Тұтқынға түскен қазақстандықтар туралы біз білеміз бе ? «Олар қашан ақталады»,- деген сұрақ әрбір қазақстандықты алаңдатады. Әлі күнге дейін белгісіз қанша солдат тұтқында болды. 600000 қазақстандықтардың хабар ошарсыз кеткені белгілі. Біразы қайтыс болды, жартысы партизан отрядтарына кетсе, мыңдаған адам тұтқындалды. Олардың көпшілігі сталиндік лагерлерьде болды. Олар кімдер, олар қайда, кім айтады ? Міне осы сұраққа автор Дина Игсатованың 2017 жылы шыққан «Право на добрую память» атты кітабынан жауап табуға болады.
Шығысқазақстандықтар Тарбағатайлық Қабдулин Сейдахмет, Семей облысы, Көкпекті ауданының тумасы Сыдық Туменбаев қилы тағдыры туралы осы кітаптан оқуға болады.
Қазақстандық әскери тұтқындар туралы деректер әліде зерттеуді қажет етеді. Олардың қилы тағдыры туралы деректерді іздестіріп, зерттеу тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматын бей-жай қалдырмауы керек. Ол келекшектің еншісінде. Сіздерді қызықтырса интернеттен мына сайтқа кіруге болады. “Военнопленные - казахстанцы Второй мировой войны Республиканская база данных - адресі Tutkyn.kz .
Мәліметтер базасында әскери тұтқынның ата тегі, туған жылы, тұтқынға алынған жылдары, лагерьдің аты, тұтқынның қайтыс болған жылдары, жерленген орны, әскерге алынғанға дейінгі қызметі көрсетілген.