«Алтай – Ертіс кітапханасы» сериясы тағы екі кітаппен толықты. Оқырмандар жерлес-жазушылар Георгий Гребенщиков пен Павел Васильевтің шығармаларымен танысатын болады.
Г. Гребенщиковтың жинағына повестер мен әңгімелері, «В долине реки Каюм», «У истоков Ергола», «Девичье плечо», «Атайские этюды. Чуйский тракт» сияқты өлке тарихынан сыр очерктері енген.
Зайсан қаласының тумасы Павел Васильевтің ғұмыры қысқа болса да, артына өшпес мұра қалдырған ақын. Оның шығармашылығына Ертіс өңірінің аңыз әңгімелері, ән- әуендері арқау болған. Қазақстанның ұлттық өзгеше ақындық өнері көрініс тапқан. Қазақ ертегі-аңыздарының негізінде жазылған «Поэма о Серке» шығармасын осы жинақтан көре аласыздар.
.