kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Еңбек Армиясында болған шемонаихалық Михаил Илларионович Зерновтың естелігі

Zernov80 жасында жазылған Еңбек Армиясының Ері Михаил Зерновтың  өмірбаянын оқи отырып,  кереметтей ерлік туралы жолдар кездеседі деп ойламаңыз. Отанына шексіз берілген, ешкімге опасыздық жасамаған, мейірімді, жаны жарқын,  қарапайым еңбек адамының өмір жолымен таныс боласыз. Бүгінгі күні көпшілік мән бермей, шатастырып жүрген еңбек армиясы мен тыл еңбегінің айырмашылығына куә боласыз:

«Мен, Михаил Зернов, 1924 жылдың қараша айында Вавилонка селосындағы көпбалалы отбасының жетіншісі болып дүниеге келдім.  Әкем –Илларион Кузьмин 1876 жылы туған қарапайым шаруа, анам Дорошенко Клавдия Владимировна 1888 жылы туған.

Ауылдан  12 шақырым жердегі мектепке  10 жасымнан бардым.  Әркімнің үйінде ашқұрсақ жүріп оқуымды жалғастырдым, аурушаң болып өстім.  Сөйтіп жүріп 4 класты бітірдім. Сугатовка селосында жетінші класқа дейін оқыдым.  1940 жылы Шемонаиха селосындағы сегіз класты бітірдім. Енді тұрмыс түзеліп, еңбеккүнге 150 грамнан нан алып, колхозда есепші болып істей бастағанда соғыс басталды. 

1943 жылы әскерге шақырту алдым. Әскери комиссариат 150 см бойым мен 48 кг салмағыма қарап, әскери қызметке жарамсыз деп тауып, еңбек армиясына жіберуге шешім қабылдады. 1943 жылдың наурыз  айында Сталинград қаласының, Ростов облысындағы  Лихая, Зверево теміржолдарын қалпына келтіруге қатыстым.  

1943 жылдың тамыз айында боксит, алюминий өндіріп жатқан Орал өңіріне жаға жол сала бастадық. Өнім шығару нормасы  күніне 1,5 куб, қол ташкемен жолға апарып төгу керек. Бұл жол нағыз тозақтың жолы болатын.  Маған үнемі көмек қолын созып отырған -  еврей, қазақ, орыстар сияқты әр ұлттың өкілдері болмаса  менің тірі қалуым екіталай еді.  Арамызда бір сыған да болды. Ол атпен  топырақты жолға апарып төгетін.  Талай рет кұшім жетпей тәшкені аударып алғанда  немесе үйген топырақты аудара алмай жатқанда келіп көмектесіп кететін. Ұлтқа, дінге бөліну деген мүлдем жоқ, тек жанашырлар ғана болғаны шындық. Солтүстік Оралдың қысы ерекше аязды, сұрапыл,  15-20 адамнан палаткаларда тұрдық. Палатканың ортасында темір бөшке- пеш тұратын. Сабан толтырылған  төсеніште ұйықтадық. Әлділер пешке жақын жататын. Үстімізде жылы киім жоқ, жалаң аяқтың аз алдындамыз.  Табаны ағаш,  бәтіңке- қалып киіп жүрдік. Көпшілігі жұмыстан қайта алмай, жолда жығылып, өліп жатты. Біреу өлмей, біреу күн көрмейді дегендей, құлап жатқандардың қалтасын ақтарып нан алатын карточкаларын ұрлайтындар да болды.

Күніне 10-12 сағаттан жұмыс істедік. Түнде қиыршық тас тиеген поезд келсе, оны түсіру керек. Осы кезде бәрі басталады. Бригадир, мастер сияқты денсаулықтары мықтылар адамдарды нардан сүйреп түсіріп, қорлап, итше тебетін. Арамызда майданнан жеңіл жарақаттанып қайтқандар да болды. Олар ешкімнен жасқанбайтын, мені солар қорғап, бригадирлерге сабатпайтын. «Балаға тиіссеңдер, күрекпен ұрып өлтірем» деп ара түсетін. Жаз айларының да өзіндік қиындықтары болды. Әсіресе, масалар қатты талайтын. Дұрыс тамақ та жоқ, тұздалған, жібітілген, арасында құрттар жүретін  саңырауқұлақпен тамақтанатынбыз. Еске алудың өзі қорқынышты.

Оралда өткізген күндерім өте ауыр болғандықтан болар,  есіме жиі түсетін. Бірде теледидардан Түрксибтің салынуы туралы хабарды көріп отырып, есіме Орал түсті. Сол жадап- жүдеген адамдар, сол тәшкелер.... жан түршіктіретін паровоз сигналы.  Оралда өткізген күндер  менің өмірімдегі ең ауыр, ең қорқынышты күндер еді.  Жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де Оралды еске алсам, өзімді тағы да тозақ отында жүргендей сезінемін. Тіпті, шынымен мен тағы Оралдамын ба деген ой зәремді ұшыратын...

Аштықтан өлуге аз қалғанда  мені Ленинградтық бір азамат құтқарып қалды. Оң қолының үш саусағынан айрылған майдангер бізге - еңбек армиясына  келді. Асханада жұмыс істеді: отын жарады, су тасиды. Анда –санда асханадан тамақ алып шығып менімен бөлісетін. Бүгінде үлкен алғыспен есіме алам, тірі ме екен?

 Біздің қасымызда тыйым салынған аймақта қылмыскер-тұтқындар жұмыс істеді. Олардың түріне,  көңіл күйіне  қарап, тұрмыстарының бізден әлдеқайда жақсы екендігін пайымдайтынбыз. Олар біз сияқты жыртық емес,  арнайы жұмыс киімдерін киетін.  Бізге үнемі «Бізге ауысыңдар!» деп айғайлайтын. Өткен күндерді еске түсіре  отырып, қалай тірі қалғам деп ойлаймын. Өзің арық, әрі аш,  40-45 кг салмақпен 60-70 кг тұратын үйеме топырақты кешке дейін тасып көрші?! Адам қандай итжанды, мынадай азапты жұмысқа темір де шыдамас еді.

Айтып айтпай не керек? Маңдайға жазғанды көрмей, көрге кірмейсің  деген рас...

Тағы бірде өлімнен мені еврей дәрігер алып қалды. Емделіп кел деп үйге демалысқа 45 күнге жіберді. Жолға құрғақ капуста, аздаған нан алып вагонға міндім. Свердловскге келіп ары қарай Новосібірге  жету үшін «көңілді -500» поезын күттік. Жүк тасымалдайтын поезды осылай атайтын, өйткені ол поезда жататын ағаш сәкі, пеш болатын. Жолаушылардың көпшілігі таңсәріге жетпей өліп қалатын: ана жерде бір өлік, мына жерде бір өлік. Қорқынышты көрініс. Новосібірдің 40 градус аязына шыдас бере жылы киім де жоқ, Вагонда адам көп, сондықтан тек вагонның баспалдағына отырып қана үйге жетуге болады. Бұл деген өлімге тіке жол. Вокзал кезекшісі кеткісі келетіндер қандай жерде болмасынжұмыс істеуі керек деп айғайлады. Мен көмір түсіріп, шлак шығару жұмысына жегілдім. Машинистердің пісірген көжесінің дәмі ерекше , үйдің көжесі еді, дәмі  күні бүгін есімнен кетпейді. 

Қаңтар айының басында әзер үйге жеттім, ауыр жұмыстан болған ішімдегі жарыққа ота жасаттым. Үш аптадан кейін қайта комиссияға шақырды. Майданға аттанғалы тұрған жерлес жігіттер «балалармен тек майданға ғана барам деп айт» - деп үйретті. Қайда баруға да дайын едім, тек еңбек армиясына жібермесе болды деп ойладым.  Әскери комиссар Құрманғалиевтың көмегімен Беловодск қаласындағы авиашеберлер мектебіне түсіп, авиациялық техниканы, пушка, пулемет, бомба, ракета, әртүрлі жарылғыш заттарды  меңгере бастадым. Киіндіріп, үш уақыт тамақ берді. Ешқиындық көрмедім. «Дұрыс тамақ бермейді » деп наразалақ танытқандар болды, ал мен осы жағдайда 100 жыл өмір сүруге бар едім. Олар мен көрген қиындықтардың бірін де көрген жоқ болатын.

 44- жылдың маусым айында мектепті  Харьков қаласында аяқтап,  әуе қару- жарақтар шебері – кіші сержант болып шыға келдім. Қыркүйек айында Львов түбінде Броды қаласындағы  екі мәрте Қызылтулы 135 - шабуылшы авиаполк құрамына бөліндім. Сөйтіп майдан шебінде жаумен айқасуға мүмкіндік туды. Польшаның Сосновицы, Катовицы, Краков қалаларын азат етіп, Бреслау, Ландсдорф, Берлинге бет  алдық.  Чехоловакияда жүргенде жеңіс хабары жетті.  Біздің полк  12 мамырға дейін соғысты, Альпідегі неміс  топтарын құртуға қатыстық.  Одан кейін Венгрия, Австрия, үйге тек  1951 жылы ғана қайтарды. 

1948 жылы Малороссийкіде демалыста жүргенде ақылды да байыпты  Кириенко Люба деген қызбен танысқан едім. Сол қызға үйленіп, селолық  кеңестің  хатшысы болып қызмет істедім. Ветеринарлық  фельдшер дайындайтын  мектепті  бітіріп,  22 жыл бойы Рулиха селосында ветеринарлық бөлім меңгерушіс болып қызмет істедім. Үш қыз тәрбиелеп өсірдік.

Осылай өмір өтіп жатыр, Ал адам зердесі кейде оқ дәрі сияқты, шырпы тигізсең шарпып өтеді....

Кешіріңіздер, бұдан әрі жаза алмаймын....Өте ауыр! 

"В крепких объятиях века"

А.Морозов

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений