kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Ұлы Отан соғысына қатысушы Хамитова Кабира Тажитдинқызы туралы

(1921-2001)

Hamitova kХамитова Кабира Тажитдиновна 1921 жылы Шығыс Қазақстан (бұрынғы Семей) облысы Башкуль ауылында қарапайым шаруа жанұясында дүниеге келді.

1937 жылы Башкуль ауылындағы 7-жылдық мектепті аяқтап, Семей фармацевтикалық техникумға оқуға түседі. 1940 жылы техникумды үздік аяқтап Павлодар қаласындағы №1 дәріханаға жұмысқа орналасады.

Сұрапыл соғыс басталысымен, 1941 жылдың шілде айында әскер қатарына дәріханадан үш фармацепт, алты медикті бірден шақырып алды. Алдымен үш ай Чита қаласында, ары қарай Улан-Удэ қаласында №120 санитарлық поезд жасақталды. Кабира поездағы дәріхана басшысының қызметін атқарды. Екі айдан кейін дәрігерлер толық жиналған соң майдан даласынан жаралы жауынгерлерді таси бастады. Санитарлық поезд деген сол госпиталь - жаралы жауынгерлердің жарасын таңып, ем-домын жасап, қажет болса операция да жасалатын.

 Жаралыларды әр жерден - Мәскеу түбінен, Архангельск, Петрозаводск, Вологда т.б қалалардан жинаған. Жау көзіне түспеу үшін, бомбалаудан қашып, жаралыларды түні бойы жинап, Новосібір, Иркутск, Томск, Омск сияқты майдан шебінен алыс қалалардың госпиталіне әкеліп отырған. 1942 жылдың мамыр айында Кабираны Архангельк қаласына Курскден эвакуацияланған гарнизондық №397 госпитальға ауыстырып жібереді. Қарулас достарынан бөліну, күндіз-түні бомбылауға ұшыраған қала госпиталінде жұмыс істеу жас қызға өте ауыр тиді. 1943 жылы госпитальмен қоса оларды Курскіге қайта ауыстырды. Дәл сол кезеңде Орлов – Курск иінінде кескілескен ұрыс жүріп жатты. Госпиталь Курскіге жете алмай қала түбіндегі бір деревняда жасақталып, бір ай бойы жаралы жауынгерлерді қабылдады. Шайқастың күштілігі сондай, күніне госпитальға 1000-нан артық жаралы жауынгерлер жеткізіліп тұрды.

Неміс фашистерінің қатігездігінде шек жоқ, Кеңес Одағының солдаттарына әрдайым оқыстан қиындықтар туғызып отырды. Жеңіліске ұшырап шегінгенHamitova 1945 кездерінде де селолардың құдықтарын қиратып, суларын улап кетіп отырды. Ауыз судың өзін бірнеше шақырымнан тасуға тура келетін. Неміс самолеттері госпитальді жиі бомбылап, атқылайтын. Қысылтаяң кездерде жаралы жауынгерлерді өздерімен бірге ала жүріп қауіпсіз жерге тығылатын. Қолайсыз жағдайларға қарамастан, зуылдаған оқ астында ауыр жарақаттанған жауынгерлерге алғашқы көмек көрсетіп, тіпті палатканың астында операциялар жасауға тура келді. Жеңіске жету үшін өз жандарын аямай қан майданда қаншама жауынгерлер ерлік жасады. Ал ақ халатты абзал жандар жеңісті жақындатуға күш-жігерлерін аямады, қаншама жаралы солдатқа өмір сыйлады.

Hamitova gospitalЖауынгерлерді емдеп, қатарға тұрғызу үшін күніне 16–18 сағатқа дейін жұмыс істеп, ерен еңбек үлгісін көрсетті.  Немістерді шегіндіре отырып, майдан даласы батысқа жылжып, Курск қаласы фашизмнен тазартылды. Қыркүйек айында әскери госпиталь Курск қаласына келіп орнықты.

Көптен күткен Ұлы Жеңісті Курск қаласында қарсы алған Кабира апа елге 1947 жылы аман-есен оралыпты. Кабира апамыз 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Бесқарағай ауылында дәріханада қызмет атқарды. Соғыстан кейін соғыс ардагері Кайрмагамбетов Темірбек деген азаматпен бірге абыройлы жанұя құрып, екі бала тәрбиеледі.

Соғыс жылдарындағы ерліктері үшін «ІІ дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және «Денсаулық сақтау саласының үздік қызметкері» төсбелгісімен марапатталды. Ұлы Отан соғысы жылдарында қаһармандық пен қайсарлықтың зор үлгісін көрсете білген ақ халатты абзал жан Кабира Тажитдиновна Хамитова 2001 жылы 15 қазанда қайтыс болды.

Hamitova kollHamitova kabir

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений