Осы жинаққа кірген «Алтай балладасы» немесе «Алтайдың алқызыл модағайы» роман – мифіндегі оқиға Алтай тауларының Қаражал тізбегінде болған. Қаражалға шыға беріс жотаның үстінде ежелден келе жатқан тастан жиналған бірнеше зират бар. Сол жерді жергілікті халық «Қыз бейіті» деп атайды.
Алтай, А. Алтай новелласы [Мәтін] : роман - миф, повесть - аңыз, новелла / Алтай А. - Алматы : Өлке, 2001. - 292 б. - (Отырар кітапханасы).
Кеңес Одағы кезінде Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Қалғұты қой совхозының жайлауы болған. Көбінесе «Бесінші» деп аталған Калинин фермасының малшылары отыратын. Шопандар қауымы «Қыз бейітін» басып, төр жайлауға өтетін. Бала күнімізде «Қыз бейіті» туралы көп аңыз естігенбіз. Жастай қайтыс болған қыздың бейітін аю ашып тастаған деп айтатын. Сол себепті жайлауда қайтыс болған адамды жерлемес бұрын көрге алдымен от жағады, сонда аю жоламайды екен деп еститінбіз. Асқар Алтай балалық шаған сол жайлауда өткізген. Менің де балдәурен балалық шағым Қаражал, Сартау бөктерінде, Әкімбай, Айтолы, Қожа сазы жайлауында өтті. Асқар Құмарұлы естіген аңыз –ертегілерінен үлкен әдеби шығарма- роман-миф жазды. Алтай табиғаты, тіршілік тынысы, бар болмысы керемет суреттелген. Қаражалға шығар қайқаң, тастан текшелеп жиналған қыз бейіті көз алдымда. Туған жердің табиғатын шығармасына арқау қылып, үлкен дүниелер жазып, Алтай өңірін кеңінен насихаттап жүрген Асқар бауырыма алғысымыз шексіз. Қаламы мұқалмай, денсаулығы мықты болып, туған Алтайын бүкіл әлемге таныта берсін!
Зиза Мұхтарханқызы,
А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық
кітапхана өлкетанушысы