kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(Майерлер отбасы тарихынан)

trudarmiya Maier FedorҰлы Отан соғысы жылдарында Қазақстанға жер аударылып, тағдыр тауқыметін молынан тарқан атам мен әжемнің өмірінен сыр шертпекпін.

Соғыс басталғанға дейін Федор Федорович пен Амалия Егоровна Майерлер Сталинград облысы Фроловский ауданы Фриковский хуторында тұрған. Отбасында екі ұлдары – әкемнің үлкен ағасы – Костя мен әкем (1938 жылы туған) - Володя болды. Оңтүстік Майдан Әскери кеңесінен Бас қолбасшы И. В. Сталинге домалақ хат жіберіліп, онда батыс өңірінде тұратын неміс халқы фашист басқыншыларын нан-тұзбен қарсы алуға дайын екені хабарланған. Майерлер отбасы басқа да Поволжье немістері сияқты саясаттан аулақ тыныш қана өмір сүріп жатқан жандар болатын.

Болар іс болды. Күздің қара суығында ат-арбамен, ашық вагонда одан кейін жүк таситын баржамен Ертісті бойлап Шығыс Қазақстанға жетті. Ауыр жолды көтере алмай Костя ауырып, егде тартып қалған әжелері екеуі жолда қайтыс болды. Мало-Красноярск айлағына менің әкем Володя әке-шешесімен үшеуі ғана жетеді.

Мало–Краснояркаға келісімен Федор Федорович пен Амалия Егоровна неміс ұлты болғандықтан арнайы есепке алынады. Қырсық мұнымен бітпей, большевиктер өзі де шағын отбасын бөлшектеуге кіріседі. Федор Федоровичті Челябі трактор зауытына, Амалия Егоровнаны Свердлов облысы Карпинск ауданына ағаш құлатуға Еңбек армиясына жұмылдырды.

Ал кәмелеттік жасқа жете қоймаған менің әкем онсыз да әзер жан сақтап отырған алыс ағайындардың отбасында күн көрді. Әке-шешесінен бір хабар ала алмаған сағынышқа толы күндер айға емес жылдарға созылды. Сол күндерді еске ала отырып, әкем «қазақтардың арқасында тірі қалдық, өздері шалқып отырмасы да қолдарында барын бізбен бөлісіп, аштықтан аман алып қалды. –дейтін. Бүгін, көп жыл өткен соң осы пікірмен келіспеуге шарам жоқ. Қиын - қыстау кезеңде миллиондаған жер ауып келгендерді құшақ жайып қарсы алған қазақ халқының ерлігін мәңгі есте қалдыру үшін Қазақстанда Алғыс айту күні белгіленгені соның айғағы.

Атам мен әжем еңбек армиясында белгіленген шарты жылдарды өтеген соң ғана кездесуге мүмкіндік алды. Амалия Егоровна Еңбек армиясынан бұрын оралып, менің әкемді өзіне алған соң, Федор Федорович те оралды. Еңбек армиясында көрген азаптарын тіс жарып ешкімге айтқан жоқ. Айтса да оларды түсінетін ешкім жоқ еді - ауыр кезеңде өмір сүру ешкімге оңайға соққан жоқ. Отбасы біріккен соң оларда тағы үш бала – Эмма апай, Федя, Витя ағалар дүниеге келді. Әжем өмір бойы фермада, атам «Хайрузов» совхозында комбайнер болып істеп, еңбек озаты атанды, тіпті партияға мүшелікке кірді.Федор Федорович 1995 жылы қазан айында өмірден өтті.

Ал әжем – 105 жастағы Амалия Егоровна тарихи отанында -Германияның Гамбург қаласында өмір сүруде. Менің әкем - Владимир   Федорович Мало-Красноярск мектебін бітіріп, колхозда тракторшы, одан кейін Мало-Красноярск Бұқтырма су қоймасының астында қалған соң, «Хайрузовка» (ол кезде Ново- деген тіркес жазылмайтын) селосына қоныс аударды. Кешкі мектепте бітіріп, токарь мамандығын алды, өмір бой совхозда жұмыс істеді. Барлығы туған отанындай болып кеткен қазақ жерінің дамуына шама–шарқынша үлес қосып, еңбек етті.

...Өткен шақты еске ала отырып, менің ойымша соғыс балаларының тағдырын қайта қарап, заңнамалық шешімдер қарастырған дұрыс сияқты. Сонымен қатар менің атам, әжем сияқты тотаритарлық режимнің барлық қыспағын - аштық пен жалаңаштықты,зорлық -зомбылықты, небір қорлауды, басынан өткізіп, запа шеккен мыңдаған халықтың тағдырын қайта қарау,ой елегінен өткізуді ұсынар едім. Еңбек армиясы деген сөз өткен жылдардың естен кетпес, мәңгі жазылмас жарасы іспетті, біздің отбасының кездесулердегі айтылатын жан-жарасы.

Майдангер-жазушы, жерлесіміз Меңғали Мусин бір еңбегінде АҚШ Ұлттық конгресі архивінің ғимаратына »Тарих- кіріспе» деген сөздің қашалып жазылғанын келтіреді. Оның сөзінше бейнелеп айтсақ, «Өткен шақ – бүгінгінің кіріспесі. Мүмкіндігінше нақты суреттелуі тиіс.»

Меңғали Мусин айтқандай тотаритарлық кезеңде,   шындыққа көңіл ауадруға мүмкіндік бермеді. Ол туралы белгілі орыс жазушысы Ю. Давыдов «Біз тарихпен тәрбиеленбей, тарихтың өзін тәрбиеледік: әке айтқандай бір ізбен жүріп, әдепті болдық. Тарих құштарлық пен мәрттікке, жауыздыққа, қайшылықтарға, тығырықтар мен бұралаңдарға толы. Ол – қатып қалған қағида емес, ол – өмір... » – деген екен.

Менің қосарым өткен жылдардың ақиқатынсыз болашағымыз бұлдыр болмақ.

Светлана Козуб(Майер), Ново-Хайрузовка

ауылдық кітапханасының кітапханашысы.

«Рудный Алтай» газетінде (2021жыл 16 наурыз)жарияланған мақаланың аудармасы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений