Қашқынбаев Талғат Саккоұлы 1961 жылы 16 наурыздаКатонқарағай ауданының Шыңғыстай ауылында,мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Ол кішкентайынан зерекболып, мектепке бармай «Әліппені» үйден оқып тауысқан. Мектепте үнемі үздіктер қатарында болып, қоғамдық жүмыстарға белсене араласты. Сынып старостасы, отряд советінің председателі, жоғарғы сыныптарға келгенде мектеп бойынша комсомол ұйымының секретары сияқты міндеттерді атқарды. Сонымен қатар, өнерге, спортқа бейім болды. Түрлі мерекелік жиындарда сахнада өнер көрсетіп, көркемөнерпаздар ұйымының белсенді мүшесі және ұйымдастырушысы болды. Шаңғы тебу, волейбол, шахмат ойнау, мылтық атудан оқушылар арасындағы аудандық, облыстық жарыстарға қатысты. Оның әдебиетке деген қызығушылығы да ерте байқалған, сондықтан болар мектеп пен ауыл кітапханаларының қорындағы кітаптардың көбін оқып тауысқан.
1978 жылы Өскемен қүрылыс-жол институтының «Өндірістік және азаматтық кұрылыс» факультетіне түсіп, оны 1983 жылы ойдағыдай аяқтады. Институт қабырғасында жүргенде де, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттерін таныта білді. Әскери кафедраданы іэмамдап, «лейтенант» шенін алды.
1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарына алынып, Қиыр Шығыста екі жыл әскери қызмет атқарып, «аға лейтенант» атағында қайтып оралды.
Елге оралған соң, бірнеше жыл «Зырянқұрылыс», «Лениногорқұрылыс» трестерінде, «Катонқарағай» марал совхозы, «Өрел» қой совхозы, «Алтайстрой» мекемесінде кәсіби мамандығы бойынша жүмыс істеді.
2001 жылы Шығыс Қазақстан аумақтық энергетикалық компаниясының Үлкен Нарын филиалына техника кауіпсіздігі инженері қызметіне орналасып, онда 2005 жылға дейін еңбек етті.
2005 жылы Өскемен қаласына қоныс аударып, өз мамандыгы бойынша құрылыс фирмаларында жұмыс істеді. 2007 жылдың қараша айынан бері жобалау мекемелерінде бөлім бастығы, бас инженер міндеттерін атқарып келеді.
Талғат Саккоұлы бүгінде қаламгершілікпен де айналысып, түрлі тақырыптарға өлеңдер мен шағын әңгімелер жазып жүр. Қазірдің өзінде 50-60-қа тарта әдеби шығармалары бар, біразы Катонқарағай, Ұлан аудандық және облыстық «Дидар», «Менің өлкем» газеттерінде жарияланған.
2013 жылы баспадан шағын өлең кітапшасы жарық көрді.
Оның жары — Жанаргүл Қайырлықызы, Қарағанды медицина институтын бітірген, санитарлық дәрігер. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысының «Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінде» бас маман қызметінде.
Жанұяда екі қыз тәрбиелеп өсірді. Мақпал — Шығыс Қазақстан Мемлекеттік техникалық университетін бітірген, банк саласында қызмет атқарады. Жары — Дидар, Назарбаев зияткерлік мектебінде ұстаз. Зере есімді немере сүйгізіп отыр.
Іңкәр Алматы технология университетін бітірген, қазіргі таңда Америка Құрама Штаттарының Нью-Йорк қаласында жұмыс істейді.