kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

(Жүктеу)

Қазақстан Республикасы Конституциясына 25 жыл

Алтын Орда мемлекетіне 750 жыл

Қазақ хандығының құрылғанына 555 жыл (1465)

Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске 75 жыл (1941-1945)

Ұлы ойшыл – ғалым, энциклопедист, гуманист  Абу Насыр Мухаммед ибн Тархан ибн Узлаг ал-Фарабидің туғанына 1150, қайтыс болғанына 1060 жыл (870-950) 

Ұлы ойшыл, философ, ақын, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы Абай (Ибрагим) Құнанбайұлының  туғанына 175 жыл (29 шілде (10 тамыз)  1845-1904) 

1 қаңтар Бесқарағай ауданының тумасы,  Кеңес Одағының батыры, Махмет Қайырбаевтың туғанына 95 жыл (1925-1996) 
1 қаңтар Күршім өңірінің тумасы, суретші Анатолий Иванович Степановтың туғанына 80  жыл (1940) 
1 қаңтар Қазақстан композиторлар Одағының мүшесі, сазгер Сергей Яковлевич Чибисовтың туғанына 75 жыл (1945) 
1 қаңтар Республикалық «Казахстанская правда» газетінің шыққанына 100 жыл (1920 ж. 1 қаңтар) 
2 қаңтар Жарма ауданының тумасы, сазгер, ұстаз Уәли Айдаболовтың  туғанына 90 жыл (1930-2000) 
5 қаңтар  Зайсан өңірінің тумасы, ақын, жазушы, журналист, аудармашы Павел Николаевич Васильевтің туғанына 110 жыл (1910-937) 
8 қаңтар

Семей қаласының тумасы жазушы, "Қазақфильм" киностудиясының сценаристі Виталий Васильевич Старковтың туғанына 85 жыл (1935-1983).   

10 қаңтар Тарбағатай ауданының тумасы, ақын Әділғазы Жақсылықұлы Қайырбековтың  туғанына 65 жыл (1955)
14 қаңтар С. Аманжолов атын. ШҚМУ-нің Құрметті профессоры, тарихшы-ғалым, тарих-филология факультетінің бұрынғы деканы Василий Игнатович Петровтың туғанына 95 жыл (1925-2006) 
16 қаңтар Журналист Владлен Мейерович Шустердің туғанына 80 жыл (1940-2000) 
18 қаңтар Кеңес Одағының  батыры, Жарма ауданы Акжал кенішінде еңбек еткен  Иван Михайлович Ландышевтің туғанына 95 жыл (1925-1945)  
20 қаңтар Кеңес Одағының батыры, Зырян ауданындағы кен байыту комбинатында ұзақ жылдар еңбек еткен Павел Федорович Кольцовтың туғанына  110 жыл (1910 -2012)   
20 қаңтар Социалистік Еңбек Ері, атақты металлург, ҰОС ардагері Қайролда Бақтыбаевтың туғанына 95 жыл (1925) 
22 қаңтар Шемонаиха ауданының тумасы, ақын, ғалым-геохимик, өнертапқыштуғанына 80 лет (1935-2014) 
24 қаңтар Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Ақберен Елгезектің  (Әзбергеновтуғанына 40 жыл (1980)  
27 қаңтар Абай ауданының тумасы, ақын Төлеген Жанғалиевтың туғанына 70 жыл (1950)   
27 қаңтар Үржар (Мақаншы) ауданының тумасы, ғалым-зоолог, эколог Сергей Василиевич Стариковтың туғанына 60 жыл (1960) 
27 қаңтар Катонқарағай ауданының тумасы, батыр шекарашы,  тәжік-ауған шекарасында ерлікпен қаза тапқан жауынгер-интернационалист Раджан Батырхановтың туғанына 45 жыл (1975-28.09.1994) 
28 қаңтар Өскемен қаласында ашылған тұңғыш қазақ бастауыш  мектебіне (қазіргі  Жамбыл атындағы мектеп-интернат) 100 жыл (1920) 
Қаңтар Азамат соғысының ардагері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Павел Александрович Пармановтың туғанына 125 жыл (1895-1978)  
2 ақпан Шұбартау өңірінің тумасы, әдебиет зерттеушісі, ғалым, филология ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы, Түркияның халықаралық «Түркі дүниесіне қызмет» және «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты, жазушы Мұхтар Мұқанұлы  Мағауиннің  туғанына 80 жыл (1940)  
3 ақпан Филология ғылымдарының кандидаты, «Жидебай-Бөрілі» мемл. тарихи-мәдени және әдеби қорық-мұражайының директоры Жандос Мағазбекұлы Әубәкірдіңтуғанына 45 жыл (1975)  
3 ақпан КСРО Суретшілер Одағының мүшесі, Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетінің оқытушысы Владимир Ильич Третьяковтыңтуғанына 90 жыл (1930-2005) 
6 ақпан Бородулиха ауданының тумасы, Семей қаласының Құрметті азаматы, эколог-ғалым, биология ғылым. докторы, «әлемнің жетекші Ғалымы» - Михаил Семенович Паниннің туғанына 80 жыл (1940)  
7 ақпан Ұлан ауданының тумасы, КСРО, Қазақстан спорт шебері, жаттықтырушы Жексен Иқамбаевтыңтуғанына 65 жыл (1955) 
7 ақпан Шығыс Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясыныңқұрылғанына 25 жыл (1995)
8 акпан Тарбағатай ауданының тумасы, тарих ғылымдарының докторы, ҚР қоғам және тарих Академиясының академигі Ғани Мұқашұлы Қарасаевтың туғанына 65 жыл (1955) 
12 ақпан Өскемен қаласының тумасы, актер, режиссер, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген әртісі (1947), Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1958), Ұлы Отан соғысына қатысушы Нуритдин Мұхаметқалиұлы Атахановтың  туғанына 115 жыл (1905-1974) 
15 ақпан Зайсан ауданының тумасы, Қазақстан Республикасының Халық әртісі Күләш Сакиеваныңтуғанына 100 жыл (1920) 
15 ақпан

Шығыс Қазақстан облыстық орыс драма театрының жанынан қазақ труппасының құрылғанына 20 жыл (2000)

17 ақпан Семей өңірінің тумасы, ҚР ҰҒА ның академигі, геология минерология ғылымдарының докторы, профессор Серікбек Жүсіпбекұлы Дәукеевтің туғанына 70 жыл (1950)
21 ақпан Зырян ауданының тумасы, музыкант, «Лето» ансамблінің жетекшісі Өскемен қаласына арналған үздік әндер байқауының лауреаты Виктор Васильевич Сычуктыңтуғанына 65 жыл (1955) 
23 ақпан Өскемен қаласының тумасы, Бүкілодақтық және Республикалық көркемөнерпаздар байқауларының жеңімпазы, «Ульба» әлеуметтік-медициналық орталықтағы «Рябинушка» хорының жетекшісі Владимир Павлович Паладьевтіңтуғанына 70 жыл (1950) 
23 ақпан Мақаншы ауылының тумасы, филология ғылымының докторы Тұрағұл Қоңыровтың туғанына 85 жыл (1935-1995)
23 ақпан Ұлан ауданының тумасы, ұлттық ат спортының негізін қалаған жазушы Сәдібек Түгелдің туғанына 65 жыл (1955) 
24 ақпан Өскемен қаласының тумасы, Кеңес Одағының  батыры Владимир Иванович Мызаныңтуғанына 105 жыл (1915-1944) 
25 ақпан Тарбағатай ауданының тумасы, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы, мұхтартанушы Айжан Маратбекқызы Қартаеваның туғанына 45 жыл (1975) 
ақпан Қатонқарағайда (Шыңғыстайда) Оралхан Бөкей атындағы музейдің ашылғанына 25 жыл (1995) 
ақпан Өлкетанушы, орыс тегін жинаушы Василий Алексеевич Рыбаковтың туғанына 115 жыл (1905-1973) 
1 наурыз Абай ауданының тумасы, халық ақыны, фольклоршы, композитор Шәкір Әбеновтің туғанына 120 жыл (1900-1994)  
3 наурыз Семей қаласының тумасы, журналист, жазушы, Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері Әзімхан Садуақасовтың туғанына 90 жыл (1930) 
4 наурыз Абай ауданының тумасы, С. Торайғыровтың шығармашылығын зерттеуші, ғалым-филолог Арап Сайлауұлы Еспенбетовтыңтуғанына 75 жыл (1945) 
4 наурыз Педагог, "Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі", Семей қаласының Құрметті азаматы Михаил Александрович Юрченконың туғанына 95 жыл (1925)
5 наурыз Зырян ауданының тумасы, сазгер, Олег Сәйінділдаұлы Жанияровтың туғанына 75 жыл (1945)   
6 наурыз Күршім ауданының тумасы, ақын  Асқар Егеубаевтың туғанына 70 жыл (1950-2006) 
12 наурыз Семей қаласында Әскери госпитальдың ашылғанына 50 жыл (1970) 
13  наурыз Семей қаласында ұзақ жылдар еңбек еткен сазгер Теміржан Базарбаевтың туғанына 85 жыл (1935-2006)        
14  наурыз Катонқарағай ауданының тумасы  жазушы, драматург,Қалихан Ысқақовтың туғанына  85 жыл (1935) 
14 наурыз Абай өңірінің тумасы, әнші, Абай ауданының Құрметті азаматы Баян Сағымбаеваның туғанына 70 жыл (1950) 
15 наурыз Семей өңірінің тумасы, әнші, Қазақстан Республикасының еңбек  сіңірген  әртісі Бақыт Үдербаеваның туғанына 70 жыл  (1950)          
16 наурыз Белгілі абайтанушы, шежіреші, жазушы  Бекен (Бекмұхамет) Исабаевтың туғанына 90 жыл (1930) 
18 наурыз Семей қаласының  тумасы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі"(1995ж.) Аралбай Төлеубектің туғанына 70 жыл (1950)
20 наурыз Шұбартау ауданының тумасы, ғалым –филолог, М.Әуезовтың шәкірті Мұратбек Бөжеевтіңтуғанына 110 жыл (1910-1980) 
20 наурыз Санкт-Петербург ҒА- ның толық мүшесі, Бұқтырма өзені мен Зайсан көлінің маңайы, Тарбағатай өсімдіктер әлемін зерттеуші ғалым Карл Андреевич Мейердің туғанына 225 жыл (1795-1855) 
21 наурыз Өскемен қаласында Түсті металдардың бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтының (ВНИИцветмет)құрылғанына 70  жыл (1950 
21 наурыз Абай ауданының тумасы, жазушы, әдебиеттанушы, кинодраматург Айгүл Кемелбаеваныңтуғанына 55 жыл (1965) 
27  наурыз Ақын, прозашы, мүсінші-флорист, суретші, эссеит, аудармашы, ұзақ жылдар Өскемен қаласында тұрған  Евгений Васильевич Курдаковтың туғанына 80 жыл (1940-2002)  
27 наурыз Өскемен титан-магний комбинатының іске қосылғанына 55 жыл (1965) 
27 наурыз Семейлік айтыскер ақын Дәмеш Омарбаеваның туғанына 70 жыл (1950)  
29   наурыз Семей қаласында Шығыс Қазақстан облысының қазіргі  тарихы туралы құжаттар орталығының құрылғанына 100 жыл (1920) 
1 сәуір Абайдың  мемлекеттік  тарихи  мәдени және әдеби  мемориалдық қорық мұражайына 80 жыл (1940)  
1 сәуір Үржарлық ақын,Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Егеухан Мұқамәдиқызыныңтуғанына 80 жыл (1940 ж.) 
4 сәуір Марқакөл өңірінің тумасы, ұлттық музыкалық инструменттер жасаудың шебері, Қазақстанның мәдениет қызметкері, Қазақстан Суретшілер Одағының, Қолөнершілер Одағының  мүшесі, суретші, домбырашы Жолаушы Тұрдығұловтың туғанына 70 жыл (1950)
5 сәуір Ғалым –зоолог, өлкетанушы Виктор Алексеевич Селевиннің туғанына 115 жыл (1905-1938)
7 сәуір Жазушы, Ұлы Отан соғысына қатысушы Мария Карповна Недобиткова-Бельскаяның туғанына  95 жыл (1925)
8 сәуір Семей қаласы Абай атындағы музыкалық драма театрының әртісі, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Хасен Байырмановтың туғанына 115 жыл  (1905-1986)
8 сәуір

Ұлан ауданының тумасы, ғалым-филолог, қазақ әдебиеті тарихын зерттеуші Болатжан Әбілқасымовтың туғанына 70 жыл (1950)

9 сәуір

Ұлан ауданының тумасы, журналист, аудармашы, жазушы, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ғаббас Қабышевтың туғанына 85 жыл (1935)

12 сәуір

65 жыл бұрын КСРО Өнеркәсіп құрылыс материалдар министрлігінің №56\р-583 бұйрығымен жылына 60 млн. дана кірпіш шығаратын Семей силикт зауытын (қазіргі ЖШС «Силикт») салу жобасы бекітілді. (1965)

14 сәуір Аягөз өңірінің тумасы, ақын, журналист, «Алаш» халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Ғабиден Құлахметтің туғанына 65 жыл.  (1955 – 2007)
14 сәуір

Зайсан өңірінің тумасы,өнертану ғылымының докторы, профессор, білім саласының құрметі қайраткері Бақыт Нұрпейістің туғанына 50 жыл (1970) 

16 сәуір

Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан) Бородулиха ауданының тумасы,суретші,  Эдуард Викторович Гольманның туғанына 55 жыл (1965), живописцу 

17 сәуір

Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылғанына  80 жыл 

(1940)
22 сәуір Саяси жер аударылып, 1889-1895 жылдары Зайсан қаласында жазасын өтеген Николай Эрнестович Ватсонның туғанына 155 жыл (1865-1895)
22 сәуір Семей өңірінің тумасы, Алаш идеясын дамытуға және іске асыруға үлес қосқан, Алаш партиясының үйін ашқан, меценат, мәдениет қайраткері Мұхамедхан Сейтқұловтың туғанына 150 жыл (1870-1937
24 сәуір Шығыс Қазақстан қалаларындағы бірнеше ескерткіштердің авторы, мүсінші Георгий Александрович Огневтің   туғанына 95 жыл (1925)
25 сәуір Ұлы Отан соғысының ардагері, металлург, Социалистік Еңбек Ері, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Василий Дмитриевич Дегтяревтің  туғанына 105 жыл (1915-1988)
28 сәуір Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген дәрігері, Өскемен, Зайсан қалаларының Құрметті азаматты, дәрігер-ортопед Михаил Иванович Колесниковтың  туғанына 90 жыл (1930)
сәуір Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінің қызметіне 25 жыл (1995)
1 мамыр Кеңес Одағының батыры Иван Иосифович Варепаның туғанына 110 жыл (1910-1981)
1 мамыр Тарбағатай ауданының тумасы, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстанның Еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Қанипа Омарғалиқызы Бітібаеваның туғанына 75 жжыл (1945-2014)
1 мамыр

Шемонаиха ауданының тумасы, «Даңқ» орденінің толық кавалері,Өскемен қаласының Құрметті азаматы Матвей Иванович Дмитриевтің туғанына 95 жыл (1925-1995)

2 мамыр

Самар (қазіргі Көкпекті) ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысы, тыл ардагері, барлаушылар командирі, партизан Григорий Алексеевич Гнидиннің туғанына 100 жыл (1920-1988)

3 мамыр Шығыс Қазақстан облыстық Өнер мұражайының құрылғанына 30 жыл (1990) 
5 мамыр  Қоғам қайраткері, заңгер Рүстем Есімханұлы Қайдаровтың туғанына 80 жыл (1940)
9 мамыр  Абай ауданының тумасы, жазушы, драматург, тарих ғылымының докторы Мұсатай Бекболатұлы Ақынжановтың туғанына 115 жыл (1905-1986) 
9 мамыр  Белоусовка Кен байыту фабрикасының іске қосылғанына 75 жыл (1945-2014)
13 мамыр  Риддер тарихи-өлкетану мұражайының ашылғанына 60 жыл. (Қазақ ССР Мәдениет Министрлігінің 1960 жылғы 13 мамырдағы № 159 бұйрығымен № 4 орта мектептің өлкетану бұрышы негізінде құрылған) (1960) 
15 мамыр  Кеңес Одағының батыры Федор Дементьевич Туровтың туғанына 110 жыл (1910-1974) 
17 мамыр  Зайсан өңірінң тумасы, ақын, журналист мемуарист Таисия Анатольевна Баженованың туғанына 120 жыл  (1900-1970) 
20 мамыр  Кеңес Одағының батыры  Виталий Мефодиевич Безголосовтың туғанына 100 жыл  (1920-1945) 
21 мамыр Үлкен Нарын (қазіргі Катонқарағай) ауданының тумасы, биология ғылымының докторы, профессор, денсаулық сақтау ісінің үздігі Төлеген  Қазезұлы Раисовтың туғанына 75 жыл (1945)
22 мамыр Зайсан ауданының тумасы, журналист, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Елубай Оңдасынның туғанына 70 жыл (1950)
25 мамыр Құсман Сыйттықұлы Қосановтың туғанына 85 жыл (1935-1990
27 мамыр Өскемен қаласының тумасы, ғалым-филолог, С. Аманжолов атын. ШҚМУ профессоры Люция Ильдаровна Aдуллинаның туғанына 60 жыл (1960) 
28 мамыр Шемонаиха қаласының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, Социалистік Еңбек Ері Николай Федорович Кузьминнің туғанына 95 жыл (1925-1992)
Мамыр Шығыс Қазақстан геология басқармасының ұйымдасқанына 80 жыл (1940)  
Мамыр 80 жыл бұрын “Шығыс шеңбері” тасжол құрылысы басталды (1940) 
1 маусым Абай ауданының тумасы, профессор, әдебиеттанушы, жазушы Рымғали Нұрғалиевтіңтуғанына 80 жыл (1940) 
7 маусым С. Аманжолов атын. ШҚМУ-дың оқытушысы, ғалым, қазақ филологиясы кафедрасының профессоры Фарзана Рафикқызы Ахметжанованың туғанына 70 жыл (1950) 
10 маусым Қатонқарағай ауданының тумасы, жазушы, аудармашы Дидахмет Әшімхановтың туғанына 70 жыл (1950-2015) 
11 маусым Күршім ауданының тумасы, ғылым докторы, Ресей жаратылыстану академиясының корр. мүшесі, түркітанушы Шынар Қапантайқызы Құрманбаеваның туғанына 50 жыл (1970) 
15 маусым Тарбағатай өңірінің тумасы, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты,  Халықаралық сыншы-әдебиетшілер Ассоциациясының дипломанты Нұрдәулет Бәбиханұлы Ақышевтің туғанына 70 жыл (1950) 
16 маусым Абай ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, ҚР еңбек сіңірген мұғалімі, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі, жазушы Кәмен Оразалинніңтуғанына 100 жыл (1920 -2008)  
19 маусым Өскемен қаласының 250 жылдық мерейтойына арналған әндер конкурсының лауреаты, ақын Маржангүл Маниярованыңтуғанына 65 жыл (1955) 
24 маусым Семей қаласының тумасы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ҒА-ның мүше-корреспонденті, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, әдебиеттанушы-ғалым Сейіт Қасқабасовтың туғанына 80 жыл  (1940) 
26  маусым Семей қаласының тумасы, құқықтанушы-ғалым, ҚР Ата заңының қосалқы авторы “Құрмет” орденінің иегері Гайрат Сапарғалиевтің туғанына 90 жыл (1930-2010)   
28 маусым Өскемен қаласындағы хайуанаттар бағының (2008 ж. Жамбыл саябағынан Солжағалау мұражай қорығы кешеніне ауыстырылған) ашылғанына 20 жыл (2000) 
29 маусым Ұлан ауданының тумасы, жазушы, “Дидар” газетінің (2009-2012) бас редакторы, журналист Айтмұхамбет Қасымовтың туғанына 70 жыл (1950)   
1 шілде Күршім ауданының тумасы, балалар жазушысы, педагог, ҚазССР-інің еңбек сіңірген мұғалімі Бәдел Тұрсынбаевтыңтуғанына 115 жыл (1905-1967)  
1 шілде Кеңес Одағының батыры Ғани Бекинович Сафиуллиннің туғанына 115 жыл (1905-1973) 
8 шілде Семей қаласында жеңіл өнеркәсіп техникумының (қазіргі сервис колледжі) ашылғанына 75 жыл (1945) 
8 шілде 1826 жылы Өскемен, Риддер, Зырян қалаларын аралаған Дерпт ботаника университетінің  профессоры  Карл Ледебурдың туғанына 235 жыл (1785-1851) 
9 шілде Өскемен қалалық атқару комитетінің төрағасы, Өскемен қаласы әкімшілігінің басшысы, ШҚ әкімінің орынбасары Николай Тимофеевич Носиковтың туғанына 75 жыл (1945-1998) 
11 шілде Ұлы Отан соғысына қатысушы, Семей қаласының Құрметті азаматы Габдулгазиз Ахмеровтың туғанына 95 жыл         
18 шілде Суретші Леонид Евтихиевич Агейкиннің туғанына 85 жыл (1935-1982) 
20 шілде Шығыс Қазақстан облыстық өнер мұражайының қызметкері, өнертанушы, архитектор, публицист, ақын Лариса Ивановна Мартынованың туғанына 65 жыл (1955) 
24 шілде Кеңес Одағының батыры Сергей Алексеевич Батиньковтыңтуғанына 100 жыл (1920-1985)           
1 тамыз Семей өңірінің тумасы, КСРО Халық әртісі, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының профессоры, композитор Еркеғали Рахмадиевтің туғанына 90 жыл (01.08.1930-09.04.2013) 
1 тамыз Аягөз ауданының тумасы, жазушы, киносценарист, күйші Таласбек Әсемқұловтың туғанына 65 жыл (1955-2014)    
2 тамыз Кеңес Одағының батыры Валерий Федорович Величконың туғанына 95 жыл (1925-1944) 
6 тамыз Тарбағатай ауданының тумасы, филология ғылымының кандидаты,С.Аманжолов атындағы  ШҚМУ-дың доценті, профессор Амантай Шаймарданқызы Жылқыбаеваның туғанына 70 жыл (1950) 

7 тамыз

Қазақстан фаунасын зерттеуші, белгілі зоолог Борис Алексеевич Белослюдовтың туғанына 105 жыл (1915-1949)
9 тамыз Өскемендегі Ертіс өзеніндегі автокөлік көпірінің пайдалануға берілгеніне 50 жыл (1970) 

10 тамыз

(29 шілде)

Ақын – ағартушы, қазақ жазба әдебиетінің негізінқалаушы, ойшыл –философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл (1845-1904)  
10 тамыз 25 жыл бұрын (1995) Абай ауданында «Абай – Шәкәрім» мемориалдық кешені салтанаты түрде ашылды 
10 тамыз Кеңес Одағының батыры Петр Климентьевич Миллердің   туғанына 110 жыл (1910-1987)  
10 тамыз Ұлы Отан соғысына қатысушы, график, Қазақстан  Суретшілер Одағының мүшесі Михайл Михайлович Беляевтің туғанына 95 жыл (1925-2007)  
11 тамыз ШҚ облыстық «Семь дней» газетінің алғашқы саны шыққанына 25 жыл (1995) 
11 тамыз Кеңес Одағының батыры  Альберт  Викторович Крониттің туғанына 95 жыл (1925-1983) 
14 тамыз Бұқтырма ГЭС-інің алғашқы  агрегатының іске қосылғанына 60 жыл (1960) 
15 тамыз Өскемен қаласы (Өскемен бекінісі) іргетасының қаланғанына 300 жыл (1720)  
18 тамыз Зайсан қаласының тумасы, техника ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерлік академияның, ҚР Минералдық ресурстар академиясының академигі Марат Жақыпұлы Бітімбаевтың туғанына 80 жыл (1940)  
25 тамыз Зайсан өңірінің тумасы, шекара қызметінің директоры (1999-2008), генерал –лейтенант Болат Сейтқазыұлы Закиевтің туғанына 70 жыл (1950) 
25 тамыз Катонқарағай ауданының тумасы, «Құрмет» орденінің иегері, А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасының бұрынғы  директоры,  Қабиба Мұрзақанқызы Ақжігітованың  туғанына 65 жыл (1955) 
28 тамыз Ұзақ жылдар Семей облысын басқарған білікті басшы, қоғам және мемлекет қайраткері, соғыс және еңбек ардагері Екейбай Қашағановтыңтуғанына 100 жыл (1920 ­   1985) 
тамыз Өскемен қаласында тұңғыш  мұғалімдер сьезінің ашылғанына 75 жыл (1945) 
Тамыз Шығыс Қазақстан облыстық солжағалау сәулет- этнографиялық және табиғи-ландшафтық мұражай - қорық кешенінің ашылғанына 10 жыл (2010) 
тамыз Өскемен қаласында аэропорт ашылғанына 85 жыл (1935) 
   
1 қыркүйек     Өскемен музыкалық училищесінің (қазіргі ағайынды Абдуллиндер атын. Өнер колледжі) ашылғанына 65 жыл (1955) 
1 қыркүйек Көкпекті (бұрынғы Самар)  ауданының тумасы, журналист, жазушы, КСРО Журналистер одағының және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Көкей (Көпжасар) Сақабаевтың туғанына 90 жыл (1930-1995)
1 қыркүйек Кеңес Одағының батыры Жәнібек Ақатұлы Елеуісовтың туғанына 95 жыл (1925-1995) 
1 қыркүйек Абай ауданының тумасы, журналист, сазгер  Жұмабек Қамбаровтың туғанына 70 жыл (1950)  
4 қыркүйек Тарбағатай ауданының тумасы, жазушы Заманбек Жәкеновтың туғанына 90 жыл (1930-1996) 
4 қыркүйек Ұзақ жылдар Өскемен қаласында тұрып еңбек еткен ақын, Ресей Жазушылар одағының мүшесі Плеслов Юрий Петровичтің  туғанына  80 жыл (1940-2010)  
8 қыркүйек Өскемен уезіне қарасты Михайло-Архангельское (Ленинка - қазіргі Сағыр) селосының құрылғанына 125 жыл (1895) 
12 қыркүйек Аягөз ауданының тумасы, журналист, жазушы, жастар мен балаларға арналған шығармалардың авторы Толымбек Әбдрайымовтың туғанына 65 жыл (1955) 
15 қыркүйек Семей қаласында Шығыс Әскери округы құрылғанына 20 жыл (2000)
15 қыркүйек Кеңес Одағының батыры  Лаврентий Сергеевич Константиновтың туғанына 110 жыл (1910-1948)   
15 қыркүйек Глубокое ауданының тумасы, олимпиада чемпионы, СССР –дің еңбек сіңірген спорт шебері Раиса Васильевна Курвякованың туғанына 75 жыл (1945)
21 қыркүйек Өлкетанушы, саяхатшы Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 185 жыл (1835-1920)  
21 қыркүйек Кеңес Одағының батыры  Серікказы Бекбосыновтың  туғанына 95 жыл (1925-1977)   
22 қыркүйек Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты,  ақын, аудармашы Несіпбек Айтұлы 70 жаста (1950) 
22 қыркүйек Семей қаласында тұңғыш типографияның ашылғанына 170 жыл. (1850)
22 қыркүйек Семей өңірінде мерзімді басылымдар, баспа ісі, полиграфия тарихы мұражайының ашылғанына 20 жыл (2000)
27 қыркүйек  «Огни Прииртышья» газетінің алғашқы саны жарық көргеніне 75 жыл (1945)
қыркүйек Өскемен қаласында саяси ағарту үйінің ашылғанына 95 жыл (1925) 
6 қазан Марқакөл өңірінің тумасы, С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің биология кафедрасының профессоры Константин Павлович Прокоповтың туғанына 80 жыл (1940)          
9 қазан РФ Суретшілер Одағының мүшесі, Семей пед.институты көркем-графика факультетінің деканы (1979-1991), суретші Иван Васильевич Солодухиннің туғанына 70 жыл (1950) 
14 қазан Кеңес Одағының батыры Ефим Семенович Стрельниковтың туғанына 115 жыл (1905-1945)   
14 қазан Абайтанушы, ғалым, ШҚМТУ профессоры Евгений Иванович Григорьевтің туғанына 90 жыл (1930 -2012) 
15 қазан Үлкен Нарын (Катонқарағай ауданы) өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысының ардагері, Социалистік Еңбек Ері, металлург Әуталиф Қалиевтің туғанына 95 жыл (1925)  
16 қазан Семей қаласындағы аспалы көпірдің  іске  қосылғанына 20 жыл (2000)
16 қазан Семейдегі Абайдың «Жидебай Бөрілі» мемлекеттік тарихи мәдени және әдеби мемориалдық қорық музейі ашылғанына 80 жыл (1940)
17 қазан Аягөз ауданының тумасы, ҚР еңбек сіңірген қызметкері, Т. Жүргенов атын. Қазақ ұлттық академиясы «Музыка өнері» факультетінің деканы Толқын Тоқтаубайқызы Забированың туғанына 50 жыл (1970) 
19 қазан Семей өңірінің тумасы, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Мыңбай Ахметкәрімұлы Рәшевтің (Тотыяйын Рамазанов) туғанына 90 жыл (1930) 
20 қазан Кеңес Одағының батыры Иван Васильевич  Топорковтың туғанына 100 жыл (1920-1966)  
25 қазан Өскемен медицина училищесінің (қазіргі медицина колледжі)  ашылғанына 85 жыл (1935) 
28 қазан Ақсуат ауданының тумасы, танымал кинорежиссер Серік Апрымовтың туғанына 60 жыл (1960)   
29 қазан Марқа өңірінің тумасы, КСРО Халық мұғалімі, Құмаш Нұрғалиұлы Нұрғалиевтің туғанына 95 жыл (1925-1988)   
қазан Зайсан қаласында ерлер приходтық училищесінің ашылғанына 115 жыл (1905) 
қазан Өскемен қаласында ағайынды Абдуллиндер атындағы музыкалық училищенің ( қазіргі ағайынды Абдуллиндер  атындағы Шығыс Қазақстан  өнер колледжі) ашылғанына 65 жыл (1955)
қазан 95 жыл бұрын (1925) Өскемен қаласында  алғашқы ұлғайтқышты радиоқабылдағыш орнатылды 
қазан 90 жыл бұрын  (1930) Өскемен қаласында телефондық құрылғы негізінде алғашқы қалалық телефон станциясы жұмыс істей бастады (1930) 
1 қараша 95 жыл бұрын Лениногорск (Риддер) қаласында фабрика-завод мамандарын ФЗУ даярлайтын тұңғыш жұмысшы мектебі (1925) ашылды. Кенші, металлург, токарь, лаборант т.б. даярлап, зауыт, фабрикаларды білікті жұмысшы мамандармен қамтамасыз етті. 
3 қараша Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, режиссер Владимир Михайлович Аленчуктың туғанына 80 жыл (1940-2009)                  
7 қараша Абай ауданы Орда ауылының тумасы, Социалистік Еңбек Ері Болат Бағдатовтың туғанына  80 жыл (1940-2005) 
8 қараша Бесқарағай ауданының тумасы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-аудармашы Омарғазы Оспановтың туғанына 110 жыл (1910-1986)      
9 қараша Үржарлық ақын, сазгер Өмірбек Боранбаевтың туғанына 70 жыл (1950) 
16 қараша Зайсан қаласының тумасы, орнитолог-ғалым Виталий Андреевич Хахловтың туғанына 130 жыл (1890-1983)   
17 қараша Өскемен қалалық партия комитетінің бірінші хатшысы (1971-1984), Өскемен қаласының Құрметті Азаматы Алексей Кузьмич Лесечконың туғанына 95 жыл (1925-2004) 
18 қараша Жарма  ауданы Ақжал кенішінде еңбек еткен, Кеңес Одағының Батыры Иван Михайлович Ландышевтің туғанына 95 жыл  (1925 - 1945) 
19 қараша Семей концерттік-эстрадалық бюросы негізінде филармония болып құрылғанына 60 жыл (1960) 
20 қараша Жарма ауданының тумасы, хор дирижері, педагог, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Гүлжазира Ахметованың туғанына 90 жыл (1930)  
20 қараша Ұлан ауданының тумасы, ақын, көптеген әдеби сыйлықтардың лауреаты ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Азамат Тасқараұлының туғанына 30 жыл (1990)
21 қараша Абай ауданының тумасы, ғалым, тіл маманы Ахмеди Ысқақовтың туғанына 110 жыл (1910-1996) 
21 қараша КСРО ІІБ-нің еңбек сіңірген қызметкері, Өскемен қаласының Құрметті Азаматы Михаил Кирсанович Губушкинннің туғанына 90 жыл (1930)  
24 араша Абай ауданының тумасы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушы, жазушы Сапарғали Ысқақұлы Бегалиннің туғанына 125 жыл (1895-1983)  
2 желтоқсан Зайсан ауданының тумасы, ақын Тоқтарбек Қызықбаевтың туғанына 80 жыл (1940- 2005)
5 желтоқсан Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы мұражайының негізі қаланғанына 35 жыл (1985)
6 желтоқсан  Кеңес Одағының батыры Николай Степанович  Шелеховтың  туғанына 100 жыл (1920-1945) 
10 желтоқсан Көкпекті ауданының тумасы,  ҚР еңбек сіңірген әртісі Шайзат Сапарғажықызы Бахтинованың туғанына 80 жыл. (1940)
12 желтоқсан Мемлекет қайраткері, заң ғылымдарының докторы, «Атамұра» корпорациясының Президенті Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхаммедтің туғанына 60 жыл (1960)
14 желтоқсан Өскемен қаласының тумасы, ақын, журналист, «Звено Алтая»  әдеби бірлестігінің мүшесі «Мой город» қоғамдық қорының атқарушы директоры  Геннадий Николаевич Пуссептің туғанына 75 жыл (1945) 
19  желтоқсан  Ұлан ауданының тумасы Кеңес Одағының  батыры Төлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл (1920-1942)  20
22 желтоқсан Семей«Еураз-шоу» ән-би театрына 25 жыл (1995)
25 желтоқсан Зайсан өңірінің тумасы, Алаш әдеби сыйлығының лауреаты, ақын Нұрлан Мәукенұлының туғанына 60 жыл (1960-2003) 
25 желтоқсан Жаңасемей (қазіргі Бородулиха) ауданының тумасы, арнайы отряд бөлімінің командирі, аға лейтенант Қалибек Ғазизұлы Ахметовтың туғанына 65 жыл (1955-1982) 
27 желтоқсан Кеңес Одағының батыры Григорий Артемович Найденовтың туғанына 105 жыл (1915-2010)

 Айы, күні белгісіз аталып өтілетін мерейтойлар: 

865 Моңғол ханы, әйгілі қолбасшы Шыңғысханның (Тэмуджин) туғанына 865 жыл  (1155-1227 жж. шамасы) 
345 Қолбасы, қазақтың көне жыраулық мектебінің белді өкілі, дипломат Ақтамберді жырау Сарыұлының туғанына 345 жыл (1675-1768) 
320 Керей руынан шыққан әрі батыр әрі би Жобалай Байсейітұлының туғанына 320 жыл  (1700- 
305 Бухгольц экспедициясының Алтай мен Шығыс Қазақстанға жасаған саяхатына 305 жыл (1715)  
295 Глубокое ауданы Уварово селосының құрылғанына 300 жыл (1720) 
285 Тобықты руының атақты биі, ел басшысы Кеңгірбай би Жандосұлының туғанына 285 жыл (1735-1825) 
275   Жоңғар шапқыншылығына қарсы Шорға шайқасының басталғанына 275 жыл (1745)      
275 Зырян кен орнын ашқан Герасим Григорьевич Зыряновтың туғанына 275 жыл (1745) 
270 Сенное (Қатонқарағай ауданы) селосының құрылғанына 270 жыл (1750) 
250 Абыралы өңірінің  (Семей) тумасы, ақын Жанақ Сағындықұлының туғанына 250 жыл (1770-1845) 
240 Жарма өңірінің тумасы, айтыс өнерінің көрнекті өкілі Байқошқарұлы Түбек ақынның туғанына 240 жыл (1780-1870)  
230 Быструха селосының іргесі қаланғанына 230 жыл (1790) 
195 Поперечный ауылының (Риддер) негізі қаланғанына 195 жыл (1825) 
190 Найманның Сарыжомарт руынан шыққан Батыр, ұлт-азаттық қозғалыстың көрнекті өкілі Күркебай Байдосұлының туғанына 190 жыл (1830-1916) 
185 Өлке зерттеушісі Григорий Николаевич Потаниннің туғанына 185 жыл (1835) 
185 Ғалым - этнограф, тарихшы, фолькорист, саяхатшы, ағартушы, кәсіби әскери маман Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың туғанына 185 жыл (қараша 1835 - 10 сәуір 1865)
175 Өлкенің жетік білгірі Андрей Степанович Хахловтың туғанына 175 жыл  (1845-1918)   
165 Үржар ауылының негізі қаланғанына 165 жыл (1855) 
165 Зайсан өңірінің тумасы, әнші, сазгер, домбырашы, айтыскер ақын Ноғайбай Сүлейменұлының туғанына 165 жыл (1855-1923) 
160 Семей қаласындағы Воскресенск Соборына 160 жыл (1860) 
160 Аягөз қаласының тумасы, әйгілі сәулетші, халық ұстасы Баязит Сәтпаевтың туғанына  150 жыл (1870-1954) 
160 Шығыс Қазақстанда марал өсіру шаруашылығы басталды (1860)
155 Шемонаиха селосында тұңғыш мектеп ашылғанына 155 жыл (1865) 
150 Ақын Мағауия Абайұлы Құнанбаевтың туғанына 150 жыл  (1870   1904)
150 Ақын Жанақ Сағындықұлының туғанына 150 жыл (1870  1945)
145 Ұлы Абайдың баласы, ақын, аудармашы Тұрағұл Абайұлы Құнанбаевтың туғанына 145 жыл (1875-1934)   
135 Зайсан уезінің тумасы, (қазіргі Тарбағатай ауданы Ақсуат ауылы) ХХ ғасырдың белгілі қоғам қайраткері, Алаш үкіметінің мүшесі  Биахмет Сәрсеновтың  туғанына 135 жыл «1885-1921)  
135 Марқакөл өңірінің (қазіргі Күршім ауданы ) тумасы, Социалистік Еңбек Ері, аға шопан  Төрсағат Қозыбаевтыңтуғанына 135 жыл (1885-1957) 
135 Билер сьезінде Ұлы Абайдың қатысуымен қабылданған тұңғыш құқықтық құжат «Қарамола жарғысына» 135 жыл (1885. Шар маңы)  
130 Ақын Есенсары Құнанбаевтың туғанына 130 жыл (1890-1960) 
130 Ұлы Абайдың немересі Уәсила Мағауияқызының туғанына 130 жыл  (1890-1954) 
125 Абайдың ұлы Ізкәйілдің туғанына 125 жыл (1895-1929) 
125 Ұлы Абайдың немересі, педагог, күйші, Исрайыл Ақылбайұлының туғанына 125 жыл (1895-1959) 
115 Абай өңірінің тумасы, Қазақ ССР –нің еңбек сіңірген мұғалімі, этнограф, абайтанушы Садық Қасимановтың туғанына 115 жыл (1905-1977) 
120 Кеңес Одағының батыры Иван Ильич Корневтің туғанына 120 жыл  (1900-1945) 
120 Ахат Құдайбердиевтің туғанына 120 жыл (1900-1984)  
120 Бесқарағай ауданының тумасы, ақын, журналист, қоғам қайраткері Ілияс Ысмайылұлы Молдажановтың туғанына 120 жыл (1900-1938) 
120 Жарма ауданының тумасы, талантты актер, ақын, әнші, сазгер, күйші, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Ғали Дүйсековтың туғанына 120 жыл (1900-1978) 
115 Өлкетанушы, орыс тегін жинаушы Рыбаков Василий Алексеевичтің туғанына 115 жыл (1905)                       
115 Семей өңірі, Шыңғыстау болысының тумасы, публицист, қоғам қайраткері, ағартушы-ұстаз, аудармашы Мұсатай Ақынжановтың  туғанына  115 жыл  (1905-1986)  
115 Күршім ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, аға  бақташы Социалистік Еңбек Ері (1948 ) Қойлыбай Аңғышбаевтың  туғанына 115 жыл (1905-1991) 
115 Кеңес Одағының Батыры Ефим Семенович Стрельниковтың туғанына 115 жыл   (1905-1945)      
115 Шығыс Қазақстан құрылыс жобаларына қатысушы, ҚР-ның Құрметті құрылысшы, Социалистік Еңбек Ері  Бәкір Ыбырайұлы Абыраевтың туғанына 115 жыл «1905-1988) 
115 Күршім ауданында халыққа білім беру саласын дамытуға зор үлес қосқан ұстаз Сәдуақас Сарқытбаевтың туғанына 115 жыл (1905-1985)
110 Семей өңірінің тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысушы, аудармашы Оспанов Омарғазының туғанына 110 жыл (1910 - 1988) 
110 Зайсан  өңірінің тумасы, әскери қайраткер, Монғолия әуе күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал- майоры Мүдәріс Жайсанып (Зайсанов) туғанына 110 жыл (1910-1965) 
110 Лениногор (Риддер) кенішінің бұрғышысы,  республикадағы кеншілер рекордының  ұйымдастырушысы, соғыс кезінде Зырян (Алтай) қорғасын комбинаты, Белоусовка полиметалл комбинаты  озық тәжірибе тарату мектебінің тәлімгері  Ленин орденінің иегері Георгий Григорьевич Хайдиннің туғанына 110 жыл (1910-1954) 
110 Зайсан ауданының тумасы, Ұлы Отан соғысына қатысқан, шопан, жылқышы, Социалистік Еңбек Ері  Оспан Байсейітовтың туғанына 110 жыл  (1910 -1977) 
105 Өскемен қаласындағы тарихи- өлкетану мұражайының құрылғанына 105 жыл  (1915) 
105 Өскемен уезінде алғашқы сенбіліктер өткізілгеніне 100 жыл (1920) 
105 Кеңес Одағының Батыры Григорий Артемьевич  Найденовтың туғанына 105 жыл  (1915-2010) 
105 Алтай теміржолы,  Семей-Барнаул-Бийск теміржол тармағының құрлысының аяқталғанына 105 жыл (1915) 
100 Семей музыкалық драма театрының ашлығанына 100 жыл (1920) 
100 100 жыл бұрын П.П. Бажовтың ынтасымен Өскемен театрында мұсылман драмалық труппасы ұйымдастырылды (1920) 
100 Ақын, жазушы, журналисттің туғанына 100 жыл (1920 – 1996) Федот Давыдович Рыльскийдің  туғанына 100 жыл (1920 – 1996) 
95 Аягөз ауданының тумасы, жазушы Қажығұмар Шабданұлының туғанына 95 жыл  (1925-2011) 
95 Бордулиха ауданы «Заветы Ильича» колхозының  диқаны, Социалистік Еңбек Ері Мария Шүлепованың туғанына 95 жыл (1925) 
90 Түрксиб (Түркістан –Сібір) теміржол құрылысының аяқталғанына 90  жыл (1930) 
90 Семей өңірінде қызмет істеген, еңбек ардагері, жазушы, киноматограф Сұлтанбеков Талап Сұлтанбекұлының туғанына 90 жыл (1930) 
90 Үлкен Нарын (қазіргі Катонқарағай ауданы) өңірінің тумасы, тракторшы- комбайнер, Социалистік  Еңбек Ері Александр Емельянович Сычуктың туғанына 90 жыл (1930) 
90 Бородулиха ауданының тумасы, тігінші, Социалистік Еңбек Ері Евдокия Пантелевна Васильеваның туғанына  90 жыл (1930) 
90 Үржар ауданының тумасы, Социалистік Еңбек Ері, тракторшы Василий Семенович Старушкиннің туғанына 90 жыл (1930) 
90 Риддер қаласының Құрметті азаматы, суретші, ақын, Қазақ ССР Халық ағарту ісінің үздігі, Республикалық, Бүкілодақтық өнер фестивалдерінің лауреаты Юрий Георгиевич Хабаровтың  (Рерль) туғанына 90 жыл (1930)   
85 Риддерде Алтай ботаникалық бағының ұйымдасқанына 85 жыл(1935) 
85 Үлкен Нарын ауданының ұйымдасқанына 85 жыл (1935) 
85 Өскемен қаласындағы “Жастар” саябағының негізі қаланғанына 85 жыл (1935) 
85 Семей өңірінің тумасы, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Виталий Васильевич Старковтың туғанына 85 жыл (1935 - 2011) 
85 Үржар ауданы Қарғалы ауылының тумасы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрағұл Қоңыровтың туғанына 85 жыл (1935-1995)  
85 Семей қаласынды тұңғыш  алғашқы жүн өңдеу  фабрикасы іске қосылды (1935) 
80 Риддер қаласының тумасы, суретші Анатолий Артемьевич Акимовтың туғанына 80 жыл (1940-2005) 
80 Глубокое ауданының тумасы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші, Александр Петрович Коробейниковтың туғанына 80 жыл (1940) 
75 Шығыс Қазақстан тумасы, ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, суретші Анатолий Васильевич Бердюгиннің туғанына 75 жыл (1945) 
75 Ұлы ақын, ағартушы Абай Құнанбаевтың туғанына 100 жыл толуына орай М.О. Әуезовтың сценариі бойынша түсірілген «Абай әндері» фильмінің шыққанына 75 жыл (1945) 
70 Семей қаласының тумасы, суретші Евгений Викторович Суховтың туғанына 70 жыл (1950) 
65 Үржар ауданының тумасы, режиссер Әубәкір Рақымовтың туғанына 70 жыл (1950)   
65 65 жыл бұрын Тарбағатай Халық театры ұйымдастырылды (1955) 
65 Лениногор орман мектебі негізінде ашылған орман техникумына  (қазіргі Риддер аграрлы-техникалық колледж) 65 жыл (1955) 
65 Д. Қалматаев атындағы Семей медициналық колледжінің ашылғанына 65 жыл (1955) 
65 Тарбағатай ауданының тумасы, ақын Әділғазы Қайырбековтың туғанына 65 жыл (1955)
60 Лениногор (Риддер) қаласындағы тарихи –өлкетану мұражайының ашылғанына 60 жыл (1960) 
60 Семей қаласының тумасы, бизнес және іскер әкімшілік кафедрасының профессоры, экономика ғылымдарының докторы, РАЕ-нің мүше Корреспонденті, МАИН академигі, Full membero fInternational Academy of Natural History Александр Александрович Кайгородцевтің туғанына 60 жыл (1960)
60 Осыдан 60 жыл бұрын Алматы қаласында Қазақ ССР кітапхана қызметкерлерінің  тұңғыш сьезі өтті. (маусым, 1960) 
55 Семей музыкалық училищесінің (қазіргі М. Төлебаев атын, музыка колледжі) ашылғанына 65 жыл (тамыз, 1965)             
55 Глубокое аудандық «Огни Прииртышья» газетінің алғашқы номерінің  жарыққа шыққанына 55 жыл (1965)
55 Өскемен қаласында тұңғыш бассейннің ашылғанына 55 жыл  («Дельфин»,1965) 
55 Семей қаласының тумасы, суретші, график Юрий Юрьевич Негодаевтың туғанына 55 жыл (1965) 
55 Шар аудандық әскери комиссариатының шақыруымен СССР қарулы күштерінің құрамында Ауған соғысына қатысып, ерлікпен қаза тапқан лейтенант, танк взводының командирі Александр  Викторович  Романовтың туғанына 55 жыл (1965-1988) 
55 Семей облыстық телестудиясының ашылғанына  55 жыл (1965) 
45 Семейдегіорыс драма театрына Ф. М. Достоевскийдің аты берілгеніне 45 жыл (1975) 
30  Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы Абай ауданында Жидебай қорығы - тарихи-мәдени және әдеби - мемориалдық,  экологиялық аймақтың ашылып, мемлекет қамқорлығына алынғанына 30 жыл. (1990) 
20 Семей аймағындағы баспасөз және кітап шығару мұражайына  20 жыл (2000) 
20 Семей қаласындағы Шығыс әскери округының құрылғанына 20 жыл (2000) 
20 Семей полиграфия мұражайына 20 жыл (2000) 

Кітаптар мерейтойлары

130 жыл бұрын  А. Құнанбаевтың "Көлеңке басын ұзартып..." (1890) өлеңі жарық көрді 
130 жыл бұрын  А. Құнанбаевтың  «Жазғытұры» (1890) өлеңі жарыққа шықты 
110 жыл бұрын  Белгілі саяхатшы, И.А. Кастаньенің «Древности Киргизской степи и Оренбургского края» атты еңбегі жарыққа шықты  
105 жыл бұрын Г.Д. Гребенщиковтың «На Иртыше» және «Степные вороны» шығармалары жарыққа шықты
105 жыл бұрын  (1915) Ақын С. Дөнентаевтың «Уақ -түйек» атты алғашқы өлеңдер жинағы Уфа қаласының баспасында жарияланды 
 95 жыл бұрын  (1915) М.Әуезовтың «Қаралы сұлу» әңгімесі жарық көрді 
85 жыл бұрын  М. Әуезовтың «Тастүлек» (1935), «Ақан-Зайра»), «Іздер», «Шатқалаң», «Құм мен Асқар», «Ескілік көлеңкесінде» шығармалары жарық көрді 
80 жыл бұрын  С. А. Аманжолов кирилица негізінде қазақ алфавитін құрастырды  
70 жыл бұрын  М. Әуэзовтың «Абай» романының 3-кітабы жарыққа шықты (1950)
60 жыл бұрын  М. Сарсекеевтің «Тень невидимок»  повесіне 60 жыл (1960) 
60 жыл бұрын

 З. Шашкиннің «Темиртау» романы жарыққа шыққты  (1960)

55 жыл бұрын  М. Сарсекеевтің «От пен атом» кітабы жарық көрді (1965) 
55 жыл бұрын

 Б. Тілегеновтың «Таң нұры» әңгімелер жинағы басылып шықты (1965)

50 жыл О. Бөкейдің тұңғыш әңгімелер жинағы «Қамшыгер» жарық көрді (1970) 
40 жыл Б. Щербаковтың «У озера звенящих колоколов» еңбегінің жарық көргеніне 40 жыл  (1980) 
35 жыл Б. Тілегеновтың «Сені қайдан табамын» романының жарық көргеніне 35 жыл (1985) 
25 жыл О. Бөкейдің «Өнерге өлердей-ақ ғашық едім...» жинағының жарық көргеніне 25 жыл  (1995) 

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений