800x600
Философия ғылымдарының докторы, профессор Қасым Бейсембиевтің есімі ғылыми ортада кеңінен танымал. Ол қазақ халқының қоғамдық және философиялық ойының даму тарихын зерттеуге үлкен үлес қосқан. Бірқатар ғылыми еңбектердің авторы: «XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың бас кезінде Қазақстандағы идеялық-саяси бағыттар», «Абай Құнанбаевтың көзқарасы», «Қазақ ағартушыларының әлеуметтік-саяси көзқарастары туралы».
Қ. Бейсембиевтың «Мировоззрение Абая Кунанбаева» («Абай Құнанбаевтың көзқарасы») кітабына биыл 60 жыл толды. Бұл еңбек ақынның көзқарасының даму эволюциясы
на арналған алғашқы ғылыми монография. Абайдың саяси-әлеуметтік, философиялық, этикалық, эстетикалық көзқарастары жеке тарауларда қарастырылады.
Қасым Бейсембиев Абай идеологиясына қатысты бар мәліметті жинауға тырысты. Ол ақынның жарияланған өлеңдерінен қазақшадан орысшаға жолма-жол аудару арқылы мысал келтіреді.
Абайдың еңбектену, ғылым-білімге ұмтылу идеялары, жаңа моральдық қағидалары өз мағынасы мен өзектілігін бүгінгі күнге дейін жоя қойған жоқ.
Кітапты «Біздің Абай» электронды кітапханасынан оқи аласыздар.
Normal 0 false false false RU X-NONE X-NONE MicrosoftInternetExplorer4 /* Style Definitions */ table.MsoNormalTable {mso-style-name:"Обычная таблица"; mso-tstyle-rowband-size:0; mso-tstyle-colband-size:0; mso-style-noshow:yes; mso-style-priority:99; mso-style-parent:""; mso-padding-alt:0cm 5.4pt 0cm 5.4pt; mso-para-margin:0cm; mso-para-margin-bottom:.0001pt; mso-pagination:widow-orphan; font-size:10.0pt; font-family:"Calibri","sans-serif"; mso-bidi-font-family:"Times New Roman";}