Ұлы Жеңістің мерекесі қарсаңында Пушкин кітапханасында ҚР ІІМ арнайы күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен Ұлы Отан соғысының ардагері Белорус партизан қозғалысының қатысушысы, бригада комиссарының орынбасары болған партизан –жазушы Тоқтағали Жангельдинді еске алу кеші өтті.
Жау тылында әрекет еткен қазақстандық партизандар ерлігін білетіндер аз. Сондықтан да кітапханашы Меруерт Жайлыбаева Украина мен Белоруссия жерінде ұйымдастырылған партизандық қозғалыс туралы айтып берді. Атақты партизандар Қ. Қайсенов, Ә. Шәріпов, Ж. Саин т.б. жорық жолдары туралы әңгімеленді.
Аты аңызға айналған халық кекшілдері-партизандар туралы әңгімені өлкетанушы Зиза Мұхтарханқызы жалғастырып, биылғы жылдың мерейтой иесі - Тоқтағали Жангельдиннің өмір жолы мен жорық жылдарына тоқталып өтті.
Әсел Омарова ғалымның ғылыми еңбектерімен, қаруластарының естеліктерімен, жуықта ғана Алматыда өткен Т. Жангелдинге арналған халықаралық ғылыми конференция жұмысымен, жазушының шығармашылығымен таныстырды. Кеште әнші Г. Перкованың орындауында партизандарға арналған «Ой туманы, мои растуманы» әні шырқалып, көпшілік көңілінен шықты