Шығыс өңіріне танымал ардагер журналист, Марқакөл өңірінің тумасы Болат Салықбаев «Тағдыр мен тағлым» атты қолтаңбасы қойылған ғұмырнамалық кітабын кітапханаға сыйға тартты.
Салықбаев Б. Тағдыр мен тағлым. –Өскемен, «Медиа-Альянс», 2017. -287 б.
Өз өмірінің әр кезеңін зерделей отырып, естеліктері мен ойтолғауларында ата-анаға, қазыналы қарттарға,
туған жер, ағайын-туысқа деген сүйіспеншілік көркем тілмен өрнектелген. Еңбек адамына құрмет, тәуелсіздіктің арқасында қол жеткізген ұлттық құндылықтар, ұлт намысын жоғары ұстау туралы өз көзқарастарын білдіре отырып, оқырманға ой тастайды.
Оқыңыз, өкінбейсіз!