тағайындалады. Осы жылдары Сәкеңнің басшылығымен тоғыз бастауыш мектеп (Майемер, Топқайын, Қабырға, Жаңаүлгі, Қиын-Жыра, Таңба, Ақшоқы, Аршаты, Жазатыр) салынады. Оқу-ағарту ici саласындағы ерен еңбегі үшін Садық Тукебаев 1954 жылы Ленин орденімен марапатталған.

Ол кісі 1971 жылы дүниеден өткенімен, оның есімі ескерусіз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 сәуірдегі №523 қаулысы бойынша 1922 жылы өзі негізін қалаған Еңбек орта мектебіне Садық Түкебаевтың есімі берілді.

Таңба бастауыш мектебінің алғашқы шәкірттері Мұхтар Сахарияұлы, Нұрлан Жарылғасынұлы, Күлзада Айтбайқызы, Берікбол Қашқынбайұлы, Омар Тлеуұлы, Мырзабек Оспанбайұлы, Солтанбек Бисатұлы болды. Солтанбек Шыңғыстайда жетінші сыныпты бітірген соң, Семей педагогикалық техникумынан мұғалімдік мамандықты алып шықты. Нурлан Жарылғасынұлы да ұстаздық жолды қалап, өмір бойы аудан мектептерінде абройлы еңбек етті.

Таңба бастауыш мектебі 1936 жылы жеті жылдық орталау мектеп болып құрылған. Осы мектепте балаларға дәріс берген ұстаздардың бірқатары Семей жақтан келген мамандар болған. СолардыңMektep қатарында Жұмаділ Серікбай, Сымықов Байхан, Улкенбаев, Аханов секілді азаматтар 1937-1938 жылдары қуғын-сүргін құрбаны болып кеткен көрінеді.

Сол бір өткен жылдарда осы мектепте Серікбол Қашқынбаев, Бекбау Әбілов,  Сағымбай Жәкежанов, Сағди Сләмбаев, Күлзиға Қанапина, Әбдразақ Сахариев, Серікбол Жұмаділов, Жукенбеков, Қабдуәли Дәниев, Әйіп Ауғанбаев, Құрманғажы Өскенбаев, Тахан Жолаушинов, Зәбилә Алпысова, Бияхмет Мынбаев, Марусья Барсукова, Зейнелтабит Тоғызов, Қабиба Мынбаева, Мырзабек Оспанбаев, Бақан Елбалина, Нұрахмет Хамитов, Қаматай Дубаев, Зарқұм Амренов, Ниязбек Серменов, Әлібек Ташенов, Қабиба Ташенова, Әутәліп Бултинов, Мубәрак Базарбаев, Нағима Базарбаева, Әлібек Тарин, Сейтбек Сағидолдин, Елжан Қабдолов, Солтанғазы Абалақов, Қайникамал Захарина, Сакко Қашқынбаев, Нұролда Бияров, Оқа Сқақов, Құрман Балабаев, Әсия Досова, Әймен Бекеева, Күлзипа Сейтенова, Қатира Сахариева, Қайырбек Нұрқасынов, Бақытжан Райысова, Әсел Райысова, Түгелбай Сахариянов, Дарияхан Қожданбекова және басқа да азаматтар ұстаздық қызымет атқарған. Соғыстан кейін Мұсатай Садықов, Тахан, Жолаушинов, Бияхмет Мынбаев, Сәменхан Мұқамбеков, Қалиасқар Құмашев, Мәулетхан Нұрғазин, Әутәліп Бұлтинов, Оқа Сқақов, Құрман Балабаев, Әлібек Маңдайбаев, Қатира Сахариева секілді азаматтар мектеп директоры болды. Оның ішінде Қалиасқар Құмашев бес жыл, Құрман Балабаев он жыл, қалғандары бір-екі жылдан басқарған.

Мектепті ең ұзақ басқарған осы ауылдың, осы мектептің түлегі Төлеген Рахымжанұлы. Ол 1962-1971 жылдары оқу ісінің меңгерушісі, 1971-1978 және 1985-2000 жылдары мектеп директоры болды. Төлеген Рахымжанұлының белсенді жұмысының арқасында орталау мектеп 1994 жылы орта мектеп болып құрылды. Төлегеннің ұйымдастыруымен 1994 жылы мектептің 70 жылдық мерейтойы атап өтілді.

mektep k1994-95 оқу жылында мектеп өзінің тұңғыш түлектерін ұшырды. Мектеп ашылғаннан бepi түлеп үшқан түлектер саны 2300-ден асыпты. Олар халық шаруашылығының, білім мен мәдениеттің әралуан салаларында өздері қалаған мамандықтары бойынша абыройлы еңбек етуде.

2000 жылдың тамыз айында Ғалия Сейітқұмарқызы Күршімбаева аудан әкімінің өкімімен Еңбек орта мектебінің директоры болып тағайындалды. Ол бұл мектепке 1987 жылы келген жас маман еді. 1988 жылдан 2000 жылға дейін мектеп оқу ісінің меңгерушісі міндетін атқарған, содан бері мектеп ұжымына басшылық етіп келеді. Ғалияның басшылығымен Әлия Құдайбергенова, Еділ Асылбаев, Есей Құнтаев және басқа да ұстаздар бүгінде де жемісті еңбек етіп жүр. Түгелбай Сахариянов пен Дария да өмір бойы осы мектепте еңбек етіп, зейнет демалысына шықты.

Бұл мектептен ел таныған, есімі елге белгілі адамдар көптеп шыққан. Мәселен, колхоз-совхоз өндірісін дамытуға ерекше үлес қосқан, шаруаның жайын, ел басқаруды жеттік білетін іскер азаматтардың қатарында Шанақ Ауғанбаев, Берікбол, Серікбол Қашқынбаевтар, Сейтқазы Тұрбаев, Бекбау Әбілев, Уәли Тұрсынов, Қаби Жәмиғазин, Сәкөлек Серікбаев, Самархан Көбешев, Сағилан Мамырханов, Қабимолда Әбдікеров, Мамырбек Қайсанов, Мұхтар Сахариев, Қажан Қанапин, Нұқтарбай Мұхтархан, Бабағұмар Райысовтар және басқалар бар.

Бертіндегі жастардан Сқақов Ержан Оқаұлын айтпай кетуге болмайды. Ол «Өскемен-құрылыс» компаниясы серіктестігінің және «Көкжал» шаруа қожалығының төрағасы, облыстық маслихаттың экс-депутаты, Шығыс Қазақстан облысына есімі кеңінен танымал меценат.

Қазақстан Жазушылар Одағының мүшелері, бірнеше кітаптардың авторы Баламер Сахариев, Төлеген Рахымжанұлы, Бақытжан Райысова және осы жолдардың авторы да өздерін Таңба мектебінің түлегіміз деп мақтан тұтады. Сонымен қатар, журналистер Мұратбек Қабимолдин, Орынбай Тлеуов, Арай Сахариева, Жігер Рахымжанов, ақын Ермек Сахариев та Еңбек Мектебінің әр жылдардағы түлектері.

Сондай-ақ, техника ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік Академиясының академигі болған Төлеухан Бияровты мектеп ұжымы әрдайым мақтаныш тұтады.

Шаруашылықтың, ғылым мен мәдениеттің басқа салаларында да ерен еңбектерімен танылып жүрген мектеп түлектері аз емес. Өздері түлеп ұшқан алтын ұяларының 100 жылдық мерейтойы қарсаңында олар да өз естеліктерін жолдаса нұр үстіне нұр болар еді.

Қайырды НАЗЫРБАЕВ,

мектептің 1963 жылғы түлегі, баспагер-жазушы,

Катонқарағай ауданының Құрметті азаматы

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений