kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Заманның төріне биіктеп, ұлттық әдебиетіміздің мейілінше бай тарихына бойлаған сайын, қилы да қияметті кезеңде де әдебиеттің орны ерекше болғаны хақ. Жиырмасыншы ғасыр көгінде жарық жұлдыз болған шығарма – «Абай жолы» романы екені баршамызға мәлім әрі аян.

Бұлғақтаған заманға, зорлықшыл-қорлықшыл әкімшілікке, тайғанақ әрі қитұрқы саясатқа бой ұсынбай осындай алып дүниені сыйлаған Мұхтар Омарханұлы «нағыз адамзаттың азаматы» емес пе?! Әуезов шығармалары алып мұхит, терең теңіз, оны зерттеп, түгел түсініп, жете меңгеру мүмкін емес.

Әуезов ғұлама жазушы ғана емес, ол ең бірінші – азамат, ер адам, күйе де сүйе де білген жан, соның айғағындай ғұлама өмірін өрнектеген әйелдер туралы біраз дерек бермекпін.

Қырық жылдан артық ұстаздық еткен жылдарымда оқулықтарымыздың жұтаң, өте қысқа дәрежеде берілгеніне көзім жетті. Ал орыс әдебиеті оқулықтары әлдеқайда ауқымды, жан-жақты, әр ақын-жазушылар туралы деректер молынан берілетін. Олар тек өлең мен жырдың, көркем әдебиеттің өкілдері ғана емес, нәзік сезімді, өшпес махаббат иелері болғандығыда жазылатын.

Мысалы: ұлы Пушкиннің А. Кернге, сүйікті әйелі Гончароваға, Тургеновтың Полина Виардоға, С. Есениннің Айсодара Дунканға арналған өлең жолдары мен мәліметтер айтылатын.

Ал, қазақ жазушылары қай жылы туды, қашан өлді, қандай шығарма жазды деген деректен басқа мағлұмат берілмейтін. Өте сезімтал жібектей нәзік жүрек-ақын жазушылар мен өнер адамдарында боларын еске де алмадық.

Иә, махаббат ұлы сезім. Абайдың мәңгілік махаббаты осы сезімнің символы емес пе? «Махаббатсыз дүние бос», «Дүниеде, сірә, сіздей жар табылмас», «Келер көзден ыстық жас», – деген өлең жолдары осының айғағы ғой.

Raihan.jpgСұлулыққа сын барма, шеберлікке шек бар ма, өзі де келбетті, мінезі де көрікті, заманына сай туған азаматты кім ұнатпады ?

Ауыл баласы болған Мұхтар да заман талабына бой алдырғаны мәлім. Ол жиырма жасында он алты жастағы Райханға үйленді. Ата-ана қалауымен. Райхан Кәкенқызы – ұзын бойлы талдырмаш көзі үлкен, өте сыпайы әрі алты ағасының ортасында еркелеп өскен қыз. Мұхтарға адал жар болды, екі сәбиді өмірге әкелді, бірақ Райхан дала қызы, білімі кем, оқуы аз.

Бұл кезде Семейдегі зиялы қауыммен қауышқан, қыран бүркіттей қанатын қомдап, биікке көтермекші болған Мұхтарға бұл кедергі еді. Өмірге келген қызы Мұғалима мен ұлы Шоқанды қиып, Райханмен ажырасты.

Шоқан жастай шетінеп, Мұғалима ұзақ өмір сүрді. Өзінің «Әкемді іздеп барамын» атты кітабында әкесін үнемі мақтан тұтқанын, өле-өлгенше зор сыйластықпен балалық махаббатын арнағанын жазды.

Жанындай жақсы көрген Мұхтарды Райхан кінәлаған да жазғырғанда жоқ «қайта бағы жанып, биікке көтеріле беруіне» тілек айтқан екен. Міне, дала қызының құдіретті махаббаты.

Райхан Кәкенқызы 1976 жылы Алматыда қызының қолында дүниеден озды. Мұхтардың Райханмен ажырасуының басты себебі – Кәмиләмен СемейдеKamila кездесуі еді. Абайдың немересі, Ділдә әжесінің тәрбиесін көрген Кәмилә өте сұлу, ұзын шашты, көзі ашық, таза әрі жинақы, әсем киінетін, өзін әдемі ұстайтын қыз болатын. Бұрыннан таныс жандар Семейде табысып, отау құрады, бірақ олардың жұптық өмірі 5 жылдай ған болды. Өмірге келген қыздары Зере мен Мағрипа өте ерте шетінеп кеткен еді. Мұхтардың Ленинградта оқуы, сонда ұзақ тұрып қалуы екеуінің арасын суыта түсті, оның үстіне «Валечка» да бой көрсете бастаған еді.

Дегенмен, Мұхтар жүрегінің түбінде өмір бойы сақталған сүйікті бейне – Кәмилә еді, ал Кәмилә үшін Мұхтар шексіз сезімнің, ұмытылмас махаббаттың бейнесі еді. Мұхтар ойынан кетпеді, аузынан есімі түспеді. Кәмилә аурушаң болып, өзінің аз өмірі қалғанын қатты сезген. Өлерінің алдында Мұхтарға арнап мынандай өлең жолдарын қалдырған екен.

Сәлемет, сау ма денің өмірлесім,

Қосылған махаббатпен көңілдесім.

Сағынып жүргенімде кеттің алыс,

Жүреміз өмір ғылып бұның несін?

Тілегім бар қызығым ауды саған,

Бір сөзің жүрегіме тиді жаман.

«Жолыңа жаным құрбан» деген қалқам

Көрісер екенбіз есен-аман.

Көзіңнің сағынамын қарағанын,

Жүрекке махаббат боп тарағанын.

Отырам күндіз-түні сені ойлаумен,

Өмірімді ару етіп жараладың.

Зырқырап басқызбайды аяғым-ай,

Жүрер ем зыр жүгіріп баяғыдай.

Қайғымен құсаланып ғашық-көңіл,

Уайыммен өтеді-ау заманым ай.

Кәмилә махаббаты – Баянның, Қыз –Жібектің, Еңлік, Мамырдың махаббаттарының жалғасы екеніне кәміл сенесің.

Valentina auezov1Әуезовтың қуғын сүргінге түсіп, ауыр кезеңдегі өмірінің сүйеуі әрі тіреуі Валентина Николаевна болды. Сол бір кезде атақты адамдардың басқа ұлттың өкілдеріне үйленуі үрдіс алып еді. Ауылда болған әйелінен ажырасып орыс қызына үйленген Қаныш Сәтбаев, атақты Әлкей Марғұландар болды, міне Мұхтар Әуезов те орыс қызына үйленіп, өмірінің соңына дейін бірге өмір сүрді.

Бүкіл өмірін жарының шығармашылықпен айланысуына жағдай жасады, қиын кезеңде көмекшісі, ақылшысы бола білді. Өмірге Ернар атты ұл мен Ләйлә есімді қызды әкелді. Әке атын биіктетіп, асқақтатқан Ләйлә болды, неше жылдар әкесі атындағы музейдің директоры болып, ұшан-теңіз еңбек етті. «Шоқан» атындағы сыйлықтың иегері болды. Ол 1993 жылы дәл әкесі жасында қайтыс болды.

Жетпісінші жылдарда «Кім көнбейді тағдырдың салғанына» атты мақала «Қазақ әдебиеті» газетінде жарық көрді. Авторы үш бірдейFatima_Gabitova1.jpg ұлыларды тәнті еткен ақылды да білімді, көрікті де ділмәр қайратты Ана атанған Фатима Ғабитқызы еді.

Алғашқы жолдасы – Біләл-ұстаз, екінші жары – «Қазақ поэзиясының Құлагері» атанған Ілияс еді. Ілияс Жансүгіров ұсталып далада қалған Фатиманың үлкен жанұясына досы ретінде көмек көрсетуінде ешбір әбестік жоқ.

Әрі сұлу, ер мінезді, өмірдің ащы-тұщысын молынан татыған Фатимаға Мұхтардың көңілі кеткені анық. «Бетке ұстасаң бедел болатын, асылдың сынығы, халық мақтанышы Мұрат Мұхтарұлы арамызда жүр. Бұл– Мұхтар мен Фатимадан қалған ұрпақ, Алла, ұзақ ғұмыр берсін деп тілеймін!

Осындай деректер оқырман қауым мен оқушыларды да қатты қызықтыратынына сенімім мол, себебі әр адамда ыстық сезім, мөлдір махаббат болатыны рас.

Қазіргі тұрақсыз сезім, жалған уәде, «тауық» махаббаттың қоғамда жайылуы көңілге қаяу түсіреді. Ұлылардың ынтығын, махаббатын көзі ашық, көкірегі ояу жастар терең түсінеді деп ойлаймын.

«Адамды адам түсінбеу – бір ақырет,

Ойлы жас, түсінсең көп рахмет!!!»

Сарипова Қатиза Байбазарқызы, ардагер ұстаз,

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапхананың еріктісі

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений