kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Auezov a1940 жылы Семей қаласынан Абай мұражайын ашу жұмыстарының басында кемеңгер жазушы Мұхтар Әуезовтің тұрғаны баршаға мәлім. «Абай жолы» роман-эпопеясы арқылы ұлт қазынасынан әлемге шашу шашқан заңғар қаламгердің мұражай қорын толықтыруға қосқан үлесі де қомақты. Ғылыми зерттеу жүргізу, қажетті материалдар жинау – осының барлығы ақын мұрасын ұрпаққа аманат етіп табыстау мақсатында атқарылған күрделі де, құнды жұмыстар еді. Тек мұражай үшін ғана емес, күллі қазақ халқы үшін баға жетпес асыл мұра болған – Абайдың 1896 жылы балалары Ақылбай, Тұрағұлмен және 1903 жылы отбасымен түскен фотосуреттерін мұражай қорына табыстаған да М.Әуезов.

Осылайша, саналы ғұмырын Абай әлемін зерттеп, зерделеуге арнаған М.Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы қазіргі күнде мұхтартанушы ғалымдардың зерттеу нысанына айналып отыр. Соның ішінде жазушы қолтаңбасы – өзіндік бір әлем! Бұл жөнінде Талатбек Әкім: «М.Әуезовтің мұрағаты мен кітапханасын­да жеке өзінің және көп­теген ақын-жазушы­лар мен ғылым, өнер, қоғам қайраткерлеріне сыйға тартқан кітаптарында оның авторлық қолтаңбасы бар», – дей келе, «Абай» романының алғашқы кітабының шығуына септігін тигізген Б.Кенже­баевқа, орыстың атақты жазушысы В.В.Ивановқа жазған жазушы­ның авторлық қолтаңба мәтіндерін келтіреді. («Мұхтар Әуезов» энциклопе­диясы. Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011. 45-бет. Авторлық қолтаңба).

М.Әуезов қолтаңбасын жинақтап, талдау жасаған келесі еңбектерді атап өтуге болады. Ол – 1997 жылы жазушының 100 жылдығына орайAuezov_kol.png алғаш рет басылып шыққан «Письма родным и близким» атты хаттар жинағы. Жинаққа М.Әуезов­тің 1940-1961 жылдар аралығында жазған хаттары енген.

Ал 2015 жылы филология ғылымдарының докторы, «Қазіргі мұхтар­тану», «Мұхтар Әуезов Ленинградта» атты ғылыми еңбектердің авторы Гүлзия Пірәлінің «Авто­граф» атауымен жазушының жеке кітапханасындағы қолтаңбалар тарихына талдау жасаған кітабы жарық көрді.

Абай мұражай қоры өз тарапынан жазушының қолтаңбасы түскен хаттар мен кітаптарды оқырман назарына ұсынып отыр. Бұл хаттар мен кітаптарға түс­кен қолтаңба құндылығы сонда, жазбалар әлем әдебиетінің жауһарына айналған «Абай жолы» роман-эпопеясын дүниеге әкелген ұлы халықтың ұлы перзенті, жазушы М.Әуезовтің өз қолымен жазылған. Қорда жазушы­ның түпнұсқа төрт хаты сақталған. Мұражайға хаттарды табыстаған жазушының ұлы Мұрат Әуезов.

Хаттар жайында қысқаша мағлұмат берер болсақ, ұлы қаламгер алғашқы хатын 1954 жылы 30 наурызда Мәскеу қаласынан ұлы Мұраттың атына жазыпты. Хат мәтіні «Мұратай, айналайын алтын балам!» деген сағыныш сөздерімен басталады. (КП-6256. Хат қазақ тілінде жазылған, мазмұны қысқа, толық сақталған, жарты бетке жазылған, көлемі 14х20, қағазы сарғайған).

1957 жылы 20 маусымда жазған екінші хаты да баласы Мұратқа жолданған. (КП-6255. Хат мәтіні орыс тілінде. Қысқа мазмұнды, толық сақталған, шағын бетке жазылған, бет көлемі 15х20,5).

Auezov k1961 жылы жазған үшінші хаты Фарида Халитованың атына жолданған. Хатта М.Әуезов Мәскеу Мемлекеттік университеті студенті, ұлы Мұратты тапсырып, елге апаруын өтінген. (КП-6258. Хат А4 көлемдегі қағаздың екі бетіне жазылған. Хаттың сақталуы толық емес, қағаз шеттері жұқарып, жыртылған).

Келесі хат – жазушының 1961 жылы 25 маусымда Мәскеу ауруханасынан жазушы, Абай елінің азаматы Кәмен Оразалинге жазған соңғы хаты. (КП-6257. Хат мәтіні қазақ тілінде жазылған, толық сақталған, депутаттық дәптершенің бір парағына жазылған, көлемі 13х16,5).

Жазушының мұражай қорында сақталған келесі қолтаңбаларын әр жылдары арнайы сыйға тартқан шығармаларының бетінен көруге болады. Олар­дың алғашқысы – 1945, 1948 жылдары орыс тілінде жарық көрген «Абай» романы. 1945 жылы Мәскеуден шыққан романның бірінші бетіне «Музею Абая» қолтаңбасы қойылған. 1948 жылғы кітапта автордың «Ұлы Абайдың атындағы музейге, менің берген момын үлесім есебінде» деген қолтаңбасы түскен. Автор бұл екі кітапқа 1949 жылдың 25 сәуір күнімен қолтаңбасын түсіріп, мұражайға сыйға тартыпты. Келесі кітап – 1948 жылы чех тілінде жарық көрген «Абай» романы. Кітапқа «Семипала­тинскому Литературному Музею им. Абая от автора» деген мәтінмен автордың қолтаңбасы 1949 жылдың 1 тамызында жазылған. Ал 1951 жылы 28 сәуір күні «Для библиотеки музея Абая» арнайы қолтаңбасы қойылған, 1950 жылы румын тілінде басылып шыққан «Абай» романын мұражай кітапханасына сыйға тартқан.

М.Әуезовтің қолтаңбасы түскен бұл түпнұсқа хаттар мен кітаптар мұражайға келушілер үлкен қызығушы­лықпен танысып, тамашалайтын құнды жәдігерлер қатарында.

Меруерт Абламбаева,

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және

әдеби-мемориалдық қорық-музейінің бас қор сақтаушысы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений