Шығыс Қазақстан – еліміздің бірегей аймағы. Ол көркем ландшафты мен биологиялық түрлілігінің арқасында Халықаралық Ұйымда “WWW Living Planet”· (сілтеме http://wwf.panda.org//)· 200 басым ғаламдық экологиялық аймақтар қатарына енді. Табиғат түрлілігі мен мәдениет байланысы тартымды туристік аймақтың беделін дәлелдей түседі. Кітапхананың бай мультимедия-топтамасынан сіздер Қазақстандық Алтай өңірінің сурет өнері жайлы сөз болатын Н. Трофименко мен А. Лаптевтің тамаша фильмдерін таба аласыздар. Марқакөл мен Жазауа көлдері, Үлбі, Қалжыр, Бұқтырма өзендері. Осылардың барлығын кітапхана қабырғасынан көре аласыздар.
Археологиялық зерттеулер бойынша, өлкеге өте ертеден қоныстанған. Бұған Алтай, Зайсан шұңқырында, Саур мен Тарбағатай тауларының бөктеріндегі бүгінгі күнге дейін сақталған көне таудағы өңдеу жұмыстарының іздері, суару арналары, көптеген құрылыстардың орны дәлел бола алады. Бай оқиғаларға толы тарих - деректі фильмдер, электронды оқулықтар, мультимедиялық тұсаукесерлерден көрініс тапқан. «Берельский курган» СD-ROMы - бірегей археологиялық· байлық көзі болып табылады.
·Шығыс Қазақстанның орталығы - Өскемен қаласы, өзінің тарихи дәстүрлерімен бай. Облыс орталығының тарихы, оның көшелері, белгілі өскемендіктердің өмірбаяндары «Усть-Каменогорску - 280», «Прогулки по Усть-Каменогорску» фильмдерінен көрініс тапқан.
·
Әр халық өзінің ұлы жерлестерін мақтан тұтады. Кітапхана топтамасы Шығыс Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған адамдар жайында дисктер іріктеумен де айналысады. Абай, Шәкәрім, Мұхтар – бүкіл Қазақстанның мақтанышы. Қ.Мұхамедханов, А.Иванов, Е.Курдаков, С.Черных, Қ.Нұрғалиев, Е.Славский, А.Протазанов – осылардың барлығы Сіздерді кітапханамыздың мультимедиа-топтамасында (вордқа сілтеме) күтетін болады!