ХХ ғасыр адамзат тарихында қазақ халқы үшін өте ауыр болғаны, әсіресе ғасыр басындағы алмағайып кезеңдер, ашаршылық геноциді, екі бірдей жер-жаһан соғысы, қызыл репрессиялар ұлт демографиясын ойсыратып кеткені мәлім.
31-мамыр- саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні.Елбасының жарлығымен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні1997 жылдан бері аталып өтіп келеді.Осы айтулы күнге орай Халықтар достығы үйінде өткен дөңгелек үстел отырысына , А.С. Пушкин атындағы кітапхана қызметкерлері кітап көрмесін ұсынды. Көрменің «Қазақстан нәубет жылдарында», «Алаш арыстары»,«Соңғы репрессия», «Кенді Алтай ақтаңдақтары» атты бөлімдерінде сұрапыл жылдар шежіресі қойылды.
30-жылдардағы аштықты өз көзімен көрген куәгерлер қазақ қаламгерлері - Ғ. Мүсірепов, М. Мырзахметов естеліктері ешкімді бей-жай қалдырмады. «Соңғы репрессия» бөлімінде желтоқсан оқиғасы туралы тың архив материалдары мен естеліктер, зерттеу жұмыстары оқырмандар қызығушылығын туғызды. Жиынға қатысқан аға ұрпақ өкілдері мен студенттер алаш арыстары туралы көркемсуретті естелік кітаптармен танысты.