kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Бәтилә Сағымбек

       Қарт тарих, ертеңіне бер мәлімет,

       Баяғыда байтақ елдің сенде әні көп.

       Жырлайын күміс көмей ұрпағың боп,

       Ұлтына ұран болған, Ер Жәнібек! - деп айтқандай, есімі тарихта қалған батырлардың бірі - Ер Жәнібек. Ер Жәнібек батыр туралы жазбас бұрын тарихтан деректер іздей бастадым. Ол кісі 1714 жылы Сыр бойында туып, 1792 жылы Қызылсу Шар бойында қайтыс болған. Бейіті қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Ортабұлак ауылының жанындағы биік төбенің басында орналасқан. Ер Жәнібек Бердәулетұлы Абылай хан дәуірінде орта жүздің Керей ұлысынан шыққан әйгілі батыр. Қазак халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресте ерлігімен ел есінде қалған, Абылайға арқа сүйеу болған батырлардың бірі. Қазақ тарихында аты аңызға айналған Әз Жәнібек, Шақшақ Жәнібек сияқты «Ер Жәнібек - батырдың халқына берген аты» деседі. Тарихта әйгілі Жәнібектердің ең соңғысы болғандықтан кейде «Ақыр Жәнібек» деп те атаған.

Халық аңызы бойынша Жәнібек киелі батыр ғана емес, асқан шешен де болған адам. Оның бұл қасиеті туралы аңыздар ел арасында күні бүгінге ұмытылмай айтылып келеді. Аңыздар негізінде «Ер Жәнібек» атты төрт жыр бар. Бұлар Абылай дәуіріндегі қолбасылар туралы туындылардың ішіндегі шоқтығы биік жырлардың қатарында.

Соның бірі - 1984 жылы Қытайда «Ұлттар» баспасынан шыққан «Қазақ қиссалары» деген кітаптағы Жәнібек туралы дастан.

Ер Жәнібек, әсіресе қазақ даласының шығысын жоңғар басқыншыларын тазартуда жеке ерлігімен, жеңісті жорықтар ұйымдастыра білген қолбасылық өнерімен ел сеніміне ие болған. Қазақ руларын Зайсан, Алтай өңірлеріне орнықтыруда елге тірек болып, көзінің тірісінде даңққа бөленген. Абылай мен Қабанбайдан бата алған.

Тәуелсіздік алғаннан кейін 2014 жылы Жарма ауданында батырдың 300 жылдығы атап өтілді. Бұл мерекеде киіз үйлер тігіліп, көптеген іс-шаралар өткізілді. Бұл мен үшін, келер ұрпақ үшін үлкен мақтаныш, үлкен бақыт. Ер Жәнібек туралы барлығы білер. Бірақ, Жарма жеріндегі бабамыздың мазарына барып тәу еткені, ұрпағының жалғасқаны деп білемін.

Сағымбек Б. ЕР ЖӘНІБЕК БАБАМ ЖАЙЛЫ ӘҢГІМЕ // "Менің Отанымның аңыздары" Республикалық сайысы: Сайыс шығармаларының жинағы. - Өскемен, 2018. - Б.17.

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений