21 ақпан күні Назарбаев зияткерлік мектебінің кезекті оқушылар тобы кітапханада ұйымдастырылған «Алаш қозғалысына – 100 жыл» атты ауқымды кітап көрмесін тамашалады.
Жас өрендер алдымен кітапхананың әр бөлімімен, ондағы қызмет түрлерімен, кітап алу тәртібімен, оқу залындағы әр тілдегі әдебиеттермен мұқият танысты. Оқушылардың басты мақсаты – көрмемен танысу болғандықтан, кітапхана қызметкерлері оқушыларға Алаш қозғалысының тарихы, Алаш қайраткерлері, олардың ерен еңбектері мен батылдығы, Алаш зерттеушілері мен мұралары, сондай-ақ Алаш қаласы жайлы толық танымдық мәлімет берді. Оқушылар аталған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. Мысалы, Мұстафа Шоқай кім? Алаш қаласы қай қала? Не үшін Алаш қайраткерлері қуғын-сүргінге ұшырады? Көрме соңында қонақтарға Алаш қайраткерлеріне арналған деректі фильм ұсынылды. Деректі фильмнен кейін оқушылар өздерінің пікірлерімен бөлісті. Жекелеген оқушылар өздерінің алған әсерлерін ортаға салып, танымдық іс-шара ға оң бағаларын берді.
Жайлибаева М., Кемешева М.
Тел. 26-13-33