kl kz



>
Шығыс Қазақстан Интернетте
Мәдениеті мен өнері
Туристерге
Тарих беттерінен
Маңызды оқиғалар
«Туған өлкем – тұнған тарих» дәрістер циклы
ШҚО ауылдарының тарихы
Өскемен жайлы не білесіз?
Өскемен қаласының тарихы
Өскемен қаласындағы көшелер тарихы
Ескерткіштер
Аудан паспорттары
Шығыс Қазақстан облысы
Шемонаиха ауданы
Өскемен қаласы
Риддер қаласы
Алтай ауданы
Глубокое ауданы
Зайсан ауданы
Катонқарағай ауданы
Күршім ауданы
Самар ауданы
Тарбағатай ауданы
Ұлан ауданы
Семей қаласы
Курчатов қаласы
Аягөз ауданы
Абай ауданы
Бесқарағай ауданы
Бородулиха ауданы
Жарма ауданы
Көкпекті ауданы
Үржар ауданы
Уланский район
Урджарский район
Шемонаихинский район
Алтын Алтай фольклоры
Алтай аңыздары
Шығыс Қазақстанның музыкалық мұрасы
Шығыс Қазақстанның әдеби мұрасы
Өлке табиғаты
Табиғи қорықтар
Табиғи ресурстар
Шығыс Қазақстанның 25 ғажайып орны
Шығыстың шипажайлары
Барлық-Арасан шипажайы
«Баян» шипажайы
Рахман қайнары
Уба шипажайы
Киелі орындар
Абылайкит
Берел қорымы
Қоңыр әулие үңгірі
Шілікті алқабы
Ашутас
«Алаш арыстары» үйі (Семей қ.)
Семей полигоны құрбандарына арналған «Өлімнен де күшті» монументі (Семей қ.)
Ф.М. Достоевскийдің әдеби-мемориалды үйі (Семей қ.)
«Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені
Қозы Көрпеш пен Баян сұлу мазары
Мұзтау
Шығыс Қазақстан соғыс жылдарында
Соғыс балалары
Кеңес Одағының батырлары
Ардагерлер еске алады
Соғысқа қатысушылар
Партизандар қозғалысы
Тылдағы аналар
Тылдағы ерен еңбек
30 - Гвардиялық дивизия
Брест қамалын қорғауға қатысқан шығысқазақстандықтар
Еңбек армиясы
Өлкетану альманағы
Өлкетану альманағы 2024
Өлкетану альманағы 2023
Өлкетану альманағы 2022
Өлкетану альманағы 2021
Өлкетану альманағы 2020
Өлкетану альманағы 2019
Өлкетану альманағы 2018
Өлкетану альманағы 2017
Өлкетану альманағы 2016
Өлкетану журналы 2014
Өлкетану альманағы 2015
Өлкетану альманағы 2013
Әріптестеріміздің шығармашылығы
Геология
Өлке зерттеушілері
Тарих. Этнография. Мәдениет
Қаламгерлер жайында
Білім беру
Ономастика
Дін
ҰОС жылдарында (1941-1945) ЕҢБЕК АРМИЯСЫ қатарында болған шығысқазақстандықтар
Бейнетоптама
Шығыс Қазақстан әдебиеті
Шығыс Қазақстанның әдеби және есте қаларлық орындары
Фэнзин фантастикалық журналы
Виртуалды көрмелер
Қ. Мұхамедханов: библиографиялық көрсеткіш
Экран дикторы

linka

Өскемендегі тұңғыш типография туралы немесе С. Горлов типографиясына 110 жыл.

 

     Үш ғасырға жуық тарихы бар Өскемен қаласының тарихынан сыр шертетін әр жылғы ашық хаттар алдымда жатыр. Соның ішіндегі ең көнесі 20 ғасырдың басындағы қала көріністері... Сол кездің өзінде ашық хаттар қайдан пайда болды деген сұраққа жауап іздей бастадым. Ашық хаттың артында «Изданіе Т-ва Горлова и Ко. Усть-Каменогорскь» деген жазуға көзім түсті.

     Ал сіз 20 ғасырдың басындағы Өскемен қаласының қандай болғанын көз алдыңызға елестете аласыз ба?

    Ауласы көшеге қараған бір қабатты саман үйлер, қазіргі қаптаған автомобильдердің орнында тұяқтары тарсылдаған ат-арбалар. Міне, мұнаралы өрт сөндіру ғимараты, өрт сөндіру депосынан түсірілген қала көрінісі, Покров соборы...

Қалада су құбыры, теледидар, радио деген мүлдем болмаған.  Тіпті ең қарапайым байланыс- телефон да жоқ еді. Бірінші дүниежүзілік соғыстың алдында «Эхо» кинотеатры  салынған болатын. Қаланың бар салтанаты осы »Эхо» кинотеатры мен 1902 жылы салынған Халық үйі болатын. 1896 жылы ашылған қалалық кітапхана (бүгінгі облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана) қызмет көрсететін.

    Қалада егіншілікпен айналысатын өлке үшін таптырмайтын  ауыл шаруашылық  машиналарын сататын сауда кәсібі жақсы дамып тұрған. Білім беру ісі жолға қойылып балаларды оқытуға көп көңіл бөліген. Жақсы педагогтар шыққан, олардың қатарын жерлестеріміз  А.М. Волков, Е. Н. Пермитин  толықтырған. Е. Пермитин сол кездегі Өскемен туралы өзінің өмірбаяндық «»Жизнь Алексея Рокотова»трилогиясында жазған.             Көне Өскемен қаласының өмірінен, қала көшелерінен, оның маңайынан  сыр шертетін ескі ашық хаттардың артынан «Товарищество Горлов и К»  деген ұсақ жазуларды көруге болады. Ондай көне ашық хаттардың түпнұсқасы  ШҚО мұрағаттар қорында сақталған. Осы пошталық ашық хаттар қайдан пайда болды деген сұрақ көпке дейін зерттеушілерді  ойландырғаны рас. Өйткені  электр жарығы жоқ қалада сол кез үшін аса сапалы полиграфиялық материал шығару мүмкін емес болатын. Кім суретке түсірді, кім өңдеді, кім басып шығарды деген заңды сұрақ туындайды.Уездік кішкентай қала Өскеменді өркениетке жетелеп,  баспа ісінің негізін салған кім екен?

     Өлкетанушылардың көптеген ізденістерінің нәтижесінде Шығыс өңіріндегі тұңғыш типографияның иесі Семен Горлов екендігі белгілі болды. Осы төңіректе зерттеу жұмыстарын жүргізген белгілі өлкетанушылар С. Черных, Г. Щербик, В. Деев т.б. атап өткен абзал.

Шығыс Қазақстандағы полиграфия өнеркәсібі бастау алған Горловтың типографиясының ашылғанына биыл 110 жыл толмақ.  

    Өскеменде баспахана ісінің негізін қалаған Горлов туралы мәліметтер өте аз. Облыстық тарихи - өлкетану мұражайында Горловтың бір топ адамдармен 1908 жылы түсірілген суреті сақталған (суретті қараңыз). Ортада Семен Автономович Горловтың өзі, оның сол жағында отырған әйелі –София Евграфовна, оң жағында отырған баспа ісінің білгірі – Арсений Соколов.  С. Горловтың туған жылы да белгісіз, тек 1920 жылдың қысында қызыл партизандардың қолынан қаза тапқан деген ақпарат сақталған. Большевиктерге қызмет еткісі келмеген С. Горлов типографияның құрал - жабдықтарын Ертіске ағызып жіберген  деген де сөз бар. Баспахана Крепостной тұйық көшесінде (қазіргі Крылов көшесі) (суретті қараңыз) 20 ғасырдың 30 жылдарына дейін сақталған екен.

     Баспахана ісі афиша, бланк қағаздар, жарнамалар жасаумен қатар газет шығарудың да негізін салды десек артық болмас.

     Е. Пермитин, Г. Гребенщиков, П. Бажов, А. Волков сияқты жерлес жазушылардың шығармашылығы Горлов баспаханасымен тығыз байланысты.  А. Волков бірінші қалалық газет «Друг народаны», П. Бажов - өзінің «Известиясын», ал Е. Пермитин -  «Охотник Алтая» журналын осы Горлов баспасынан шығарған. «Смычка» мен «Прииртышский коммунар» да осы жерде жарық көрген.

Г. Гребенщиков өзінің досы А. Беслослюдовқа жазған хатында Өскеменде «Алтайский листок» атты әдеби-көркем апталығын шығару ойында бар екенін, ол үшін С. Горловпен келісіп те қойғанын айтқан.

             

Типография үйінің сақталмай қалғаны әрине өкінішті-ақ... Өлкеміздегі мәдениеттің бастауы болып өркениетке жетектеген  типография тарихы қысқаша осылай.

З. Мұхтарханқызы

А.С. Пушкин атындағы кітапхана қызметкері.

 

 

М.О. Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына байланысты викторина біліміңді тексер

Викторина!

pllinkz

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы

шығыс қазақстан әдеби картасы

Шығыс Қазақстан танымал есімдер

addressbook001

addressbook002

© А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан Облыстық Кітапханасы | Восточно-Казахстанская областная библиотека имени А.С. Пушкина. 1998-2024
Besucherzahler
счетчик посещений