kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

11 сәуір 2017 жылы Өскемен қаласының азаматы Молдамжаров Ерсін Замзаұлы А. С. Пушкин атындағы кітапханаға келіп оқырмандардан елеусіз жүрген сықақшы-карикатурашы Айдарбек Ғазизұлын білесіңдер ме, деген кезде білетін оқырман шамалы болды.

aydarbek Gaziz«Қолда барда алтынның қадірі жоқ дегендей»,- карикатурашы Айдарбек Ғазизұлы республикаға танымал адам. Республикаға ғана танымал емес, ол тіпті әлем карикатурашыларының арасынан өз орнын ойып тұрып алған тұлға. Болгарияның әлемге әйгілі Габров қаласындағы әзіл-оспақ және сатира мұражайы қорында таңдаулы үш еңбегі сақтаулы тұр. Сонымен қатар оның суреттері Бакуде жарық көрген әлемнің танымал карикатурашыларының каталогына енген. Білмейтін жерлестеріміз білсін деген мақсатпен өз мақаламды сіздердің назарларыңызға ұсынып отырмын.

Айдарбек Ғазизұлы 1958 жылы Күршім ауданының Теректібұлақ ауылында дүниеге келген. Сурет салуға бала жастан құштар болды. Бесінші сыныптан бастап мектептің апта сайын шығатын «Найза» атты қабырға газетін шығаруға ат салысты. Бір аптаның ішінде жаман мінез-құлқымен көзге түскен тентек оқушыларды сынап-мінеп, сурет салатын.

Мектепті бітіргеннен соң Семейдің педагогикалық институтының көркемсурет, графика факультетіне жолдама берілді. Отбасы жағдайына байланысты осы жылы бара алмады. Келесі жылы барып сыннан өте алмады. Осылай ауылда қалып, кірпіш зауытына жұмысқа орналасты. Зауытта жүргенде сурет салумен айналасты. Кірпіш зауытында көрме ұйымдастырды. «Теректібұлақта бір суретші бала бар екен» деген хабар құлақтан құлаққа тиіп совхоз орталығына де жетті. Көрмеден кейін басшылар совхоз орталығына алып, клубта суретші болып жұмыс істеді. Өскемендегі қорғасын-мырыш комбинатында жеті жыл жұмыс істеді.

1978 жылы Алматыдағы көркемсурет училищесіне оқуға түсті. Облыс орталығында шығатын «Коммунизм туы» газетінде суреттері жарияланып жүрді. Ең алғаш жарияланған суреті «Айлы түн». Карикатура былай қарағанда оңай көрінгенімен, кез келген суретшінің ыңғайына көне қоймайтын жанр. Карикатурашының суреті «сөйлеп» тұруы керек. Әдемі тапқырлық пен нәзік юмор болуы шарт. Өкініштісі, кеңестік заманда біздің елде карикатура өнер ретінде көп өркен жая қоймады. Ғұлама ғалым Шоқан Уәлиханов алғашқы қарлығашы болған қазақ графикалық өнері еркін дамымады. Карикатурашыларды Суретшілер одағына да көп қабылдамайтын. Оқушы кезінен республикалық «Ара» журналының карикатурашысы Николай Казанцевтің суреттерін жинап өсті. Саяси карикатурамен он жылдай айналысты.

Босния Герцогинияда шығатын «Носорог» халықаралық әзіл-сықақ және карикатура журналы ұйымдастырған «Саясат және саясаткер» тақырыбындағы бәйгеде жүлделі ондыққа кірді. Қазір «Егемен Қазақстан» газетінде суретші болып қызмет атқарады. Италияда өткен халықаралық байқауда бiрiншi орынды жеңiп алды.

Ресейлік «Новая Известия» газеті ұйымдастырған «коррупция» тақырыбындағы карикатуралар конкурсында астаналық танымал карикатурашы Айдарбек Ғазизовтың шығармасы үздіктер қатарына еніп, арнайы грамотымен марапатталды.

Қытайда өткен «Алтын панда» халықаралық байқауының бас жүлдесін иеленді. Түркияда байқауға қатысты,. 64 мемлекеттен екі мыңға жуық суретшілердің өнері талқыға түсті. Үздік ондыққа еніп, арнайы сыйлықпен марапатталды. Болгарияның ұлттық мұражайында Айдарбек Ғазизовтың салған суреті түр.

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бас библиографы

Уалханова Рақия Нұралықызы

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений