«Шығыс шеңбері» аталған тас жолдың құрылысы 1940-41 жылдары халықтың күшімен 72 күнде салынды. Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағат деректеріне сүйенген А.Аубакировтың сөзінше , «шығыс шеңбері »тас жолының құрылысы туралы жинақталған тарихи деректер жоқ. 1940-1941 жылдардағы мерзімді басылым беттерінде («Алтай большевигі», «Сталинское знамя») аздаған мақалалар жарияланған. 2001 -2002 жылдары «Дат» тарихи қоғам мүшелері осы тақырыпты зерттеп, материалдар іздестіргенде жол құрылысы тарихын таба алмаған. Қала кітапханаларының қорынан Н.А. Алексеенконың «Усть-Каменогорск», Ю.А. Кислициннің Н.И. Попованың «Народная стройка области» еңбектері, Қазақ Совет энциклопедиясынан танымдық дерек қана табылған.
1940 жыл қарсаңында облыс аумағында автокөліктерге арналған бірде –бір тас жол болмаған. Халық шаруашылығы көп залал шекті. Қыс айларында Зырян (қазіргі Алтай) қаласынан қорғасын-мырыш концентратын Риддер қаласына ұшақпен , Өскеменге нанды пароходпен жеткізу үшін қаладан небәрі 40 шақырым жердегі Феклистовка селосынан150 шақырым жерде орналасқан Гусиная айлағына өгіз арбамен тасуға мәжбүр болған. Тас жол салу 30 жылдарында белгіленгенмен, тек 1940 жылы ғана республикалық мекемелер »Шығыс шеңбері» тас жолын салу жобасын бекітті. Алайда 1939 жылы март айында өткен ВКП(Б)-ның XVIII сьезінде 210 шақырымдық жол құрылысын салу мен жөндеуді қарастырылғанымен, халық шаруашылығын дамытудың ІІІ бесжылдық жоспарында жол құрлысын орталықтан қаржыландыру мәселесі шешілмеген еді. Ферғана каналын салудағы тәжірибені қолданып, колхозшыларды міндеттей отырып, солардың күшімен жол салу мәселесін шешкен еді.
1940 жылдың 29 қаңтарында «Красный партизан» ауылшаруашылық артелінің колхозшылары «Шығыс Қазақстан Семей облыстарының барлық колхозшыларына, жұмысшыларына және инженерлік –техникалық мамандарына» Үндеу жариялап, ферғаналықтардың, Ярославль қаласы Константиновка мұнай зауыты, «мәдени жол» құрылысын қолға алып, абаттандырған Горький, Москва облыстары колхозшыларының бастамасын қолдап «шығыс шеңбері» тасжол құрылысын бастауға шақырды. Жол құрылысы көктемгі егіс науқаны біте салысымен басталуға тиіс болды. Үндеуді халық қолдады.
1940 жылы 23 февралда Қазақстан халық комиссарлар кеңесі «Халық құрылысы тәсілімен «Шығыс шеңбері» тасжолын салу туралы» Қаулы қабылдады.
1940 жылдың бірінші жартыжылдығында бірінші кезекте Өскемен-Самар- Көкпекті-Георгиевка (қазіргі Қалбатау) бағытындағы 444 шақырым жол салу; 2) 1941 жылдың бірінші жартыжылдығында екінші кезектегі 362 шақырымдық Көкпекті-Зайсан-Өскемен-Георгиевка (қазіргі Қалбатау) бағытындағы тас жолды салу межеленді. «Шығыс шеңбері» тас жолы бойында облыс аудандарының санына орай 16 құрылыс телімі белгіленді. Әр құрылыс телімі 3,5-5 шақырымды құрады. Телімнің ұзындығы ауданның шама-шарқына, халықтың еңбекке жарамдылығына, құрылыс жұмыстарының көлеміне қарай бөлінді. Құрылыста 532 колхазшылар бригадасы, 13 инженер, 6 жол мастері, 42 десятник, 92 студент-практикант жұмыс істеді. «Шығыс шеңбері» тас жолының құрылысы шын мәнінде халықтық қана емес, сонымен қатар стахановшылар құрылысы болды. Еңбек ерлігін әр құрылысшы көрсете білді. 15450 колхозшы- құрылысшының 7233 –і стахановшы, социалистік жарыс жеңімпазы болып, норманы 150% орындады. Құрылыс барысында жұмысшылар мен инженер-техниктер еңбек ерлігін ғана емес, ептілікті, тапқырлықты да көрсете алды. Құрылыста техника жетіспегендіктен жұмысшылар жол салудың жаңа тәсілдерін ойлап тапты. Жалпыхалықтық құрылыс қалай жүргенін біз мұрағатта сақталған хаттар мен естеліктер арқылы көз алдымызға келтіре аламыз. Калинин колхозының партком секретарі С.Токобаев: «Глубокое ауданы Калинин атындағы колхозда бұрынғы «Шығыс шеңбері» тас жолын салуға қатысқандар тұрады. Олар - Синегубов Андрей Павлович, Назаров Василий, Селиванов Александр Федорович, Селиванов Алексей Александрович, Гаганин Иван Андриянович, Иванов Александр Степанович. Біз Күршім ауданы Алғабас ауылында тұрдық. Баты, Чистояр жер телімдерінде жол салдық. Алғашында қос өгізбен тас қиыршық тасыдық, он күннен кейін жиналыс болып, мені бригадир сайлады. Мен небәрі 15 жаста едім, бригадада 60 ер адам, 12 әйел, тас атқаннан күн батқанға дейін бел шешпей жұмыс істеді.»- деп жазды.
Митяев: «алғашында берілген жоспарды орындай алмадық. Жұмыс өте ауыр, техника жоқ. Бүкіл телімге жалғыз скрепер ат бөлінді. Негізгі өндірістік құралдан қол арба, қол зембіл, күрек, қайла, лом ғана болды. Жартастарды қопару оңай емес, жұмысты көп тежеді.»
Сол ауыр күндердің тағы бір куәгері «.. мен, Маркелов Григорий Васильевич, Зырян ауданы Бородино селосының тумасымын. Сол кезде мен Гусинов сельсоветінің төрағасы болып істедім. «Шығыс шеңбері» жалпыхалықтық құрылысына адамдар үлкен жігермен, құлшыныспен кірісті. Бұқтырма ауданының үш колхозына уәкіл болдым. ..» деп жазды.
Лениногорскіден (Риддер) келген 200 адамнан тұратын № 6 телімнің басшысы Шестаков Павел Андреевичестелігі: « Жол құрылысының маңыздылығы сондай, облыстық басшылар- облисполком төрағасы Барышев, обкомның екінші хатшысы Черных, облыстық газет редакторы Сапунов құрылыс алаңында тұрды. Облыс басшылар күрек-қайламен, ломмен жұмыс істеп, жер қазды. ...» Сонымен 1940 жылы жол салу жұмысы 21 майдабасталып, 5-6 июльде аяқталды. 42 күнде колхозшылар 301 шақырым, 402 метр жол, 215 көпір салды. Өршілес Шығыс Қазақстан мен Семей облыстарының арасында даңғыл жол салынды.
1941 жылы тағы бір маңызды шешім қабылдау –361,7 шақырымдық тас жолдың екінші кезегін салу міндеті тұрды. Шығыс Қазақстан облысы бойынша 236 шақырым, Семей облысында 125,7 шақырым жол салу ....
«1941 жылдың 22 маусымында жұмысқа кірістік – деп еске алады М.Я. Комашко – жол құрылысына қатысушы, (қазір Силамяэ қаласының тұрғыны Эстония) – бізге бригадир келе жатыр екен, өңі өрт сөндіргендей. Біреулер «не боп қалды? - деп сұрады. Бригадир «Соғыс!» деп жауап берді. «Германия соғыс ашыпты!» осы сөз жұмысты ширата түсті. Екінші кезектегі жол құрылысы 30 күнде бітті. Осы уақыт ішінде орасан зор жұмыстар атқарылды: 4 млн кубометр жер қазылып, 400 мың кубометр жартас тастар ұнтақталып жолға төселді. 381 үлкенді-кішілі ұзындығы 2000 текшеметр көпірлер салынып, алыс елді мекендерді тас жолмен байланыстырды.
Құрылыста мәдени- ағарту жұмыстары қарқынды жүрді, 1235 қабырға газеті шығарылып, 135 кино қойылды.18 жылжымалы кітапхана жұмыс істеді, 180 концерт қойылып, 2498 колхозшы сауат жазуға үйренді. «Алтай большевигі» газетінің жылжымалы редакциясы газеттің 37 арнайы санын шығарды. Құрылыста барлығы 15,5 мың колхозшы жұмыс істеді.
Жаңа салынған жол уақыт үнемдеуге септігін тигізді. Ұлы Отан соғысына қажетті кен рудаларын таситын Зырян қаласы, т.б. кеншілер тас жолды пайдалануға мүмкіндік алды.
Соғыстан кейінгі жылдары Үлкен Зырян, Өскемен – Зырян темір жолын, Бұқтырма, Өскемен су электр станцияларын салу кезінде тасжол маңызды роль атқарды. Биік тауларды бауырлаған жаңадан салынған жолдармен келе жатып, «Шығыс шеңбері» тасжолының биік қиясына шығып, терең сайдың құлдилаған жолымен жүре отырып, жартастарды қашап, жол салған аға ұрпақ өкілдерін еріксіз алғыспен еске аласың.
Әдебиеттер: