kl kz



>
Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Абылайкит
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Мультимедиялық топтама
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Виртуалды көрмелер

linka

Қазақ халқының киесі, ары мен намысы, ақылы мен жүрегі ұлы Абайдың аруағына басымды идім.

Қазақстан Республикасының тұңғыш

 Президенті Нұрсұлтан Назарбаев

  Абай әлемі Абайдың алып айдыны екені әбден рас, автордың кітаптың атын осылай атауы да әбден орайлы да орынды көрінеді. Түпсіз, түгесілмес ұлы әлем сыр құпияларының бірқанша салаларын сөзжұмбақтары тәсіл түрлерімен ой жұмбақтарына айналдырып оқушыға ұсыну – осы еңбектің арқау діңгегі екен. Ол және асыл мұратты іс тағылымы сабақтары мен мысалдары, әрі ойлы, әрі қызықты мағлұматтамалар. Таным, білімдерге негізделген бұл мағлұматтамалар – абайтанудағы Абай әлемі сабақтары – қызықты қымбатты сана сабақтары. Үлкен әлемнен бұл жолғы сүзіп алған «ұлы ақынның шығармалары», «туып өскен жері», «ата-тегі», «нағашы, қайын жұрты, нағашылары», «замандастары», «Абайға байланысты қалам тартқан», «бейнесін сомдаған әдебиет және өнер қайраткерлерін» және «Абай жолына» қатысты сөзжұмбақ тақырыптар арқауланған сұрақтар оқушы жұртшылықты ойға қалдыратын, ойландыратын, ойда барды оятар ой қозғалысына бастайды. «Матау сөз», «Тізбе сөз», «Сөзден сөздер», «Сан сөздер», «Шаһмат атының жүрісімен» (топтама) түр-әдістік тәсілдер абайтанытуда сан қырлы сырлар құпияларымен ұшырастырады.

  Абайдың шығармашылық әлемі ішкі қыр-сырларымен қатар өзімен тұтас уақыт, орта, қоғам, шығармашылық ақындық, жақындық - тустық айналасы мен тұтаса келе біртұтас бітімдік әлеми сипат, бітім - болмысқа ие. Сол себепті абайтанудың таным көздері, оның сан-сала бөлімдері, тарау, тақырыптары ой жұмбақтар мен сөзжұмбақтарға да сан тарау бағыттар түзеді. Мына кітап негізге алған жоғарыда аталған тақырыптардың өздері-ақ қыруар таным атыраптарына ой кездіреді.

  Ой дамытуда ойландыруды түрлендіруде «Сөзжұмбақ» – сана сабағында үлкен мәнді қызмет көрсететін шығармашылықтың қызықты, қызықтыратын жанрлық сала. Бұл өзі: шығармашылықта көп қырлы, көп түрлі кескінделіс кейпетті үлкен өнер. Шынайы шұғылданғанға бір сәттік соқпа, үзіп-жұлып қана қызыққа бола айналысар әуес емесін білген есте болса керек. Әуес болғанда: ол – шығармашылық әуес. Оған мол да бай білімді тұрақты кең ой, сезімді құмар, құштарлық, сүйіспеншілік қажет. Оны Қалибек Алтыбайдың осы кітабының ауқымы әбден танытса керек. Автордың Абай әлемінен жиған-тергені мен білетін қоры, білім байлығы кісі сүйініп қызығарлықтай. Оларды көп жылдар жинақтаған білім, білік жемістері екені айқын көңіл танып, көз көргендей ізгі ізденістер игіліктері екен. Ал олардың ой жұмбақтың сұрақ-жауаптары жүйесін сала-сала түзіліс түзуі қыруар еңбекпен кешер азапты ізденіспен табудың тағылыммен де ерекшеленеді. Ол меңгерген білім қоры, мағлұмат байлық ауқымы кез келген абайтанушыға жеңіл жүк емес. Бұл өзі – сыншы, сынақшы, емтиханшы кітап. Автордың сөзжұмбақтар сұрақтары білгір деген, танымал абайтанушылардың өзін кей тұстарда сасқалақтатып тастардай шұғыл бұрылысты. Ал бұл: «Сөзжұмбақ» үшін жанды қозғаушы қызғылықтылық пен тұтқиылдық, тапқырлықтың жаны тәрізді. Өнер үшін мәнділік те осынысында.

   Осы кітаптағы Абай әлемін («Абайдың алып айдынын») таныту мақсатында автор қолданып отырған 24 «Матау сөздер», 9 «Тізбе сөздер», 26 «Сөзден сөздер», 42 «Сан сөздер», 9 «Топтама» («Шахмат атының жүрісі») сөзжұмбақтың түр тәсілдері кездейсоқ қолданыстар көрінісі емес. Олар автор ойында көп уақыттар барысында қалыптанып жүре тапқан ойлау жүйелерінің нұсқалануы. Олар танымға, тануға ұсынылатын ұғым, түсінік, мағлұмат, хабар материалдарын ес қабылдануына қызықтыра отырып, қызғылықты тәсіл ебімен өткізіп, көңілге ұялату. Олардың әсерлігі және әсер ғана емес ұғым ұнасымымен оқушыны риза сезімге бөлейді. Ал әдебиетші, әдебиет зерттеуші, пән оқушысы, жалпы оқушы, тіпті оқытушы, кеш кездесу жүргізуші үшін ес қосушы, кеңесші, көмекшіге айналады.

   Сөзжұмбақпен айналысатын авторлардың бірқаншасы белгілі еді. Ал, бірыңғай бір тақырыппен айналысатын, оның бер жағында тікелей «Абай – абайтану» әлемімен шұғылданатын бірден-бір шығармашылық иесі де Қалибек Алтыбай. Баспасөз беттерінен елде есімі таныс сөзжұмбақшы көп жылдардан бері көппен сыр бөлісіп келсе, 1993 жылы «Өнер» баспасынан жарық көрген «Сан сұраққа саяхат» кітабы да ұлттық рухани дүниесіне бойлатар есті, ес қосар, ой дамытар табысты оқулық еді. Ал мына кітап ауқымды да айдынды, сан салалы білім, танымға қызықтыра енгізіп, бара-бара баурап алар сұрақтар әлеміне ой жүгірттіріп, олардың жауаптары мен бай білім қорын, қыр-сыр құпияларының әңгіме-сырларын сыйлайды. Мұнда, әсіресе, оқу жүйесінде аса игі жұмыстарға (сабақ, класс сағаты, кеш, класс сағаты ойындары, кластан тыс өзге жұмыстар болса; өзге оқу орындар мен мәдени көпшілік қауымдық жұмыстарға) септігі мол, қосымша да, негізгі құралдық негіздер ерекше пайдалы әдіс-тәсілдер, жүйе арналар аса мол.

   Осы кітабының өзімен-ақ автор үлкен абайтанушы, Абай әлемін насихаттаушы екені мақтанар қасиет.

  Қазіргі кітап бетіне қарағанда: бұл кітап абайтану саласында әзірленер оңдаған кітаптардың алғашқысы ма деп ойлайсың. Сан қырлы, қат-қат қатпарлы Абай әлемі сан-сандаған сөзжұмбақтар арқауында ел есі мен ұғымына жол алар, құпиялар жеткілікті. Қалибек Алтыбаев сияқты Абай әлеміне мейілінше ден қойған қаламгер, ой қызғылықтығын қуған өнер иесіне әлгі игі жолында талай еңбектер тудыратынына сенім мол.

   Шығармашылық табиғатына «Сөзжұмбақ» ұя салған автор өзі баса деп қойған Абай әлемі – «Абайдың алып айдыны» ой толқытпай тұрмасы белгілі ғой деп ойлаймыз.

  Бұл кітап: «Өнер», өзге баспалардан емес, оқулықтар басып шығарылатын баспалардан жыл сайын басылып шығарылып тұрар кітап. Әр оқушының, әр оқытушы, мұғалімнің қолында, әр оқу орындары мен өзге кітапханаларда болар оқу, көмекші, кеңесші кітап. Сонымен қатар: бұл кітап материалдары әдебиеттік оқулық, хрестоматиялар мен өзге құралдарға ендіріп отыру да мол септікті болмақ. Абай және Мұхтар Әуезов, Шәкерім шығармашылығы өтетін класс сабақтарының әрқайсысын осы кітап сұрақтарымен түйіп, ойындық тәсіл арқылы қорыту үшін оқулықтарға енгізудің берері мол болмақ. Ал: кеш, кездесу, жарыс, байқау ойындарына тигізер құралдар да бұл кітап материалдарын сырт айналып өтпесі белгілі болар.

   Жаңа ойдың, жаңа жарығы шапақты болмақ.

   Сәт сапар!

Төкен Ибрагимов

Абайдың мемлекеттік қорық-мұражайының директоры, жазушы,

әдебиетші, абайтанытушы, өнер зерттеуші, Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген қызметкер,

«Құрмет» орденінің иегері.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений