(1896–1960)
Үдербаев Ғали 1896 жылы туған, ШҚО Ұлан ауданы «Шағыл» (Тарғын ауылының маңында) елді мекенінің тумасы. Ұжымдастыру кезеңінде Ұрынхай ауылына, кейіннен Солдатское ауылына көшті.
Ғали Үдербаев осы ауылда колхоз құруға белсене қатысып, содан кейін «Ұлттық Достық» колхозының сүт-тауар фермасын басқарды.
Үдербаевтың әйелі (Икамбаева) Ажар 1900 жылы туған. Ғали мен Ажардың 12 баласы - 6 ұл және 6 қыз болды. Оның екі ұлы – 21 жастағы Қайролда және 20 жастағы Байдолда майданға шақырылды.
1944 жылы 48 жастағы Ғали Үдербаев еңбек армиясына алынып, Свердловск қаласына жіберіледі. Қолының шеберлігінің арқасында сарбаздарға етік тігіп, күніне 18 сағаттан жұмыс істеген.
Ауыр жұмыс пен ауыр еңбектен қажыған Ғали 1945 жылы үйіне оралды. Ол еңбек армиясы туралы ештеңе айтпайтын және еңбек жағдайына шағымданбайтын. Ол
еңбек армиясына аттанарда денсаулығы мықты және қар күштің иесі болған екен. Ауылда ер адамның қолы жетіспегенсоң елге оралған Ғалиды ферма меңгерушісі етіп тағайындайды. Өмірінің соңына дейін отбасы мен кеңестік жүйенің игілігі үшін жұмыс істеген Гали 1960 жылы 18 маусымда қайтыс болды.
Оның тұңғыш баласы - Қайролла соғыста 2 жарақат алса да үйге оралды, бірақ денсаулығы нашар болды. Ол 1982 жылы қайтыс болып, Тарғын ауылында жерленді. Екінші ұлы – Байдолда, фашизмге қарсы шайқастарға қатысып, кейін хабарсыз кетті.
Отбасындағы оныншы бала- қызы Маулихат еді. Ол педагог, 1963 жылы Өскемен қаласындағы пединститутын бітірді. 30 жылдан астам жалпы білім беретін мектепте алдымен мұғалім, содан кейін оқу ісінің меңгерушісі болып жұмыс істеді және мектеп директоры лауазымынан құрметті демалысқа шықты. Алматы қаласында тұрады, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген мұғалімі.
Нұрсапа Ғалиұлы отбасында он бірінші бала (15.09.1940 ж.т.), Қазақстан ІІМ офицері. 1996 жылы милиция полковнигі «ҚР ІІМ құрметті ардагері» атағымен зейнеткерлікке шықты. Өкінішке орай, 2015 жылы қайтыс болды. Оның 1 ұлы мен 3 қызы, екі немересі қалды.
Нұрлыбек Ғалиұлы (03.10.1944 ж.т.), ШҚО Ұлан ауданы Солдатское ауылының тумасы, милиция полковнигі. ШҚО полиция департаменті бастығының кеңесшісі болып қызмет етеді, сонымен қатар ІІБ ардагерлер кеңесі мен ШҚО Ұлттық ұланы төрағасының міндетін атқарады. Нұрлыбек Ғалиұлы 50 жыл бойы жас полиция қызметкерлеріне өзінің бай еңбек және мол өмірлік тәжірибесін бере отырып, Қазақстан полициясы қатарында қызмет етеді. Ол «ҚР ІІМ құрметті ардагері» және Ұлан ауданының Құрметті азаматы.