kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Марқакөл ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Үлкен Нарын ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Аипова А.

Ғалиакпер Ошақпаевтың өмірі мен халыққа сіңірген еңбегі 

Oshakpaev KОшақпаев Ғалиакпер - 1927 жылдан КОКП мүшесі,  1965 жылдан Республикалық дәрежедегі дербес зейнеткер болған.

1892 жылы Семей губерниясы, Өскемен уезі, Сібе облысының, Төртқара ауылында ұста жанұясында дүниеге келді. Бала кезінде ауыл молдасынан арабша оқып сауатын ашты. 1908 жылдан Сібе облысының ауылдарында мұғалімдік қызметін бала оқытудан бастады.

1917 жылдан 1919 жылға дейін Уфа қаласындағы «Ғалия» медресесінің студенті болды. «Ғалия» медресесі әуел бастан-ақ өзінің бар болмысымен, бағдар-бағытымен демократиялық бағыттағы оқу орны болды. Азаматтықты талап етуі, халық арасында өнер-білім тарату, әйелдерге теңдік әперу жолында күресу, һәм мәдениетті тезірек өркендетуге ұмтылу идеялары «Ғалия» медресесінде кең тараған еді. Бұл медресе өз заманында шәкірттерін шама-шарқынша демократиялық рухта тәрбиеледі.

"Ғалия" медресесінде сегіз ұлттың жастары оқыды, 1906 жылдан 1920 жылға шейін медреседе 1500 адам оқыды.

 Тарихтың қызығы сол, болар-болмас фактыдан үлкен жағдайларға із салып, зерттеу жүргізуге жағдай туғызды.

Oshakpaev kniga1915-1918 жылдары Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқыған қазақ шәкірттері айына екі рет қолжазба «Садақ» журналын шығарып тұрған. Садақ журналы уақтылы және мазмұнды шығып тұрды.

Яғни, 1917-1918 оқу жылында қазақ шәкірттері тындырған ірі істері аталып өтті:

«Оқуға жұмылмаған халық жоқ. Солардың қатарында біздің қазақ шәкірттері да заманның қымбаттығына қарамай оқуға көп келді (30-дан аса).

Бұл журналға басылып шыққан мақалаларды жинақтап, 1986 жылы «Жалын» баспасынан Тұрсынбек Кәкішев «Садақ» атты кітап басып шығарды.

Мұқтаж, мүсәпір шәкірттерге туған бауырындай жәрдем көрсетуде «Садақта» мындай жарнама басылды: «Семейден оқу іздеп келген Ғалиакпар Ошақбаев пен Нұрахмет Ақылбеков ауырып қалған уақытта халін біліп, азық-түлік жеткізіп тұруының үстіне, олардың жоғалып кеткен төсек-орны да, мүсәпір халі де Жиенғалиды мазасыздандырғаны мынадан көрінеді. Сарыарқа газетінде: «Екеуі де жарлы шәкірттер, оның үстіне екеуі де сүзек-кезік науқасына айналды. Мұндағы «Қазақ шәкірттерінің ұйымы» екеуін Уфаның земский ауруханасына орналастырды. Әрине, шәкірт ұйымының қолы қысқа болатыны белгілі. Ол - шығындарына әзір шыдаса да, бұдан былай әлі келетін емес, екі жолдасымыз ауруханадан жазылып шыққан соң да әлденіп, оқуына көп күш керек. Бұл екеуінің қалдырып кеткен 20-30 сом ақшасы жарытып үнем болмайды, сондық әрісі барша әлем бергісі Семей облысының қазағынан өтінеміз: алыстан ғылым іздеп келіп, пақыршылық іздеп, ауруханада басына жастық, аузына сусын берерлік ата-ана жоқ екі шәкіртке асығыс жәрдем қолын созса екен! Дені сау мұқтаж шәкірттерге жәрдем қыласыздар ғой, бұл екі жолдасымыздың халі бұл күнде тым аяныш».

«Ғалиядағы» қазақ шәкірттері атынан Жиенғали Тілеубергенов (1917.26.12, № 25) деп жазғаны адамгершіліктің үлкен белгісіндей болса керек.

Осы «Садақ» журналында аты аталған біздің жерлесіміз Ғалиакпар Ошақбаев «Ғалия» медресесін бітірген соң 1919 жылы мұғалімдер дайындайтын курста болды. Сауатсыздықты жою үшін ауылдарға, болыстарға мұғалімдер жіберілгенде, 1919-1921 жылдары Семей губерниясы Өскемен уезі Шар болысының ауылдарында бастауыш мектептің мұғалімі болды.

1921 жылы қыркүйектен Өскемен қаласының мұғалімдер дайындайтын курсында оқыды.

1922 жылы қыркүйегінде Семей губерниясы Бұқтырма уезі Нұғыман ауылына дәрісші-мұғалім болып тағайындалды. Өскеменде бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет етті.

1924 жылы қыркүйек айынан Меңдеш болысы №1 ауылында мұғалім болды.

Халық ағарту жүйесінің негізгі буыны мектеп еді. Бірақ бүкіл халықтың оқуға деген ынтасын қанағаттандырарлық мектеп те жеткілікті құрал-жабдықтармен, мұғалім кадрлармен толық қамтамасыз етілмеген. Мектепке қаржы босату жұмысы жалпы мемлекеттік бюджеттен жергілікті бюджетке көшірілді.

Oahakpaev mektepОсы қиындықтарды шешу үшін Ғалиакпер Ошақбаев 1925 жылы Майтүбек ауылындағы мешітті Никитинка ауылына қызыл бұрыш ретінде беріп, жиналған қаржыға Алғабас ауылына мектеп салдырды.

1927 жылы Қызылорда қаласында өткен халық ағарту қызметкерлерінің I-съезіне делегат етіп сайлады. Қазақстан мұғалімдерінің съезі наурыз айы ішінде болған.Ол осы I-мұғалімдер съезінде сөз сөйледі. (Қазақ ССР тарихының II томында 346 бетте 1961 жылғы басылымында жазылған, Қазақ ССР ғылым академиясы.)

Ол туралы төмендегідей деректер бар. Өскемен уезінен келген ауыл мұғалімі Ошақбаев съезде: «Мұғалімдер байтақ Қазақстанның түкпір-түкпірінен біздің осы бірінші съезімізге алғаш рет жиналып отыр. Біздердей езілген еңбекші халықтың арасынан мұғалімдердің республика астанасына, кейін республиканың әртүрлі шаруашылық, саяси және мәдени мәселелерін шешуі сияқты мүмкіндікті бізге бұрын кім берген еді? Езілген қазақ халқының әртүрлі съездер мен конференцияларға жиналып, осы күнгідей өз тағдырын өзі шешуі сияқты мүмкіндікті бұрын кім берген еді? Міне, мұндай кең мүмкіндікті, мұндай бостандықты, мұндай бірлікті бізге орыс пролетариатының жеңісі ғана беріп отырғаны әркімге де белгілі» деді.

1928 жылдың жазында Петропавл қаласындағы аудандық халық ағарту бөлімінің инспекторлар дайындайтын өлкелік курсын оқып бітірді. Осы курсты бітірген соң Ұлан ауданының халық ағарту бөлімінде инспектор болып қызмет етті.

1929-1930 жылдары Өскемен жеті жылдық мектептің оқу меңгерушісі болып, сол жылы мектепті Никитинка ауылына көшіріп әкелді.

1930-1933 жылдары Ұлан аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі болды.

1933 жылы маусым-тамыз айларында Семей қаласында физика-математикалық курсты оқыды.

1933 жылдың қыркүйегінен бастап 1937 жылдың қазан айына дейін «Сынтас» кеніші Жарма ауданының ФЗС мектебінің меңгерушісі болды, және физика, математикадан дәріс берді.

1937 жылы қазан айынан 1939 жылдың қаңтарына дейін Солтүстік-шығыс жазалау лагерінде айдалып азап тартты («Колымада»). 1939 жылы істің тоқтатылуына байланысты ақталып шықты.

1940 жылдың қыркүйегінен Асубұлақ, К. Маркс атындағы мектептерде мұғалім болды.

1941 жылдың 1-ші қыркүйегінен 1957 жылға дейін Тарғын орта мектебінде мұғалім болды.

1931жылы Ұлан халық ағарту бөлімінің мадақтау грамотасымен марапатталды, 1940-1950 жылы Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттауға ұсынылса да 1937-1939 жылдары жеке басқа табыну кезеңінде айдауға ұшырағанына байланысты жоғарғы орындар бекітпеді.

Шығыс Қазақстан облысының саяси және ғылыми білім тарату бөлімі, Қазақ ССР қоғам басқармасының мақтау грамотасымен наградтады.

Жанұясында 6 баласы болған. Ең үлкен ұлы Ұлы Отан соғысында Германияда қайтыс болды. Бес баласы орта және жоғары оқу орындарында оқыған.

Қазіргі таңда 4 баласы Өскемен қаласында, 1 баласы Алматы қаласында тұрады.

Guzhat

Ақталып шыққаны жайлы құжат.

Тамыз конференциясы. Ұлан ауданы. 1956 жыл.(Ғ.Ошақпаев сол жақтан санағанда төменгі қатардағы он бірінші)

Қорытынды. Мен, бұл тақырыпты жан-жақты зерттедім. Жазба деректермен шектелмей, Ғалиакпер Ошақпаевтың ұрпақтарымен тікелей байланыста болып, өте құнды деректерді таптым. Ол кісінің кенже баласы Әсет Ошақпаев және немерелері Өскемен қаласында тұрады. Әсет ағамен сұхбат жүргізе отырып, Ғалиакпер атамыздың халықтың арасындағы саутсыздықты жоюға белсене араласқанын байқадым. Сол кездегі заманның қиындығына қарамай, ауылды жерде мектеп ашуы өте батыл қадам еді. Ал өкімет саясаты зиялы адамдарға дұрыс қабақ танытпаған. Сол себептен 1937 жылы қуғын-сүргінге ұшырап, Ресейдегі Колымаға жер аударылады. Абақтыда ол - қазақтың бес арысы атанған Мағжан Жұмабаевпен, сонымен қатар қазақтың ақыны Иса Байзақовпен   бірге отырған екен.

   Міне, Ғалиакпер атамыз осындай қиын өмірді басынан өткерді. Бұл адамның жүріп өткен жолы, салған ізі қазіргі ұрпаққа үлгі-өнеге. Өлкеміздің осындай зиялы, білімді адамдарын зерттеп, халыққа тарату мен үшін үлкен құрмет. Бұл мәселе менің ойымда саңылау тауып, мені әлі де толғандыруда. Алайда мағлұматтардың жеткіліксіз болуы, менің алдыма қойған мақсатыма қол жеткізуіме біраз қиыншылықтар туғызды.

                          

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений