Абай ауданының тумасы, қазақ оқырманының сүйікті жазушыларының бірі, «Қаракөз қарындасым», «Соқпақ соңы», «Мен жұмысшымын», «Үш бәйтерек», «Махаббат пен мансап», «Замана биігі» сынды әдеби туындыларының авторы Жекен Жұмахановтың туғанына 105 жыл. Қазақ прозасында өзіндік із қалдырған Ж. Жұмахановтың шығармашылығымен жақын танысыңыз, тілі жатық, көркем, оқуға жеңіл.