Күнделікті күйкі тірлікте, өзін әманда көңілді ұстауға тырысатын, күйі келіспей жүрсе де көрінгеннің алдында күйіс қайырып жалынбайтын, жаспен де кәрімен де тел өскендей теңіндей қағытып, қатты қалжыңдасатын ағаларымыздың бірі - Мүсілім Құмарбеков еді.
10 қаңтар күні ағамыз тірі болса 80 жылдығын тойлап, әрі-сәрі болып жатар едік. Әттең....
Мүсілім Құмарбековтің өзіне ған тән стильмен жазылған « Қыз күлкісі», «Шынар» атты әңгімелері оқырманның іздеп жүріп оқитын кітаптары болған.
Мүсілім Құмарбековтің шығармаларын оқымай өскен бірде бір оқырман жоқ. Ең терең үңілген тақырыбының бірі-1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісі. «Асау Ертіс» атты шығармасы-Қазақстанның ең шығыс пұшпағында жатқан қалың қазақтың отаршылдыққа қарсы тұңғыш рет еңсесін тектеп бой көтеруін, өздерінің шынайы доспен сыйласа алатын, қаспен қару қағыстыра алатын қарға тамырлы қалың ел екендігін айызын қандыра айғақтаған шығарма.
Жазушы бір сөзінде «Әкеден үш жаста қалғанмын, тіпті оның түрін де білмеймін»,-деген екен, Қаламгер шығармашылығының дамуына, үлкен жетістіктерге жетуіне халқының, облыстық "Дидар" (бұрынғы"Коммунизм туы") газетінің ықпалы ерекше болды.
18 қаңтар күні сағат 15.00 де "Шығыстың шырайын келтірген әз ағалар" атты Мүсілім Құмарбеков пен Ғалым Байбатыровтың шығармашылығына арналған әдеби сазды еске алу кеші болады. Ағалардың өмірі мен шығармашылығын жаңартып еске алайық. Қапы қалмаңыздар.
#Pushkinlibrary #Пушкинкітапханасы #мерейтой #жазушы