kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Соғыстың цифрлық жылнамасы: Шығыс Қазақстанның 1941-1945 жылдардағы ҰОС Жеңісіне қосқан үлесі туралы
Кеңес Одағының батырлары
Даңқ орденінің толық иегерлері
Брест қамалын қорғауға қатысқандар
30 - Гвардиялық дивизия
Жасырын партизандар
Еңбек армиясына қатысқандар
Тылда да Жеңіс шыңдалды
Ақын және майдангер-жазушылар кітаптарының виртуалды көрмесі
Соғыс ардагерлерінің естеліктері
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Қымбатты достар!

Шығыс Қазақстан облысы бойынша наурыз айында аталып өтетін айтулы күндер туралы хабардар етпекпін.Өлке тарихында өшпес із қалдырған танымал есімдер туралы айтуға кеш емес деп ойлаймын.

4 наурыз - Кенді Алтайдың танымал геологі Павел Петрович Буравтың (1902-1944) туғанына 115 жыл. Геология- минералогия ғылымдарының кандидаты К. Ермолаевтың сөзімен айтсақ: «Кенді Алтайдың қазына байлықтарын ашу үшін Буровқа дейін де, одан кейін де ешкім одан артық еңбек жасаған жоқ. –деп айтуға толық негіз бар!» Бұрынғы Өскемен қаласында 1945 жылға дейін Медвежья деген көше болғаны тарихтан мәлім. 20-30 жылдары қаланың ең шеткі көшесі, Медвежья аралынан басталған соң солай аталған. Кенді Алтай геологиясының «ойлау орталығы» саналған - "Алтайцветметразведка" тресі (бүгінгі Шығыс Қазақстан геологиялық барлау орталығы) орналасқан үлкен ағаш үй көшенің ең басты ғимараты еді. Ал трестің бас инженері- жады мен жаны Павел Буров болатын. Павел Петрович Буровтың есімін мәңгі есте қалдыру үшін 1946 жылы Өскемен қаласындағы Медвежья көшесіне Буровтың есімі берілді.

 16 наурыз күні Семей қаласының тумасы, өлке зерттеушісі, фольклоршы, этнограф, мұражай қызметкері Алексей Николаевич Белослюдовтың туғанына 130 жыл (1887-1939) толды. Туған өлке тарихын зерттеудегі еңбегі орасан зор. 1906 жылы Алексей Николаевич Семейде ағайынды Белослюдовтар деген атпен танымал болған үй мұражайын ашты. Ағайынды Белослюдовтар Семей маңынан көптеген археологиялық жәдігерлер – пышақ, құмыра, жебе, әшекейлер, ескі монеталар тауып, мұражайға қойған. Олардың мұражай қоры Семейдің қалалық мұражайынан еш кем емес еді. Мұражайда геология, минерология, палеонтология, антропалогия көне археология, көне заттар (кітаптар, суреттер, қолжазбалар), нумизматика, этнография, сурет галереясы бөлімдері болды. Әсіресе нумизматика бөлімі өте бай - 1000-нан астам монеталар, тарихқа дейінгі археологиядан - 600 - ден аса жәдігерлер қойылған. Қорында барлығы 4000-нен аса жәдігер болған мұражай қала түрғындарының арасында кеңінен танымал еді. Тұңғыш рет өткен Батыс Сібір мұражайлар көрмесінде Белослюдовтардың мұражайы Кіші күміс медальға ие болды. Кейінірек мұражайдың бір бөлігі Семей облыстық мұражайына өткізілді. Шығыс Қазақстан мемлекеттік облыстық мұрағатында ағайынды Белослюдовтер мұражайы коллекцияларының хронологиялық каталогтары мен түгендеу кітабы сақталған. Соған қарап отырып, өз өлкеміздің тарихын түгендей аламыз.

Осы адамдар туралы «Шығыс Қазақстан: танымал есімдер» сайтынан толығырақ біле аласыздар.

Наурыз айының маңызды оқиғалары аз емес. Айдың екінші жартысындағы мерейтойлар да назар аударуға тұрарлық. Бірақ ол туралы келесі анонста...

Біз өз планетамызды сүйеміз, дегенмен кіші отанымыз – Кенді Алтай өлкесі бәрінен де қымбат!

Зиза Слямова

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений