23 ақпан күні кітапхана қызметкерлері «Алаш қозғалысына – 100 жыл» кітап көрмесімен Металлургтер мәдениет үйінде өткен Өскемен қаласының №6699 әскери бөлімінің үздік қызметкерлерін марапаттау кешіне қатысты.
Ел бірлігін бекем етіп, бар күші мен жігерін сарп еткен ұлттық ұландар бұл күні марапатқа ие болды. Аталған кеште генерал-майор Сатов Мұхамедқали Құсайынұлы сөз алып, бірнеше үздік отбасыларға арнайы сыйлықтарды табыс етті. Кездесу барысында Мұхамедқали мырза мен бөлім сарбаздарына Алаш қозғалысы, Алаш қайраткерлері, олардың батылдығы мен жігерлігі жайлы мәлімет берілді. Генерал-майор Алаш қайраткерлері сол кезде-ақ біздің территориямызды ресми түрде бекітуге ат салысқандығын ерекше атап өтті. Сондай-ақ, Алаш бағдарламасы мен Алаштың көсемі Әлихан Бөкейхановтың рөлі туралы өз пікірін білдірді. Мерекелік кешке келген әр қонақ Алаш қозғалысы, оның мүшелері мен мұрасы жайлы қандай да болсын пайдалы ақпарат ала алды деген үміттеміз.
Байланысшы: Слямова З., Жайлибаева М.
Анықтама тел. 26-13-33