Мұқатай Ж. Жанарымдағы әлем.- Өскемен : Шығыс ақпарат, 2021. -332 б.
22 маусым 2021 жылы «Дидар» газетінің журналисі Жанар Мұқатайқызы «Жанарымдағы әлем» атты кітабын сыйға тартты. 1997 жылдан бастап облыстық «Дидар» газетінде жиырма бес жылдай жұмыс істейді. Тұңғыш кітабына газет бетінде жарияланған әңгіме, мақала, сұхбаттарын ұсынып отыр. Журналистік жолсапар, Айналайын атамекен, Сырға толы сұхбаттар, Көңіл пернесі,-деген бірнеше бөлімнен тұрады. Кітап өте тартымды жазылған. «Ұшбұлақтағы үш бала»,- атты мақалада, Әбдешовтар отбасының ағайынды үш бала Әли, Назира, Аружанды Семейдің балалар үйінен алып патронаттық тәрбие бергендігі туралы жазылған. Жазушылар Қабдеш Жұмаділов, Асқар Алтай, Тұрысбек Сәукетаев, Айгул Кемелбаевамен сұхбаттар берілген. Кітаптың әр бетінде шығысына, туған жеріне, жерлестеріне, ағайын туыстарға деген ыстық ықыласы, сезімі, махаббаты, құрметі жатыр. Құрметті оқырман, кітаппен таныс болайық.
Кітапты толықтыру бөлімінің жетекшісі: Уалханова Рақия Нұралықызы